Month: наурыз 2020

ЕҢ АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ ЕҢ ҰЛЫ ТҮРКОЛОГ

  • 02.03.2020
  • Пікір жоқ
Жанғара Дәдебаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Түркология ғылымы – әлемдік ғылыми ойдың телегей-теңіз іспетті ең ірі саласы. Махмұт Қашқари (Махмұт ибн ал-Хұсейн ибн Мұхаммед ал-Қашқари) – осы ғылымның негізін қалаған ғұлама, дүние-әлемдегі ең алғашқы және ең ұлы түрколог. Ғұламаның Қашқари аталуы оның Қашғарда білім алып, сонда тұруымен байланысты. Атамекені – Баласағұн, Барысхан, Талас, Шу өңірі.Өмір […]

ҚИЛЫ ЗАМАН НЕМЕСЕ ТҰЛҒАЛАР ТАҒДЫРЫ…

  • 02.03.2020
  • 2
Сабыр Сеңкібаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор «…Жақсы ма, жаман ба, әділетті ме, әділетсіз бе – әр елдің меншікті тарихы бар. Сондықтан, оның жақсысын асырып, жаманын жасыру немесе түрлі косметикалық бояудан өткізуге тырысу– адамзат қоғамы алдында кешірімсіз күнә. Өйткені, ұрпақ өз ата тарихын өзге елдердің даму, шарықтау, құлдилау кезеңдерімен немесе оған себеп болған сан қилы оқиғалармен […]

ШИМАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ (Эссе)

  • 02.03.2020
  • 1
Ғарифолла Есім, ҚР ҰҒА академигі, жазушы, профессор, философия ғылымдарының докторы Есі толық енбеген бала қолына қарындаш, қалам алса ақ қағаз бетін шимайлай бастайды. Бұл керемет. Алғашқы шығармашылық ізденіс. Өзін өзгеге таныту тәсілі. Сәбидің «мені» қалыптасып келеді. Қолға қалам алу шимайлау сәбидің көңіл шуағы. Ол сол шимайды әке-шешесіне, үлкендерге көрсетеді, қоштау күтеді. Бірте-бірте шимайдан сурет шыға […]

ОН БЕС ОЙ (еркін толғам)

  • 02.03.2020
  • Пікір жоқ
Сөз мырзадан түйіндемелер Жолтай Әлмашұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «… Жұртшылық жүрегін жылытып, санасын сілкілеп, кім екенін, қайдан шыққанын және қайда бара жатқанын айнадан көрсеткендей етіп, алдына сый-сыбаға етіп тарта алар татымы бар Ұлттық идеология керек!..» *** «…Ханның айтқанын қара да айта алады, тіпті асырып та айта алады, алайда, қараның сөзінде қадір бар ма? Апырмай, […]

«КАПУСТИН ЯР» ӘКЕЛГЕН ҚАСІРЕТ

  • 02.03.2020
  • Пікір жоқ
Бақтылы Боранбаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты АҚШ пен КСРО арасындағы «Қырғи қабақ» соғыс кезінде Кеңес өкіметінің территориясында құрылған әскери нысандардың бірі Қазақстанның батыс аймағындағы «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондары болып табылады. Бұл екі полигонда ядролық қарумен бірге, ұшақтар мен зымырандар сынақтан өткізілді. 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін […]

АҢЫЗ АКАДЕМИКТІҢ АЛТАЙТАНУДАҒЫ ТАРИХИ РӨЛІ

  • 02.03.2020
  • Пікір жоқ
Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ, Астана Қаржы академиясының профессоры Шығыстану саласында есімі әлемге танымал академик, ұлы ғалым Бямбын Ринчен – алтай тобына жататын тілдердің бәрін дерлік жіті зерттеген лингвист қана емес, жалпы алтайтану ғылымының білгір маманы болды. Алтай тілдері шығу түп-төркіні жағынан туыс екендігін ол былайша атап көрсетеді: «Белгілі бір тілдің шығу тегін зерттеп, оның қай тілдермен туысатынын […]

ҰЗАҚ ЖАСАЙТЫН ЕЛ

  • 02.03.2020
  • Пікір жоқ
Шарафат Жылқыбаева, жапонтанушы Әрине, өмірдің құпиясына бойлау екі аяқтының қолындағы шаруа емес. Әркім пешенесіне жазғанын көреді. «Мен бақыттымын, өмірден осы жасыма дейін көп нәрсе алдым, бар ойлаған мақсатыма жеттім» немесе «Тағдыр маған тауқыметті үйіп-төгіп берген екен, көрмеген азабым бар ма?» деуге болмайды. Тіпті, бұлай ойламаңыз да, себебі, өмір сізді естіп қояды» деген екен бір ойшыл […]

ЦИФРЛАНДЫРУ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

  • 02.03.2020
  • Пікір жоқ
Өміртай ЖӘЛЕЛОВ, Жезқазған университетінің профессоры Тәуелсіздік жылдары – көптеген ауқымды игілікті істер атқарылды. Алланың құдіретімен жетістіктеріміз баянды бола берсін. Сол игі істердің бірі – цифрландыру ұғымының пайда болуы. Цифрландыруды бұрын естімедім. Естігендер болып, пікірімді жоққа шығарса қарсылығым жоқ. Цифрландыруды әркім өзінше ұғынар… Мысалы, меніңше: «Нақтылы орындалуға тиісті жұмысты ғылыми негізде жүйелі жоспарлап, орындалуын қадағалау» – […]
Бет 5 ден 6« Басы...«23456 »

Мұрағат

error: Content is protected !!