Ұлттық және жеке тұлғалық еркіндіктер теориясы

  • 28.11.2011
  • 1326 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Сәуле Сыздықова – Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,  философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасыныѓ аға оқытушысы.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ халқыныѓ тарихында жаѓа кезеѓге аяқ басты. Ұлттық сана оянып, тарихи тамырдыѓ тереѓде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеѓдерді жаѓа көзқараспен зерттей бастадық. Қазақтыѓ ұлттық санасы мен ұлттық еркіндігініѓ тежелуіне ірі тарихи оқиғалар себепші болғаны белгілі.

Ел-жұрт тарихына негіз болар ешбір ұлт, халық, тіпті ұлыс пен ру бір күнде жарқ етіп көктен түспегені, дүр етіп жерден көктеп шықпағаны, осылардыѓ қай-қайсысы да дамудыѓ обьективті заѓы бойынша ұлт халықтан, халық ұлыстан, ұлыс рудан, ру адамдар тобынан құралып, белгілі бір экономикалық-қоғамдық формацияларды бастан өткеріп қалыптасқан [1].  

Қазақстанныѓ ұлттық егемендігін сақтаудыѓ жеке адамныѓ өмірі мен еркіндігі үшін маѓызды екені белгілі. Осы ретте қауіптенушілер де жоқ емес. Мысалы, Кеден одағынан Қазақстан егемендігінен айырылып қалады деушілер көп. Ол дұрыс емес. Кедендік одаққа кірмесек, біз дербестігімізді сақтаймыз деу – аѓғалдық. Өйткені қазіргі экономикалық шекаралар әлдеқашан жойылған. Сондықтан ұлттық егемендік деген ұғымды қайта нақтылау қажет. Кейбір болжамға сенсек, осы ғасырдыѓ ортасына дейін дербестігін толық сақтайтын 5-6 ғана ел қалады екен. Олар – АҚШ, Бразилия, Үндістан, Қытай, Ресей. Қалған елдер мемлекеттік егемендігін жартылай ғана сақтай алады. Соныѓ өзінде адам еркіндігіне белгілі дәрежеде қол жеткізуге мүмкіндіктер бар.

Жаѓа заманда әлемніѓ көптеген елдерінде жаѓа құқықтық сипаттағы мемлекеттер пайда бола бастады. Сөйтіп, «құқықтық мемлекет» азаматтарыныѓ жаѓа түрдегі еркіндігіне қол жеткізілді. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аѓсағанда заѓныѓ үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Сол кездіѓ әйгілі философы Цицерон: «Біз заѓныѓ құлы болғанда ғана еркін бола аламыз», – деп әсерлі айтқан екен. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда егеменді мемлекет болғаннан кейінгі қабылдаған алғашқы Конституциясында құқықтыѓ, заѓныѓ үстем болуын басты принцип етіп жариялаған.

Қазақ ұлтыныѓ тәуелсіздік алған жылдардыѓ өзінде теперіш көріп, өз жерінде шеттелген жағдайларды айтпауға болмайды. Мысалы, Теѓіздегі, Ақтаудағы, Байқоѓырдағы оқиғалар мен мәселелердіѓ арғы астарына үѓіліп қарасаѓыз, олардыѓ бәрі қазақ халқыныѓ ұлттық мүддесініѓ мүлде ұмыт қалуынан, елеп-ескерілмеуінен туындап жатыр.

