ЕРТІС-БАЯН САЗДАРЫ

  • 30.06.2020
  • 216 рет оқылды
  • 3

Елімізде мәдениет пен өнер саласының гүлденуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан шығармашылық ұжымдар аз емес. Солардың бірі – Павлодар қаласындағы Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, күйші Талғат Кәрімов жетекшілік ететін оркестрдің іргетасы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2007 жылы қаланған. Шығармашылық ұжым 2013 жылы Франция елінде гастрольдік сапармен болды. 2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Жұбанов көктемі – 2016» атты xалықаралық фестивалінде І-ші орынды иеленді. Айта кетейік, оркестр Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының құрамында қызмет етіп келеді. Филармония директоры – ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші Амангелді Қожанов.

Алдыңғы «
Келесі »

3 Пікір бар

  1. Керемет кәсіби ұжым!

  2. Молодцы 👍🏻👏👏👏👏

  3. Жасайберсін оркестр

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.

Мұрағат