Бөлім мұрағаты

«ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСІ»

  • 05.11.2013
  • Пікір жоқ
Жания Әбдібек, журналист Бұл күндері адамзат баласы үшінші мыңжылдықты басынан өткізуде. Әлемдік экономикалық, саяси, мәдени текетірестер мен өркениеттер қақтығысы да осынау кезеңде жүріп жатыр. Дүниежүзін ғаламдастыру салқыны шарпуда. Міне, осы тұста, сөз жоқ қазіргі қазақ мәселесін жан-жақты талдап-талқыламау мүмкін емес. Оны алдымен үш бағыт-бағдарда алып қараған жөн. Бірінші ұлтымыздың мемлекеттік (саяси), екінші қоғамдық (әлеуметтік-тұрмыстық), үшінші […]

Ұлтшыл болу ұят па? (Мәні жоғалмаған мақаладан)

  • 05.11.2013
  • Пікір жоқ
Сәбетқазы Ақатаев, жазушы Қазіргі Қазақстанның əлеуметтік-саяси ақыл-ой айдынында ұлтшылдықтың бірімен-бірі қабыспайтын, біріне-бірі қарсы тұратын екі түрі бар. Бірі – «ұлы», əміршіл, отарлаушы ұлттың қаскөй ұлтшылдығы. Екіншісі – жергілікті, тоналушы, отарланушы «кішкентай» ұлттың «ұлтшылдығы». Бұл – қазақтың қара тілімен айтсақ, ұлтжандылық, патриоттық. Демек, ұлтшылдық санына қарай «ұлы» жəне «кішкентай», сипатына қарай өктемшілдік жəне азаттыққа ұмтылыс түрінде […]

«БІЗ БІР ҰЛТТЫ, ПОЛИЭТНОСТЫ МЕМЛЕКЕТПІЗ»

  • 05.11.2013
  • Пікір жоқ
Ерғали Омарғазы, саясаттану ғылым­дарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ саясаттану кафе­дра­сының доценті − Қазақстандағы қазақ халқының рөлі қандай? Мемлекетті құрушы ұлт па әлде полиэтникалық Қазақстан халықтарының бірі ғана ма? Қай жағы басымдау? − Қазіргі таңда осы сұрақ өте өзекті болып отыр. Қазақстан полиэтникалық мемлекет болғанымен, ондағы мемлекетті құрушы, яғни титулдық ұлт − қазақ халқы. Бұл біріншіден, […]

Қазақ интеллигенциясы және дін мен мешіт

  • 16.09.2013
  • 6
  Ақбота ИСЛӘМБЕК, журналист   Қазір қазақ интеллигенциясы дәс­түрлі, өзімізге тән мұсылмандықты ұлт­тық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен бай­ланысқан, моралі ұлтық-исламдық ба­ғыт-бағдарда жалғастырмай, сырттан телінген араб, түрік, Иран, Пәкістан не­гізінде жалғастырып жатқан сияқты. Мұхамедсалық Бабажанов тарихшы-этнограф ретінде «Біздің мұсылмандарды патшалық Ресей қазақ даласына татар молдаларын кір­гізу арқылы бұзып жатыр» дейді. Соның ықпалынан біздің дәстүрлі дініміздің бұзылып жатқанын жеткізеді. […]

Нағыз зиялы хақ діннің қаһармандары

  • 16.09.2013
  • Пікір жоқ
Зиялылық байлықпен, мансаппен өлшенбейді Зиялы деген кім өзі? Ол қандай бол­­мақ? Оның ерекше бір қатаң қағи­далары мен ерекшеліктері бар ма? Міне, мұндай сауалды ел басшысы да өзіне қоюы ықтимал. Өйткені, зиялылық биік лауазыммен өлшенбейді. Тіпті, осы сауалды тауық соятын жұмысшы да, аяқкиім жамайтын етікші де өзіне қоюға қақысы бар. Себебі, зиялылық адамның кәсібімен бағаланбайды. «Ғылымның […]

Діни ұғымдарды тар шеңбермен шектеудің зардаптарын көріп отырмыз

  • 16.09.2013
  • 3
Мұртаза Бұлұтай, дін танушы – Соңғы кездері дін және интеллигенция ұғымдарының арасындағы байланыс көптеп талқыланып жүр. Жалпы, бұл екі ұғымды не байланыстырады, әңгімемізді содан бастасақ… – Алдымен діннің не екенін және ин­теллигенцияның не екенін түсініп алайық. Осы екі ұғымның мағынасын дұрыс түсін­бесек, онда сұраққа дұрыс жауап бере алмаймыз. Орыс тіліндегі «религия» сөзін «дін» деп немесе […]

Тарихты кім жазады және қалай, не үшін жазады?

  • 05.08.2013
  • Пікір жоқ
Ақбота Исләмбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің 4-курс студенті   Соңғы жылдары Ресей және басқа да алысты-жақынды шетел басылымдарында тарих ғылым ба, әлде басқа ма деген мәселелер төңірегінде қилы-қилы әңгімелер қозғалып, оны кім жазады және қалай, не үшін жазады дегенге саятын әңгімелер де кеңінен талқылануда. Шындығында да, тарих дегеніміз не, сосын ол неге керек, оны […]

«Бұл – мемлекеттік деңгейде көңіл бөлетін құбылыс»

  • 05.08.2013
  • Пікір жоқ
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхамедханұлы: – Жазушы ғалым Тұрсын Жұртбай «Талқы» атты еңбегінде: «Ақыл мен ой­дың, ғылымның кемеліне келген қазіргі за­мандағы кез-келген мемлекеттің тарихы – сол елдің мүддесін көздейтін, өткен оқи­ғасының өзін бүгінгінің көзқарасына бейімдеп, тігісін жатқызып жазылған тарих» – дейді. Сіздің ойыңызша, Қазақтың тарихы тәуелсіздік тұрғысынан зерделеніп, ұлттық мүддеге сәйкес жазылып жатыр ма?
Бет 13 ден 16« Басы...10«1112131415 » ...Соңы »

Мұрағат

error: Content is protected !!