Қазақ бола тұра қазақ тілін білмеу және білгісі де келмеу, қазақ тілініѓ ертеѓіне сенбеу және одан үміт етпеу, қазақ тілін тірек-таяныш етпеу, біздіѓше, барып тұрған антипатриот. Оны өзінше еркіндік деп түсінген адам қателеседі, тіпті азғындау жолына түседі. Міне, ұлтсызданудыѓ зардабы осындай. Өзімізді өзге елдермен салыстырып қарайтын болсақ, жағдай мынадай екен. Әзірбайжан осыдан екі жыл бұрын өз елінде ресейлік телеарналардыѓ көрсетілуін тоқтатты. Тек Ресейдіѓ бір ғана телеарнасын («РТР-Планета») қалдырды. Оныѓ өзін де арнайы келісім-шартпен уақытша ғана қалдырды. Өзбекстанда Ресейдіѓ бірде-бір телеарнасы көрсетілмейді, бірде-бір газет-журналы жарық көрмейді. Тәжікстан мен Түрікменстанда, Украинада, Балтық елдерінде, Грузияда, Арменияда «Ресейдіѓ ақпарат құралдарын өз елдерінде таратуды саяси тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да аса зиянды құбылыс» деп тауып, бұған біржолата тыйым салып тастады. Жоғарыда аты аталған елдерде мемлекеттіѓ бүкіл тірлік-тынысы бір ғана тілге, яғни мемлекеттік тілге көшірілді (балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін, ауыл кеѓсесінен бастап президенттік әкімшілікке дейін!). Қазақстанда ұлтсыздыққа бастайтын күмәнді орталықтар мен күдікті институттар есепсіз әрі себепсіз ашылып жатса, Өзбекстанда өзбек ұлтыныѓ тарихын, тілін, дәстүрін, салтын, этнографиясын жеке-жеке зерттейтін жаѓадан 17 ұлттық ғылыми-зерттеу институттары ашылды (Өзбекстан Ғылым академиясынан тыс және ондағы институттардан бөлек). Өзбекстанда дәл қазір 31 телеарна (республикалық, облыстық, қалалық телеарналарды қоса есептегенде) жұмыс істейді. Мұныѓ баршасы да тек өзбек тілінде көрсетеді. Украинада 39 телеарна бар. Бұлар да бастан-аяқ (24 сағат бойы) тек украин тілінде көрсетеді [2]. Кезінде Қазақстанмен бірге КСРО құрамында болған бұл елдер отарсыздану процесін өте сәтті өткізіп, қазіргі күні ұлттық даму жолына түскен. Ұлттық, азаматтық еркіндік деп осыны айт. Ұлттық мемлекетіміздіѓ демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, азаматтардыѓ еркіндігін айту бекерлік.

Демократия әперетін ұлттық еркіндік әрбір адамды шынайы еркіндікке жетелейді. Мақсұт Нәрікбаевтыѓ «Әділет» партиясы қазақ халқын негізгі ұлт ретінде қарастыра отырып, Қазақстандағы ұлт бірлігін дамыту, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнесті дамыту, жемқорлықпен күресті жетілдіру, ҚР қоғамдық телерадио хабарларын тарату туралы жаѓа заѓ қабылдауды ұсынып отыр. М.Нәрікбаевтыѓ пікірінше, Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары құрылған мемлекеттік және қоғамдық-саяси институттардыѓ жұмысы тиімсіз. «Құрылған институттардыѓ жеке мүдделері ұлттық мүдделерден басым, ал қарапайым адамдардыѓ мүдделері қосалқы жоспарда ғана. Басқарудыѓ қазіргі сұлбасыныѓ жетілдірілмей осы түрде одан ары сақталуы елдіѓ дамуына тежеу болып, оныѓ құлдырауына әкеп соғуы мүмкін. Дәл сондықтан біз елде өзгерістер болуы керектігіне нық сенімдіміз,– деген ол саяси жүйені жаѓғыртуды және демократияландыруды, сонымен қатар ол билік жүйесін жетілдіруге бағытталған көптеген ұсыныстар енгізді [3]. Оныѓ қаншалықты жүзеге асатынын, азаматтардыѓ еркіндік аясын кеѓейтетінін алдағы өмір көрсетеді. Үміттенуге болатын жақтары, біздіѓше, бар.

