Елбасы Павлодар мұнай-химия зауытында болды

  • 07.08.2014
  • 487 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Kеше жұмыс сапарымен Павлодар облысына келген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі мұнай-химия зауытын ауқымды жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Павлодар мұнай-химия зауыты осыдан 36 жыл бұрын пайдалануға берілген. Оның өндірістік қуаты жылына 6 млн. тонна шикі мұнайды өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда автомобиль бензині, ТС-1 маркалы реактивті двигательге арналған жанармай, дизель отыны, мұнай коксы, жол және құрылыс битумы және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газ шығарылады.

Өндіріс ошағының жаңғыртылу барысы жайында зауыттың бас директоры Данбай Шухрат  ҚР Президентіне жан-жақты мағлұмат берді. Оның атап өтуінше, зауыт жаңғыртылғаннан кейін жылына 7 млн. тоннаға дейін шикі мұнайды өңдейтін болады. Қайта өңдеу ауқымдылығы 90 пайызға дейін жетеді. Шығарылатын өнімнің сапасы Еуро 4 және 5 стандарттарына сәйкестендіріледі.

 
 
Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!