Бөлім мұрағаты

«Бар айтарым: арзан атақ әперме…»

  • 20.12.2017
  • Пікір жоқ
(Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің рухына арналады) Самал Дәрібайұлы, аға оқытушы Атадан алтау тусақ та Аллаға дара пендеміз ғой, ата! Мына фәни-жалғанда жер басқан пенденің бір-біріне әкелі-балалы, ағалы-інілі болып бауыр басатыны бар. Тек Жаратқан Иеміздің оларды бір-бірінен бірде тым ерте, бірде асықпай ажырататынына не дерсіз. Солардың алғашқысының санатына біз де жазылыппыз, ата. Тағдырдың пешенемізге бұйыртқаны сол болар, […]

«ИЗМДЕРДІҢ» НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ – АҚИҚАТТАН АЖЫРАУ

  • 20.12.2017
  • Пікір жоқ
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы… Абай Қалшабек, жазушы Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиеттанытқышта» дүниені «табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе» һәм «адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе» деп екіге бөледі де, «табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады; адам ісінен шыққан жасалынды нәрсенің бәрі өнер дүниесі болады» деп тұжырымдайды. Демек, адам ісінен шыққан нәрсенің бәрі – […]

Өркениеттер бесігі елінде

  • 15.11.2017
  • Пікір жоқ
Кенжеболат Жолдыбай, саясаттанушы Сапарға жиі шығу адамға бақыт сыйлайды деген сөз бар. Гарвард университетінің (АҚШ) ғалымдары Британияның «CancerResearch» зерттеу орталығымен жеті жыл бойы бірлесіп жасаған зерттеу қорытындыларына сүйенсек, адамның бақытты болуы үшін айына 1-2 рет сапарға шығу жеткілікті деген тұжырым жасалған. Мен үшін Ұлы Ніл мен Мәңгілік пирамидалар еліне бет бұрған бұл жолғы сапар 12 […]

Әшімбаев және әлем әдебиеті

  • 14.11.2017
  • Пікір жоқ
Серік НҰҒЫМАН, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаев туралы сөз болғанда жиі, қайталана беретін бір сөз бар. Ол – «аса білімді еді» деген тұрақты тұжырым. Еш жалғаны жоқ, шын сөз. Сыншының артында қалған мол мұрасын парақтап шыққанда, осы тұжырымның ақиқат екеніне анық көз жеткізесіз. Және осы ұланқайыр мол қордың қомақты бір бөлігін әлем әдебиеті туралы терең білімнің […]

Бозаңға біткен боз жусан

  • 14.11.2017
  • Пікір жоқ
Ақындардың алпыс, жетпіс жылдығына арналған ме­рейтойлық мақалаларға көз қырымды көп сала бермеймін. Жү­ректің алтын қойнауын жарып шыққан ыстық ықыласпен емес, ағалық немесе інілік ізетін білдіру үшін ғана, қала­мының сиясын сығымдап қағазға түсірген, сыршыл сурет­кердің жұмбақ әлемі ашылмай қалған ондай дү­ниелерді оқығаннан ләззат таппайсың. Соған қарамастан, ақын биік белесті бағындырып, алпыстың асқар шыңына аяқ басқанда, «оның […]

…Ғашық болып ғайыпқа…

  • 14.11.2017
  • Пікір жоқ
Аманғазы Кәріпжанәулеті, ақын Ақын  Роза  Қараеваның  «Назқоңыр»  жыр  кітабымен  тілдескенде Бірде белгілі ақын, марқұм Қайрат Әлімбек маған бір әңгімесінде: – Өзі де, өлеңі де салмақты, бойында ерекше биязылық, ұстамдылық қасиет бар, – деп еді. Оның мезгеп отырғаны – суреткерлігімен таныла бастаған жас ақын Роза Қараева болатын. Мен әскер, Желтоқсан көтерілісі және басқа да жағдайлармен ҚазМУ-дың […]

Қазақ әдебиетіне модернизм мен постмодернизм керек пе?

  • 14.11.2017
  • Пікір жоқ
Нұрдәулет Омарбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті Гомер ақынның атақты «Иллиадасында», Гректерге Троя қаласын жаулап алуы үшін, өнер туындысының сеп болғаны бəрімізге таныс оқиға шығар? Ағаштан қиып жасалған аттың алып мүсіні, Троя халқының жеңіске жеткендеріне сендіріп, бөріктерін аспанға атуына жеткілікті болыпты. Дегенмен, бұл оқиғаның соңы немен тынарын айтып жатудың өзі артық. Айтпағым, мүмкін, Гомер ақын […]

Есімдегілер

  • 08.11.2017
  • Пікір жоқ
ЕНДІ… ҚАДЫР АҒАНЫҢ МЕНІ ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕГЕНІ ТУРАЛЫ  (оны мен араға жылдар салып барып түсіндім…) Бұл оқиға, өткен ғасырдың жетпіс бесінші жылы болған. О кезде Қадыр аға Жамбыл мен Байзақов көшесінің қиылысындағы, сол кездегі ақын-жазу­шылар тілімен айтқанда «сараңдардың сары» үйінде тұратын (шындығында олай емес еді…оның өзіндік сыры бар). Бір күні бойымда ана заһардың аздаған уыты бар, […]
Бет 8 ден 12« Басы...«678910 » ...Соңы »

Мұрағат

error: Content is protected !!