Қазір жаһандану процесі жүріп жатыр. Бұныѓ ұлттық еркіндікке ықпалы күшті. Ол қарама-қарсы екі процестен тұрады. Біржағынан оныѓ ұлтқа пайдалы әсері де бар. Сондықтан оны тек ұлтсыздану деп түсіну, біздіѓше, қате. Екінші жағынан ұлтқа келеѓсіздік әсерініѓ жақтарыныѓ да болатынын мойындаған жөн. Ұлттық саясатта оны асқындырып алмау жолын ұстанған жөн. Бұған риза болмаған С.Хангелдин: «Қазақ ұлтыныѓ мүддесін көбіне басқалардыѓ мүддесіне ыѓғайлап жібергенбіз»,– дейді [4]. Бұл пікірді де, біздіѓше, еске алу қажет. Сол үшін де бірінші кезекте түпкілікті ұлттыѓ мүддесі елдіѓ мемлекеттік мүддесі деп қаралуы керек. Түптеп келгенде жаһандану процесі антипатриоттық фактордыѓ бірі болып табылады. Ал түп-тамыры мен негізінен айырылған адам еш уақытта нағыз еркіндікке жете алмақ емес. Дамыған елдерге пайда әкелген азаматтық қоғам жаѓадан тәуелсіздік алған елдерге залал тигізуі мүмкін. Шетелден қаржыландыратын азаматтық қоғам институттарыныѓ көп жағдайда нені көздейтінін көзіқарақты жанныѓ іші сезетін болар. Ұлттық мемлекет құрмайынша, отарсыздану үрдісін жүргізбейінше, азаматтық қоғам ел ішін бүлдірері, азаматтық белсенділіктіѓ орнына азаматтық алауыздық бел алып кету қаупі жоқ емес.

Қазіргі кезде қалыѓ көпшілік биліктен ұлттық мемлекеттіѓ негізгі атрибуттарын заѓды түрде қалыптастыруды талап етумен келеді. Мемлекетқұрушы ұлт 67 пайызды құраған Қазақстан үшін ұлттық мемлекет (natіon-state) тұжырымдамасын ешкімге жалтақтамай, батыл іске асыру қажеттігі туындап отыр.

Еуропадағы өткен буржуазиялық төѓкерістер діѓгегі мықты ұлттық мемлекеттердіѓ қалыптасуына ықпал етті. Осыған орай Қ. Сағидоллаұлы айтқандай, қазіргі кезде ол елдерде ұлттық буржуазия тарих қойнауына кетсе де, ұлттық мемлекеттік құрылыс күні бүгінге дейін маѓызын жойған жоқ. Неге? Себебі, ұлттық мемлекет құру үрдісін толық өткеріп, азаматтық қоғамға біржола бет бұрған Еуропа ұлттық бет-бейнесін жоймайды [5].

Қазақстанда кейінгі кезде әзірленген «қазақстандық ұлт» идеясыныѓ, «Ел бірлігі доктринасы» жобасыныѓ қоғамныѓ жатсынуы, қарсылыққа ұшырауы осы сөзімізді дәлелдей түседі. Енді ол біраз түзетілді. Қытай, Ресей сияқты көпұлтты елдер азаматтық қоғамға талпыныс жасаудан бұрын «бір ұлт – бір мемлекет» тұжырымдамасын қош көріп отырғанын еске алған жөн. Өйткені жеке адам бостандығын саясат құралына айналдырған алпауыттарға қолданар басқа амал жоқ.

«Жаһандану жағдайында ұлттық мемлекет ебедейсіз басқару жүйесі болып қалады» дейді біреулер. Ол, біздіѓше, дұрыс емес. Қазіргі кезде өркениетті елдер рухани азғындаушылық пен азаматтық толқулардан кейін ұлттық сана, салт-дәстүрге барынша ден қоя бастағанын ұмытуға болмайды. Демек, ұлттық мемлекеттер дәуірі аяқталған жоқ, керісінше қайта туып келеді деуге толық негіз бар. Азаматтық қоғамныѓ өзегі сырттан келген принциптер мен саяси технология емес, ізгілік пен адамгершілікке тұнып тұрған ұлттық дүниетаным болуы тиіс.

Енді осы айтылғандарды таратып айтар болсақ, жағдай мынадай: 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясыныѓ XІV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел бірлігі доктринасын» әзірлеуге тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Біз Қазақстан қоғамыныѓ әрі қарай дамуыныѓ негізгі бағыттарын айқындайтын «Ел бірлігі доктринасын» әзірлеуіміз керек. Бұл құжаттыѓ негізгі қағидаттары 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына енуі тиіс» деп атап көрсетті.

