Бөлім мұрағаты

ӘЛ-ФАРАБИ: ЗАМАН, ҚОҒАМ, ӨРКЕНИЕТ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
Биыл Отырардан шыққан ойшыл, ғұлама ғалым, философ әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толып отыр. Бұл қазақ елі үшін ғана емес, әлем философиясы үшін де айтулы оқиға. Себебі әл-Фараби Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған тұлға. Бүгінгі таңда біз бабамыздың мұрасын қалай зерттеп, қалай танып жүрміз? Әл-Фараби қазақ үшін кім? Осы және өзге де сауалдарды журналымыздың «Келелі […]

ҒҰЛАМАНЫҢ РУХАНИЯТ ЖАЙЛЫ ТРАКТАТЫ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
 2020 жылдың 29-қаңтарында ЮНЕСКО-ның қолдауымен ежелгі Отырардың  (Фарабтың) ұлы перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы республикамызда үлкен салтанатпен басталды. Отырар арабтар жаулап алғаннан кейін Фараб атанып, ортағасырлық араб-мұсылман өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан «әл-Фараби» («Фарабтық») ныспылы көптеген ғалымдарды өмірге әкелген киелі топырақ. Менің тарихи-деректанулық зерттеулерім Отырардан шыққан отыздан (30) астам әл-Фарабилердің болғанын анықтап отыр. Солардың  […]

Жаназа және жерлеу рәсімдері

  • 02.06.2017
  • Пікір жоқ
Ершат ОҢҒАРОВ, PhD докторы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан Ғұламалар кеңесі құрылғаны көпшілікке мәлім. Бұл Кеңес дініміздің дамып, руханиятымыздың нығаюына қандай үлес қосып келеді? – 2013 жылы еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Мал­ғажыұлының бастамасымен құрылған Ғұламалар кеңесі бүгінде пәрменді мекемеге айналды. Бүгінде Кеңестің құрамында 17 ғалым жұмыс істейді. Кеңестің негізгі мақсаты – Ислам негіздеріне […]

Ауыл экономикасы қандай күйде?

  • 01.02.2017
  • 2
Мырзагелді Кемел,  экономика ғылымдарының докторы Кеңес үкіметі тұсында тұрақты даму үстінде деп саналған ауыл шаруашылығы саласында көзге ұрып тұрмаса да, бітеу жара сияқтанып іштен тынып келе жатқан екі проблема бар екені кейінірек, 1985 жылғы қайта құру дәуірінен айқын байқалды. Олар, біріншіден, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің эндогендік экономикалық стимулдарының жеткіліксіздігі еді. Бұл жағдайда кәсіп­орындарға өндіріс көлеміне орталықтандырылған […]

Қаланың ауылға көмегі

  • 01.02.2017
  • 4
Дина Имамбай, әлеуметтанушы Ауыл жайында сөз қозғалса, ауыл шаруашылығы қатар аталады. Аграрлық сала еңбеккерлері де ауыл тұрғындары. Бірақ, еліміздің ауыл шаруашылығындағы нақты өсім көлемінің артуына қарамастан, ауыл  мәселелерінің бірқатары шешімін әлі де табар емес. Бұл  ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасындағы ма­ңызды бағыттардың  бірі болғанмен, ауылды дамытуға серпін бере алмай отыр­ғанын көрсетеді. Оның себептері әрқилы. Соның ішінде, […]

ҚАЗАҚ ҚАЙТКЕНДЕ ҚАЗАҚ БОЛЫП ҚАЛАДЫ?

  • 10.01.2017
  • 2
Дина Имамбай, әлеуметтанушы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жаңа мыңжылдықта көптеген сын қатерлерге тап келіп отыр. Алдағы уақытта ұлттық мемлекет болып сақталып қалу-қалмау мәселесі қазақтың қазақ болып қалуына тікелей байланысты. Елдің, қоғамның, бүкіл бір ұлттың тағдыры айқындалатын тұста билікке де, әрбір жеке адамға да артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Қазақтықтан айрылмау – қазақтың ұлттық болмысы, дүниетанымы, тілі, ділі, […]

ҰЛТ ІСІНДЕ ҰСАҚ-ТҮЙЕК ЖОҚ немесе ҚАЗАҚ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

  • 10.01.2017
  • 1
Дина Имамбай, әлеуметтанушы Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша этникалық факторлар өзектілене түсуде. Бұл ең алдымен жаһандану үдерістеріне, әлем елдерінің интеграциялануына, геосаяси мүдделерден туындаған миграциялық үдерістердің күрделі сипат алуына және т.б. этникалық негіздегі мәселелерге тығыз байланысты. Ұлттық сананың өсуі нақты іс-әрекеттерге себеп болып, жаһанның географиялық картасына өзгерістер енгізілуі тоқтайтын емес. Мұның бәрі ұлттық үрдістердің әрбір мемлекет үшін […]

Желтоқсан – 1986: саяси қарсылықтың мәні мен сабақтары

  • 07.11.2016
  • 1
Амангелді  Айталы, профессор Ерекше саяси құбылыс Кеңестік Қазақстанда 80-жылдары сырт көзге ұлттар арасында түсіністік қатынас қалыпты, достық пен сыйластық үйреншікті жағдайға айналған,  халықтың партияға сенімі берік, мазасыздануға негіз жоқ сияқты еді. Ұлттардың бірлігі, аралас некелер, олардың бір-бірімен сіңіскені соншалықты, тіпті, бөліну, метрополияға қарсылық туралы ойлаудың өзі мүмкін емес сияқты болды. Міне, осы ұлттар достығының лабораториясында […]
Бет 1 ден 912345 » ...Соңы »

Мұрағат

error: Content is protected !!