ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН ЫРЫСЫН

  • 31.07.2020
  • 111 рет оқылды
  • 0

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданда «Еңбек-балапан» өңірлік бағдарламасының қатысушыларына арнайы сертификат табысталды. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы БҚО аймақтық филиалының директоры Бағдәулет Ибраймов әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігіне тоқталып, қатысушыларға табысты еңбек тіледі. Егін және мал шаруашылығы өркендеген Бәйтерек ауданында құс шаруашылығы да қарқын алып келеді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының құрылуына, халықтың әлеуметтік қамтылуына мүмкіндік бермек. Тұрғындардың үй құстарын өсіруіне кеңінен қолдау жасау мақсатында іске асырылған «Еңбек-балапан» өңірлік бағдарламасы аз қамтылған және жұмыссыз жандарға арналған. Оқырман назарына осы шарадан түсірілген бірнеше суреттерді ұсынып отырмыз. Авторы – белгілі фототілші Рафхат Хәлелов.

 

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.

Мұрағат