ХАЛЫҚТЫҢ ЕРКІН БІЛДІРГЕН

  • 27.12.2019
  • 152 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ерғали ТІЛЕУБЕКОВ,
Жуалы аудандық
мәслихатының хатшысы

«Қазақстан Республикасындағы халық депутаттары жергілікті кеңестерінің өкі-леттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 1993 жылдың 10 желтоқсанынан бастап халық депутаттарының жергілікті Кеңестерінің өкілеттіктері тоқтатылғаны баршаға мәлім. Олардың міндетін атқару үшін жаңа өкілетті орган қажет болды. Сөйтіп, жаңа, заманауи өкілетті орган – мәслихаттар өмірге келді. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 10 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңы негізінде олар өз өкілеттігін жүзеге асырды.
Айта кету керек, жергілікті өкілетті органдардың атаулары өзгерген жоқ. Бірақ, олардың мәні түбегейлі өзгерді. Аумақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қалыптасқан жергілікті кеңестерден айырмашылығы, Мәслихаттар – Депутаттар жиналысы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабына 1995 жылғы 5 қыркүйекте өзгерістер енгізілгенге дейін өкілді органдар осылай деп аталды) тек облыстарда, аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда және елордада сайланды. Ауылдарда, ауылдық округтерде олар құрылған жоқ. Шын мәнінде, мәслихаттарға алғаш рет жергілікті халықтың еркін білдіретін және өз қызметін дербес, бірақ заңның қатаң шеңберінде және олардың құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктері берілді. Әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар енді тікелей қосымша бағынысты қатынастармен байланысты болмады.
1995 жылдың 30 тамызында бүкіл-халықтық референдумда Қазақстан Рес-публикасының жаңа Конституциясы қабылданды, Конституцияның 86-бабының, 1-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдар мәслихаттар деп аталды. Осылайша, біздің еліміздің Негізгі Заңы жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатқызылған жергілікті мемлекеттік басқару негіздерін бекітті, олардың әлеуметтік рөлі мен функцияларын ашты, жергілікті өкілді органдардың атауы мен олардың өкілеттік мерзімін өзгертті, олардың мәртебесін реттейтін арнайы заңды қабылдау үшін алғышарттар құрды. Одан әрі, 2001 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңның 1-тарауының 1-бабында жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыс немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган екендігі белгіленген. 2007 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мәслихаттардың өкілеттіктері кеңейтілді, 89-бабында өзгерістер енгізілген жаңа редакциядағы мәслихаттардың пәрменді жергілікті өзін-өзі басқаруды білдіретін рөлін айтарлықтай арттыру көзделген. Жуалы аудандық мәслихатының бірінші шақырылымнан бастап, тарихын парақтап отырсақ, барлық  сайланған депутаттар саны 88 екен. Осы алты шақырылымдар аралығында 1 депутат төрт рет, 4 депутат үш рет, 20 депутат екі рет депутаттық мандатқа ие болғанын айтуымыз қажет.
1994 жылдың 7 наурызында тұңғыш рет бірінші сайланған Мәслихаттар – Депутаттар жиналысына еліміздің жаңа өкілді органдарына депутаттар сайлауы өтті. Осындай жаңа үрдіс еліміздің барлық аймақтарындағы сияқты Жуалы ауданында да өтті. Жаңадан сайланған Мәслихат-Депутаттар жиналысының (1994-1999 ж.ж.) бірінші сессиясы 1994 жылы наурыз айында өтті, тиісті сайлау округтерінен 17 депутат: Байхожаева Гүлнәзит, Күниязов Рахымғазы, Тұрлықұлов Мырзакерім, Абдықасымова Рухия, Жабағиев Базарбай, Жансейітов Серпер, Мамытов Ақылтай, Дүрәліұлы Аманжол, Штайгер Алла Андреевна, Қананов Жарылқасын, Жұмалиев Ералы, Мамбеталиев Аман, Цветкова Галина Николаевна, Ахметов Мырзахан, Леонтьев Александр, Садиров Серік, Тазабеков Асқар сайланды. Онда ұйымдастыру мәселелері қаралды. Аудандық Мәслихат-Депутаттар жиналысының хатшысы болып №14 сайлау округінің депутаты Ахметов Мырзахан Рахманбердіұлы сайланды. Тұрақты комиссиялар құрылды және олардың төрағалары сайланды. М.Ахметов көп жылдар бойы «Жаңа өмір» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, бас редакторы болып қызмет атқарды. Мәслихат хатшысы лауазымында 2005 жылдың маусымына дейін жұмыс істеді. Бірінші шақырылым депутаттарының жұмыс кезеңі экономикалық дағдарыстың аса ауыр жағдайларында өткен әлеуметтік-экономикалық реформалардың басталуымен тұспа-тұс келді (инфляция, ақша қара-жатының тапшылығы, зейнетақы, жәрдем-ақы, жалақы төлеудің кешіктірілуі, электр энергиясының өшуі, көптеген кәсіп-орындардың жұмысының тоқтатылуы). Аудандық мәслихат депутаттарының жұмысының ерекшелігі олардың қызметі жаңа, жас Тәуелсіз Мемлекет – Қазақстан Республикасының құрылысы, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында өткен. Сессия мәселелерін және олар бойынша қабылданған шешімдерді талдау аудандық депутаттық корпус өз қызметін экономиканың жандануы мен тұрақты өсуіне, халықтың қорғалмаған топтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағыттағанын көрсетеді. Бірінші шақырылымның депутаттары іздену жолымен өз жұмысын жетілдірді, нақты саяси жағдайды жаңаша бағалауды үйренді, біртіндеп сындарлы жолға шығып, сол арқылы аудандық мәслихаттың болашақ шақырылымының нәтижелі жұмысы үшін алғышарттарды қамтамасыз етті. Екінші шақырылған (1999-2003 ж.