Доктринаныѓ алғашқы нұсқасы 2009 жылдыѓ қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясыныѓ XV сессиясында тұѓғыш рет таныстырылды. Осы сессияда Елбасы аталған құжатты мұқият талқылауды, қоғамдық сараптау жүргізуді және оны жетілдіру үшін арнайы жұмыс комиссиясын құруды тапсырған еді. Доктринаныѓ алғашқы жобасы баспасөзде жарияланғаннан кейін еліміздегі әртүрлі қоғамдық ұйымдар, жалпы жұртшылық тарапынан үлкен қызығушылық туып, барынша кеѓ талқыланды. Осы талқылаулардыѓ нәтижесінде арнайы құрылған жұмыс тобы азаматтардан келіп түскен 500-ден астам ұсыныстарды жинақтады. Сонымен бірге, құжатты әзірлеу барысында түрлі қоғамдық ұйымдардыѓ да ұсыныстары назарға алынды. Доктринаныѓ жетілдірілген нұсқасы 2010 жылдыѓ 19 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеѓесініѓ отырысында қаралды. Кеѓес мүшелері жобаны талқылау барысында бұл құжаттыѓ Елбасыныѓ «Қазақстан 2030» Стратегиясында басымдық берілген тәуелсіздік, тұрақтылық, патриотизм және бәсекеге қабілеттілік тұжырымдарымен тікелей үндесіп, интеллектуалды ұлт жөніндегі шешімге сабақтасатындығын атап көрсете келіп, бір ауыздан мақұлдап, Елбасыныѓ қарауына ұсынды. Бұл маѓызды құжат Елбасы тарапынан мақұлданды.

Доктринаныѓ жаѓа варианты «Қазақстанныѓ ұлт бірлігі» деп аталатын болды. Қазақ ұлты мемлекетқұрушы ұлт ретінде мойындалды, «Қазақстандық ұлт» ұғымы алынып тасталды. Осы жаѓа құжат ұлт бірлігісіз еркіндік болмайтынын дәлелдейді [6].

Сонымен қазақ халқыныѓ дамуындағы жетістігі тарихи кезеѓдегі өзіндік санасы мен мәдениетініѓ өсуі, халықтыѓ әлеуметтік өсуі мен еркіндік үшін күресініѓ нәтижесі. Қазақ хандығы ұлттық мәдениет пен әдебиеттіѓ өркендеуіне зор ықпал етіп, ерекше жағдай жасады. Жеке отау тігіп, өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін XV-XVІ ғасырларда еѓ басты мәселе – жаѓа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау, еркіндігін сақтау болды. Қоғамдық ой-сана, халықтыѓ аѓсары – ұлттық тұѓғыш мемлекетті сақтап қалу еді. Ру-тайпаларды бір орталыққа бағындырып, ішкі алауыздықты тиятын, сыртқы дұшпандарға тойтарыс беретін, елдіѓ қамын жейтін басшы керек екенін халық жақсы түсінген.

Қорыта келгенде айтарымыз: жеке адам еркіндігі батыстық үлгі мен космополиттенуде емес. Жаһандану процесініѓ оѓ жақтарымен қатар оныѓ теріс, яғни еркіндікке қарсы антипатриоттық ықпалын әшкерелеудіѓ, оған қарсы шараларды белгілеу – кезек күттірмейтін іс болып табылады. Ол үшін:

1. Жаһандану процесі өршіп тұрған қазіргі заманда жеке адам еркіндігін қорғау үшін алдымен қазақ ұлтын сақтаудыѓ стратегиялық идеологияны тұжырымдау қажет. Соған сәйкес шала қазақ, космополит азаматтарымызды ұлттық арнаға бұрудыѓ мүлде жаѓа жоспарын жасау керек.

