Day: мамыр 2, 2020

ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТӨҢІРЕГІНДЕГІ БҮГІНГІ АХУАЛ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
…Еліміздің болашағы ұлт мәселесімен байланысты бола береді. Әлеуметтік, экономикалық, рухани мәселелер әр кезде де ұлттық сипат алып, барлық іс-әрекеттердің шешілуіне не қолдау, не тосқауыл болатыны да белгілі. Дегенмен ұлтаралық ахуал әлі де тоталитарлық жүйенің ұлтсыздану саясатының ызғарынан толық арыла алмай келеді. Әлі де ұлт десе үркіп, тосырқап қарайтындар, ашық болмаса да іштей қарсылық білдірушілер жетерлік. […]

 САПАЛЫ ӨЗГЕРІС НЕМЕСЕ ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ, журналист Біз қызық әрі күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Қоғамдық құндылықтар тез алмасып, адам санасы ғаламат өзгерістерді басынан кешуде. Бүгінгі уақытқа жеделдік тән. Замананың қарқыны қатты. Уақыт пен кезеңдер қас-қағым сәтте өтуде. «Ғарыштық жылдамдық» деген сөз тіркесін жиі қолданатын болдық. Әне-міне дегенше, 2020 жылдың үш айын да артқа тастадық. Жыл басынан бері әлемді […]

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары: ЫНТЫМАҚ ҮШІН ЫМЫРА МАҢЫЗДЫ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
– Жансейіт Қансейітұлы, Жамбыл облысындағы оқиғадан кейін Үкімет комиссиясының құрамымен Қордай ауданында болып қайттыңыз. Ел ішіне барып, білгеніңізді, көрген-түйгеніңізді өз аузыңыздан естісек… – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жергілікті халықпен бірқатар кездесу ұйымдастырылып, Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді мекендерінің жағдайымен таныстық. Екі тарапты тыңдай келе, көпшіліктің ортақ пікірінен кейін тұрмыстық жанжалдың бірнеше себебі анықталды. Біріншіден, […]

БІРЛІК, БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ИДЕОЛОГИЯСЫ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
Ханкелді ӘБЖАНОВ, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҰҒА академигі Заманында коммунистік идеология Қазақстанға қатысты «Тың өлкесі», «ғарыш айлағы», «үлкен астық отаны» деген теңеулерді қолданса, Бас хатшы Л.Брежнев «Қазақстан – халықтар достығының лабораториясы» деп баға берді. Бұл формуланың маңыздылығына тәуелсіздік тұсында көзіміз жетті. Кешегі кеңестік республиканың бірінде атыс-шабыс жүріп жатса, екіншісінде тұтас халыққа қысым […]

ӘЛ-ФАРАБИ: ЗАМАН, ҚОҒАМ, ӨРКЕНИЕТ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
Биыл Отырардан шыққан ойшыл, ғұлама ғалым, философ әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толып отыр. Бұл қазақ елі үшін ғана емес, әлем философиясы үшін де айтулы оқиға. Себебі әл-Фараби Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған тұлға. Бүгінгі таңда біз бабамыздың мұрасын қалай зерттеп, қалай танып жүрміз? Әл-Фараби қазақ үшін кім? Осы және өзге де сауалдарды журналымыздың «Келелі […]

ҒҰЛАМАНЫҢ РУХАНИЯТ ЖАЙЛЫ ТРАКТАТЫ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
 2020 жылдың 29-қаңтарында ЮНЕСКО-ның қолдауымен ежелгі Отырардың  (Фарабтың) ұлы перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы республикамызда үлкен салтанатпен басталды. Отырар арабтар жаулап алғаннан кейін Фараб атанып, ортағасырлық араб-мұсылман өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан «әл-Фараби» («Фарабтық») ныспылы көптеген ғалымдарды өмірге әкелген киелі топырақ. Менің тарихи-деректанулық зерттеулерім Отырардан шыққан отыздан (30) астам әл-Фарабилердің болғанын анықтап отыр. Солардың  […]

ӘБУ НАСЫР ЖӘНЕ АБАЙ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Екі ғұламаның үндестігі Биылғы жыл қазақ халқы үшін екі бірдей ұлы ғұламаның айтулы тойы тойланатыны, тағы да еңсе тіктеп, арғы-бергімізді түгендеп, ой толықтыра түсетін жыл ретінде аталып өтері көңіл қуантады. Той асыр салып қуану үшін, күліп-ойнау үшін ғана керек пе? Әрине, жоқ! Той арқылы жоғымызды тауып, кем-кетігімізді түгендейміз, әлбетте! […]

АҚЖАН МАШАНИ – ФАРАБИТАНУДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

  • 02.05.2020
  • Пікір жоқ
Қазақ ғылымындағы фарабитанудың негізі қаланып, оның дамып өркендеуі көрнекті ғалым Ақжан Машани (Ақжан Жақсыбекұлы Машанов)  есімімен тығыз байланысты. А.Машани ұлы бабаның өмір жолын, мұраларын тауып, зерттеуді азаматтық парызы санап, оған ғұмырының 40 жылын арнады. Осы жолда ол басын бәйгеге тігіп, не бір «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткізді. Сонау қылышынан қан тамған Кеңес дәуірінде әл-Фарабидің […]
Бет 1 ден 3123 »

Мұрағат