ж.) Жуалы аудандық мәслихатының бірінші сессиясы 1999 жылы 21 қазанда өтті, 13 депутат: Еламанова Махаббат, Күзембаев Мамыр, Көпбаев Жетпіс, Әбдіқасымов Ділдәбек, Жабағиев Базарбай, Жансейітов Серпер, Дүрәліұлы Аманжол, Сиднева Светлана Владимировна, Қананов Жарылқасын, Жұмалиев Ералы, Әмірқұл Аташбек, Ахметов Мырзахан, Сәдіров Серік сайланды. Екінші шақырылған сессиялардың шешімдері жаңа, өтпелі кезеңде нарықтық қатынастарға қатысты депутаттық корпус табиғи монополиялар және жосықсыз бәсекелестік туралы заңдар аясында өңір экономикасының дамуына, коммуналдық салада қалыптасқан жағдайға назар аударғанын көрсетеді. Барлық назар өсіп келе жатқан азаматтарды әлеуметтік қолдауға аударылды, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету және тұрғын үй көмегін көрсету бойынша жеңілдіктер беру тәртібі туралы бірқатар шешімдер қабылданды.
Жуалы ауданының әлеуметтік-эконо-микалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтік жоспары бекітілді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру және шағын бизнес саласын дамыту Бағдарламасын іске асыру барысы туралы, 2001-2003 жылдарға арналған «Халық денсаулығы» кешенді бағдарламасы туралы, жастар саясаты, тіл туралы заңдар-дың орындалуы және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты және т. б. дамытуды қолдау туралы мәселелер қаралды. Үшінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының (2003-2007 ж.ж.) бірінші сессиясы 2003 жылы 4 қазанда өтті. 13 депутат сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып Ахметов Мырзахан үшінші рет сайланды. 2005 жылы ол аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалып, хатшылыққа Е.Аманбеков сайланды. Ол оған дейін аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, бірінші хатшысы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, халықтық бақылау комитетінің төрағасы, халық депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Халық депутаттары аудандық Кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. Үшінші шақырылым кезеңінде ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуында экономиканың нақты секторын дамыту, кредиторлық берешекті азайту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау, кедейлік деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламалардың орындалуы және бекітілуі туралы жыл сайынғы есептерді сессияларда қарау маңызды рөл атқарды. Бұл шақырылымда жалдамалы еңбек нарығын дамыту, жастар саясаты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аудан халқын жұмыспен қамту, мүгедектерді оңалту бағдарламалары бекітілді, Жуалы ауданы, ауылдық округтер мен т. б. жерлерді аймақтарға бөлу схемасы бекітілді. 2007 жылы 5 қыркүйекте өткен төртінші шақырылған (2007-20012 ж.ж.) мәслихаттар депутаттарының сайлауы конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуы болды. Сайлау Қазақстанның Тұнғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бұл үдерісте саяси партиялар басты рөл атқаруы тиіс» бұл «партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық процестерге кеңінен тартуға ықпал етеді» деген идеясын тағы да растады. Бесінші шақырылған (2012-2016 ж.ж.) Жуалы аудандық мәслихатының бірінші сессиясы 2012 жылғы 19 қаңтарда өтті. 13 депутат сайланды. Аудандық мәслихат хатшысы болып № 8 сайлау округінің депутаты Айтақов Жарылқасын Әбдіғаппарұлы бірауыздан сайланды. Ж.Айтақов сайланғанға дейін Жуалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудан әкімшілігі, аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Мәслихаттың хатшысы болып 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін қызмет атқарды.
Ж.Айтақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 1 сәуірдегі жиырма жетінші сессия-сында аудандық мәслихаттың хатшысы болып № 7 сайлау округінен депутат ретінде мен сайландым. Тұрақты комиссиялардың төрағалары болып тәжірибелі депутаттар Айтқұлова Құлбахыт және Бегалиев Керімқұл сайланды.
