Бөлім мұрағаты

ОТАРШЫЛДЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ МЕНТАЛЬДІЛІК МӘСЕЛЕСІ

  • 08.11.2012
  • Пікір жоқ
Бауыржан ОМАРҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор Ұлттық ұстын, ұлттық мұрат қай кезде де әдебиеттің алтын арқауы болып келгені баршаға мәлім. Біздің әдебиетіміздің де басты белгісі осыдан көрінеді. Әсіресе, бұл руханият тарихынан бағасын алған отаршылдыққа қарсылық поэзиясынан айқын байқалды. Жыраулық дәстүрден нәр алған бұл құдіретті өлең-жырлар – «басы барды идірген, тізесі барды бүктірген» ұлттық менталитетіміздің жемісі. […]

Ғылым және философия

  • 05.10.2012
  • Пікір жоқ
Досмұхамед Кішібеков, академик, Тимур Кішібеков, профессор Болон келісімі бойынша қазір барлық жо­ғары оқу орындарында магистранттар мен докторанттарға «Ғылым тарихы мен философиясы» атты жаңа пән оқылатын болды. Бұл бұрынғы аспиранттар мен студенттерге оқылып келген «философия» пәнін жоққа шығару емес керісінше жастарды жан-жақты білікті маман етіп дайындаудағы жаңа қадам және жоғары талап болып табылады. «Философия» бастауыш білім […]

Жылқының поэтикалық бейнеленуі

  • 07.08.2012
  • Пікір жоқ
Жанат Аймұхамбет, филология ғылымдарының докторы Жылқы малының поэзияда ерекше асқақ шабытпен жырланғанына әлемдік және ұлттық поэтикалық үлгілерден тамаша мысалдар келтіруге болады. Орыс зерттеушілері ХҮІІІ–ХХ ғасырлар поэзиясына статистикалық шолу жасағанда, жылқы бейнесі 95 рет негізгі мәнде қолданғанын айта отырып, орыс поэзиясындағы анималистік бейнелердің ішінде басты орынға ие болғанын айтады [1,15]. Қазақ поэзиясына келсек, бұл есеп барынша […]

Жаһандану жағдайындағы әдебиет

  • 16.07.2012
  • Пікір жоқ
Дандай Ысқақұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Адамзат баласының жер бетінде адам болып, бақытты ғұмыр кешуі үшін екі нәрсе керек. Ол – тән азығы мен жан азығы. Тән азығы адамның тірі жан ретінде өмір сүруін қамтамасыз етеді. Тән азығына мате­риалдық қажеттіліктерді қам­та­масыз ететін азық-түлік, киім-кешек, баспана, көлік сияқты адамның күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететіндер жатады. Бұлар – […]

Ілияс Жансүгіров «Жалғыздығы»

  • 21.05.2012
  • 1
Ерлан ҚАСЕНОВ, филология ғылымдарының кандидаты Адам баласының когнитивтік санасында «жалғыздық» концептісі* ерекше орын алғаны белгілі. Себебі, өлімнің алғышарты да кейінгі салдары да адам баласының қайғыру әрекетіне ұласып, белгілі уақыт өлшеміне сәйкес жекеленуге, яғни, жалғыздыққа әкеліп тірейді. Бұл – жаратылыстың бұлжымас заңдылығы. «Жалғыздық» – ислам дінінің тірегі Таухид ілімінің негізгі ұғымдарының бірі. Жалғыздық – тұтас жаратылысты, […]

Мұрағат

error: Content is protected !!