Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

  • 23.06.2014
  • 1902 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ұлы Жібек жолы БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша бүкіләлемдік мұралар тізімі (ЮНЕСКО) енгізілді. Мұндай тарихи шешім кеше Доха қаласында ЮНЕСКО жанындағы Бүкіләлемдік мұралар комитетінің 38-ші сессиясында қабылданды деп жазады Baq.kz.

Орта ғасырларда Шығыс Азия мен Жерорта теңізіне дейінгі аймақты жалғаған керуен жолын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосу мәселесін Қазақстан, Қытай және Қырғызстан тарапы көтерген болатын.
«Жібек Жолы» — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 шақырымнан асады.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!