Республикада демократияландыру процесі үздіксіз дамып келеді. Конституциялық құрылыстың базалық негіздерінің бірі – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөнінде кезекті шаралар қабылданды. Бесінші шақырылымның депутаттары жұмыс жасау барысында тарихи оқиғалардың тікелей қатысушылары болды: 2013 жылы – ақпан айында аудан әкімі тағайындалуына келісім беру, 7 тамызда Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет мәслихат депутаттарымен, азаматтармен тікелей жұмыс істейтін және жергілікті жерлердегі мәселелерді тікелей шешетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін қызметке сайлауы. Бұл жергілікті әкімдердің қызметіне азаматтық бақылауды күшейту үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді, сондай-ақ мәслихаттар мен азаматтардың әрбір жеке аумақтық қоғамдастықтағы жағдайға ықпалының өсуіне әсер етеді. Осылайша саяси жүйені жаңғырту жолында тағы бір маңызды қадам жасалды. Әрбір азаматтың қоғам мен мемлекеттің өміріне қатысуы – бұл оның конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар, оның міндеті. Билік органдарына сайланғаннан кейін, бізге құқық берілгенін, принципті, күрделі шешімдер қабылдау және оларды жерлестеріміздің мүддесі үшін өмірге енгізу үшін жауапкершіліктің көтерілгенін түсінеміз. Ал, бұл біздің барлығымыз сайлау округтерінде тұратын жүздеген, ал, жиі мыңдаған адамдардың билік органдарында олардың мүдделерін лайықты түрде танытатын, олардың өтініш-тілектерін іске асыратын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын болады деген үмітпен бізді таңдады дегенді білдіреді.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының алдында жауапты болады.
Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар мен жергі-лікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын және айқындығын арттыру, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету қоғамдық бақылаудың міндеттері болып табылады. Депутаттық корпустың жұмысы Елбасының жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту бойынша өз Жолдауында қойған міндеттерін іске асыруға бағытталды. Жуалы аудандық мәслихатының барлық хатшылары ауданның мемлекеттік құры-лымдарында белгілі бір жұмыс тәжірибесіне ие бола отырып, депутаттық корпустың қызметін халықтың сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға шебер бағыттады. Әр шақырылымның депутаттары аудан мәслихатының жұмысына өз үлестерін қосты. Бүгінде өкілетті органдар өз дербес-тігін, ал, депутаттар – кәсіпқойлығы мен жауапкершілігін дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі уақытта ауданның тыныс-тіршілігі мен дамуына қатысты барлық мәселелер міндетті түрде аудандық өкілетті орган арқылы өтеді. Аудандық мәслихаттың сессияларында ауданды эко-номикалық және әлеуметтік дамытудың бағдарламалары, тиісті кезеңге арналған бюджеттер және олардың орындалуы туралы есептер бекітіледі, атқарушы органдар басшыларының есептері тыңдалады, өзге де өзекті мәселелер шешіледі. Жуалы аудандық мәслихатының барлық іс-шаралары ашық сипатқа ие. Сессия жұмысына аудан әкімі мен оның орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, баспасөз өкілдері қатысады. Қажет болған жағдайда аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелердің, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ саяси партиялар мен бірлестіктердің өкілдері шақырылады. Екі тұрақты комиссия белсенді жұмыс жүргізеді, олар өз отырыстарында аудан әкімі орынбасарларының қатысуымен аудан өмірінің өзекті мәселелерін қарайды, аудан әкімдігі бөлімдері мен мекеме басшы-ларының есептерін тыңдайды, қаулылар қабылдайды және олардың орындалуына бақылау жасайды.
Алтыншы шақырылған депутаттар жі-герлі және білікті әрекет етуде. Бүгінгі депутаттық корпус – бұл беделді және құрметті, әртүрлі жастағы және кәсіптегі, сайлаушылардың мүдделерін қорғайтын адамдар. Халық қалаулылары өздерінің қоғамдық борышын адал атқарумен сайлаушылардың сенімі мен құрметіне ие болды. Мәслихат сессиясында қаралатын бюджет және басқа да өзекті мәселелер аудандық қоғамдық кеңестің отырысында алдын-ала талқылаудан өтеді. Қоғамдық кеңес алаңында ашық, жария түрінде депутаттар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен  қоғамдық тыңдаулар  үздіксіз өткізіледі. Ағымдағы жылдың шілдесінде аудандық мәслихат шешімімен Жуалы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ, мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысы жергілікті қоғам-дастық қызметінің нысаны болып табылады. Аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқық-тық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету заңнамамен аудандық мәслихат аппаратына жүктелген, оның штаттық саны 5 мемлекеттік қызметшіден тұрады. Депутаттар жұмысының тиімділі-гін арттыруға мәслихат аппараты қызмет-керлерінің тәжірибелік және әдістемелік көмегі ықпал етеді. Олардың тиімді жұмыс істеуі үшін жоспарлы оқу ұйымдастырылады. Мәслихат халықтың депутаттық корпустың қызметі туралы хабардар болуын жақсарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Газеттің беттерінде және мәслихаттың сайтында өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және басқа да өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттық материалдар жарияланады. Депутаттар өздерінің саяси және кәсіби деңгейін арттыра отырып, өз сайлаушыларымен тұрақты байланысты қолдай отырып, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның сындарлы тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауларында қойылған міндеттерді іске асыруға лайықты үлес қосуда.

Жамбыл облысы

 

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат