Бөлім мұрағаты

Қазақстанда көлік бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін

  • 15.01.2015
  • Пікір жоқ
Қазақстанда көлік бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін, – деп хабарлайды "Колеса" ресурсы. Astana Group компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловтың пікірінше, отандық көлік нарығы осы жылдың жартысына дейін Ресей рублі девальвациясының ықпалында болады. Сондықтан, қазақстандық автобизнеске бұл сынаққа төтеп беру үшін сатып алушыларға көрші елдегімен бірдей жағдай жасау керек. Бұл орайда, Смағұлов қазіргі уақытта ЕАЭО автонарығындағы жағдайды тұрақтандыру бағытында және […]

Әкімдік ғимаратын жармақ болған азамат бұл қадамға не үшін барғанын айтты

  • 14.01.2015
  • Пікір жоқ
Кеше Алматының бүкіл шұғыл қызметі аяғынан тік тұрды. Күндізгі 12-лер шамасында қалалық әкімдіктің ғимаратына белгісіз азамат кіріп кетіп, "менде бомба бар" деп қорқытқан деп хабарлайды КТК арнасы. Артынан әкімдік ішіндегі бөлмелердің біріне кіріп алып, "ғимаратты жарамын" деп жұртты дүрліктірді. Шенеуніктермен бірге әкімдіктің қарсы бетіндегі кеңселердің де адамдары шұғыл сыртқа шығарылды. Ондаған жеке компанияларды айтпағанның өзінде […]

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай оның өмірі мен қызметіне арналған кітап жарыққа шықты

  • 14.01.2015
  • Пікір жоқ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының Ғылыми кеңесінің ұсынысымен Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметіне арналған жаңа еңбек жарық көрді. Ұлы ғалымның 100 жылдығына арналған кітап жазушының туған жылынан бастап, өмірінің соңына дейінгі аралықты қамтып отыр. Бұл еңбек «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен шығарылды.  Ғылыми-танымдық тұрғыдан жазылған бұл шығармада Алматы мемлекеттік және […]

ҚР Қаржы министрлігінде бірқатар тағайындаулар болды

  • 14.01.2015
  • Пікір жоқ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы аталмыш ведомствоның ресми порталында хабарланған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Мұхтар Таңатұлы Бейсембаев алмастыру тәртібімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы ретінде атқарып отырған қызметінен босатылды.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Айдар Зейноллаұлы Мекебеков Қазақстан […]

Қазақстандық жүргізушілер айыппұлдарды 50 пайыз жеңілдікпен төлей алады

  • 14.01.2015
  • Пікір жоқ
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін төлейтін айыппұлдың көлемін екі есе азайтуға мүмкіндік алды. Kolesa.kz басылымының мәліметінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекстің 811-бабына сәйкес, айыппұл салынғаннан кейін оны 7 күн ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік алады. Бірақ мұндай жеңілдікті жол полицейлері салған айыппұлдарда ғана болады, яғни жүргізуші жол ережесін бұзған кезде […]

Алматы әкімдігін жарып жіберем деп қорқытқан азамат полицияға берілді (фото)

  • 14.01.2015
  • Пікір жоқ
Алматыда әкімдігіне қолында жарылғыш зат салынған шабаданы бар белгісіз біреу кіріп кеткен. Осыдан соң, КТК, НТК, МИР, Евразия арнасы мен әкімдік қызметкерлері сыртқа шығарылды. "Әкімдікке "мина қойылған. Енді міне, сыртта тоңып тұрмыз. Кім болса да, жақсылап көңіл көтеруде", – деп жазды КТК арнасының журналисі Алексей Рыблов Facebook желісіндегі парақшасында. "Қолында жарылғыш шабаданы бар, 37 жастағы […]

Алматыда «Алтын қалам-2014» ұлттық әдеби байқауының қорытындысы жарияланды

  • 14.01.2015
  • Пікір жоқ
Бүгін Алматыда «Алтын қалам-2014» ұлттық әдеби байқауының қорытындысы жарияланды. «Жылдың ең үздік поэзиясы» аталымы бойынша қазақ тілінде Астана қаласының тұрғыны Оразбек Сапарханның «Жол» өлеңі, ал орыс тілінде Дулат Сағнаевтың «Жолжүк бөлімі» атты өлеңі жеңіске жетті.   «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша қазақ тілінде алматылық журналист Сәкен Сыбанбайдың «Мұңлық» шығармасы, ал орыс тілінде Сәтбаев қаласының […]

Үкімет үйінде Жеңістің 70 жылдық мерекесіне әзірлік мәселелері талқыланды

  • 14.01.2015
  • Пікір жоқ
 Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін әзірлеу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Отырысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, ҰОС ардагерлерін және […]
Бет 8 ден 64« Басы...«678910 » 203040...Соңы »

Мұрағат

error: Content is protected !!