2. Тарихта қазақ халқыныѓ елі мен жеріне жасалған отаршылдық-зорлықшыл саясатын ұмытуға болмайды. Сондықтан тарихтан келген тәуелсіздік пен еркіндік мәселелерін ылғи да насихаттап отыру қажет.

3. Қазақ – мемлекетті құрушы ұлт. Оныѓ мәдениеті мен өнері, тілі, діні, тағы басқа да құндылықтары Қазақстаннан өзге қай елде дәріптелініп дамиды? Осыны ойлағанымыз жөн. Өзгелерге елпілдеп еліктеуді доғарып, ел басқарып отырған, әсіресе, идеология саласыныѓ тұтқасын ұстап жүрген азаматтар әрбір мәселені барынша ұлттық мүдде тұрғысынан шешіп отырса екен деген тілегіміз бар. Мен бұл арада әсіре ұлтшыл болу идеясын ұсынып отырғаным жоқ. Ал достық, демократиялық құндылықтар қазақтыѓ қанында атам заманнан қалыптасқан. Сондықтан да еліміздіѓ аумағындағы өзге ұлттардыѓ мүдделері шектеледі деу – бекер сөз. Қайта мемлекетті құрушы ұлт – қазақтардыѓ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, рухы мықты болған сайын өзге ұлттардыѓ өкілдері біздіѓ төѓірегімізге мықтап топтаса түседі деген ойдамын. Сондықтан да қазақ тілінде хабарлар тарататын телеарналарды мүмкіндігінше көбейте түскен жөн.

4. Құқықтық нормалардыѓ басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым еркіндік те орынды болады. Сондықтан Қазақстанда жеке адам еркіндігі мен бостандығын қамтамасыз ету саясатында ұлттық әдептілік нормаларын еске алған жөн.

5. Қазақстанныѓ ақпарат кеѓістігінде басқа елдердіѓ идеологиясын дәріптеу мемлекетқұрушы қазақ ұлтыныѓ еркі мен мүддесіне сай келмейді, тіпті, қайшы. Сондықтан ондай еліктеушілік пен жолсыздықты заѓ жүзінде тоқтатпай болмайды.

6. Ұлттық идеологияныѓ бір жағы мәдениет пен өнерге келіп тіреледі. Сондықтан Қазақстан Жазушылар одағы мен Киноматографистер одағы бірлесіп, ұлттық құндылықтардыѓ қадір-қасиетін шығармашылық пен кино өнерінде көрсету, насихаттау, жаһандану дәуірінде сырттан ентелей енген әдепсіз өнер туындыларына тосқауыл қою, құнды дүниелер жасау төѓірегінде жұмыс істеуді күшейткені жөн.

7. Менталитетіміз бен дінімізді күшейтіп, қазақ тілініѓ қолданысын кеѓейту басты міндет болып табылады.

8. Үкіметте шала қазақтардыѓ салмағы басым. Биліктіѓ «ұлттық патриотизмін» күшейте түсу керек.

9. Әскердіѓ идеологиялық саяси патриоттық тәлім-тәрбиесін түбірімен өзгерту керек.

10. Қазақы келбетіміз бен тілімізді сақтап қалу, ұлтжанды болу, ата-баба дәстүрін болашаққа жеткізу – Отан алдындағы борыш.

11. Ұлттық бағдарламаларды көбейту арқылы жастарды ұлттық менталитетті сақтауға үйрете отырып, отаншылдық сезімдермен тәрбиелеуіміз қажет.

12. Батыстан келетін озбырлықты, рухани азғындауды бейнелейтін фильмдерден, теледидардан көргенін істеуге құмар бұзақы жастардыѓ саны көбеюде, мұндай фильмдерді шектеу қажет. Елімізге келіп жатқан американдық, түрік, кәріс фильмдерін сәл де болса тыю үшін қазақ киносын дамыту керек.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасыныѓ азаматтарына тәуелсіздік алған 20 жылдыѓ ішінде жеке еркіндігіне қуатты серпін беріп жатқан – мемлекетіміздіѓ әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамымыздыѓ ары қарайғы саяси либерализациялануын айтсақ болады.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!