ЖАСТАР ҮЕҰ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСУҒА ҚЫЗЫҒАДЫ

  • 30.03.2020
  • 72 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Жастар үкіметтік емес секторының белсенділігі жастардың азаматтық қатысуының маңызды көрсеткіші. 2019 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша елде жастардың 596 ұйымы қызмет атқарды. Жастардың үкіметтік емес ұйымдарының қызметінің спектрі өте кең және олардың әртүрлі санаттарын қамтиды, оның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, жұмысшылар, шығармашыл жастар, әлеуметтік осал және басқа да жастар топтары. Ең ірі жастардың үкіметтік емес ұйымдары «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ және «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы» АҚҰ. Айта кететін жайт, «Жас Ұлан» 1,6 миллионнан астам қазақстандық оқушыларды біріктіріп, жастар ортасында ең танымал ұйым болып отыр.

Жастар ҮЕҰ қызметіне қатысуға үлкен қызығушылық танытуда. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша, жас респонденттердің
18,4%-ы жастар ұйымдарының жұмысына белсенді қатысқысы келеді.

Жастар ресурстық орталықтарының жұмысына тартылған жастардың ортасында сабақтастық қалыптасады. Айта кетейік, 2018 жылдан Қазақстанның жас қызметкерлерінің ұлттық қауымдастығы жұмыс істейді. Ол саны 2 мыңға жететін жас ресурстық орталықтарының жастарымен жұмыс істейтін мамандарды біріктіреді. Қауымдастық Peer-to-Peer принципі бойынша жас қызметкерлерге бейресми білім беру идеясын алға жылжытады.

Жастар волонтерлік қызметке белсене араласа бастады. 2019 жылғы сауалнама мәліметтері бойынша, Қазақстандағы әрбір оныншы жас адам ең алдымен халықтың тұрмысы төмен жіктерімен байланысты ерікті қызметке белсенді қатысады.

Қорытындылай келе айтатын жайт, 2019 жылы Жастар жылы аясында іске асырылған шаралар жастардың азаматтық қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюіне себепкер болды. Мемлекеттік қолдау және 2020 жылға жоспарланған Волонтер жылында еріктілік қызметін дамыту шаралары жастардың азаматтық қатысуының кеңеюіне септігін тигізуі керек.

Жанна КӘРІМОВА

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!