ҚР Президенті Батыс пен Ресейді санкциялық теке-тіресті тоқтатуға шақырды

  • 27.08.2014
  • 301 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс пен Ресейді  санкциялық теке-тіресті тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Санкция енгізуді тоқтату аса маңызды. Санкция салдарынан қалыптасып отырған «сауда соғысы» баршамызды тұйыққа тірейді», – деді Минскіде үшжақты кездесу барысында Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы  санкция қолдану  елдердің экономикалық әлеуеті әлсірейтініні, одан қарапайым халық зардап шегетінін айтты. Әлеуметтік қысым арту үстінде, бұл әлемдік дағдарыстың жаңа толқынына әкеледі.

«Бірінші кезекте, біз, Еуропа мен Азия зардап шегеміз. Сондықтан біз экономикалық прагматизм қағидаттарында сындарлы   өзара тиімді  әрекетке көшуге, біртіндеп санкцияны алып тастауды бастауға шақырамыз», – деді Н. Назарбаев.
ҚР Президенті сондай-ақ Қазақстан Кеден одағы аясында да, Украина және Еуропалық Одақпен де өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты жалғастыруға және нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«Сондықтан да біз көпжақты сауда-саттық байланыстарын қалыпқа келтіру жолдарын іздеуге, талқылауға әзірміз», – деп сөзін түйіндеді Н. Назарбаев.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!