Бөлім мұрағаты

ОРЫС-ШЫҒЫС КЕЛІСІМІ

  • 23.12.2013
  • Пікір жоқ
Ысмайыл Гаспыралы Ойлар, жазбалар, тілектер 1881 жылы мен «Орыс мұсылмандығы» атты шағын ғана кітапша жариялаған едім. Мұнда Ресей аумағында тұратын мұсылмандарды ағарту мен олардың орыс­тармен тығыз жақындасу мүмкіндігіне қатысты шаралар жөнінде айтқам-ды. Сонда «орыс адамы өзіне тумысынан тән қарапайым, қайырымды, адамгершілік қасиетімен әр түрлі халықтармен жеңіл үйлесім тауып, жақсы сыйысып кетеді» деген едім. Мұсылмандардың Русьте […]

Пирамидаларды салған кім?

  • 05.11.2013
  • Пікір жоқ
Бекжан Бейсенбай, отырартанушы «Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата- бабаларым үстемдік құрған. Дүниенің төрт бұрышы оларға дұшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышын түгел бағындырған. Олар кемеңгер де, ержүрек қағандар болған. Олардың қызметіндегілер де білгір, ержүрек болса балалары да халықпен ынтымақты […]

Кумамото

  • 16.09.2013
  • Пікір жоқ
Шарафат Жылқыбаева, жапонтанушы «Кодекс куманикус» жазылған дәуір­­де Жапонияның Кюсю аралының Ба­ты­­сында Кумамото мемлекеті өркен жайған. Солтүстігінде Фукуока, Солтүстік Шығысында Оита, Шығысында Миядзаки, Оңтүстігінде Кагошима префектураларымен шектесіп жатқан Кумамото тарихи деректерде, Күншығыс фольклорында Хиго мемлекеті деген атаумен белгілі. Таулы өлкенің Амакуса аралы табиғи бақ ретінде танылған. Жазғытұры гүлдейтін, дүниежүзі бойынша тек Жапонияның Кюсю өңірінде ғана өсетін […]

АШТЫҚ ЖӘНЕ СОҒЫС. САНАНЫҢ КҮЙЗЕЛІСІ…

  • 03.06.2013
  • Пікір жоқ
Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ, жазушы Редакциядан: Аштық пен соғыс туралы қалай жазып не айтпасақ та, ол – трагедия. Халық қасіреті. Соған қарамай, бұған дейін көбіне-көп осы бір қос қасіреттің ұлтқа тигізер зияндығының демографиялық және сандық жағына тоқталып келдік. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, Таласбек Әсемқұлов, мақаласында аштық пен соғыстың ұлтқа рухани және сапалық жағынан қаншалықты әсер еткенін тілге […]

ДІН – ДІЛДІҢ ДІҢГЕГІ

  • 01.04.2013
  • Пікір жоқ
Бақтияр СМАНОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор  Дін – қоғамдық сананың маңызды түрі ретінде тамыры тым тереңге жайылған жалпыадамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі. Бұл – әр елдің, әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алатын құндылық. Дін арқылы кез келген тірі пенде қоршаған ортаны, төрткүл дүниені танып білудің, оны рухани меңгерудің жолдарын қарастырады. Бүгінгі біз өмір […]

Жеті ата және шежіре

  • 09.01.2013
  • Пікір жоқ
Әлем халықтарының салт-саналарымен салыстырғанда ұлттық мәдениетімізде мақтанышпен айтатын қасиетті дәстүр­леріміз баршылық. Соның бірі – ата-бабамыздан жалғасқан, бүгінгі күндегі озық медицинаның дәлелдеуінен өткен жеті аталық ұстаным, жеті атаға толмай қыз алыспайтын қазақи шежірелік жүйе. Ол – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында ата-тектің жалғасуын реттейтін қасиет. Осыған байланысты ежелден бері қазақ халқында өзінің жеті атасын білуі әрбір азаматтың борышы болып […]

ҰЛТ ДЕГЕНІМІЗ ҰЛЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

  • 08.10.2012
  • Пікір жоқ
Амангелді Айталы, философия ғылымдарының докторы, профессор Интегралдық теория Тегі орыс, көрнекті американдық ғалым П.А.Сорокиннің ұлт теориясымен әдейі айна­лыспағаны, тіпті, ұлтқа нигилистік көз­қарас ұстанғаны белгілі. Бүгін біреулер, ол ұлт­тың ақиқаттылығына күмәндәнді десе, екіншілері XX ғасырдың аяғында кең өріс алған теориялардың ғылыми негізділігіне күдіктенді дейді. Дегенмен, 1917 жылғы революциялардан кейін Ресей империясы ыдырай бастағанда, П.А.Сорокин ұлт мәселесі […]

ҰЛТ ДЕГЕНІМІЗ ҰЛЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

  • 20.09.2012
  • Пікір жоқ
Амангелді Айталы, философия ғылымдарының докторы, профессор Ұлттық-этникалық қауымдас­тық­тардың теориялық мәселелерін талдамас бұрын, ұлттық фактордың ұдайы өсуі және пікірталастарға толы ұлт (этнос) жөніндегі терминологиялық проблемаларға назар аударайық. Соңғы 20-30 жылда этникалық мәсе­лелерге назар аударыла бастауының айқын себептері де бар. Біз өмір сүретін орта – көп этностық. Әлемде 200-ге жуық мемлекеттердің шамамен 20-ға жуығы бір этносты деп […]
Бет 5 ден 6« Басы...«23456 »