ҚР ҰКП кәсіпкерлердің қолын байлап отырған мәселелерді талқыламақ – Қарағанды облысы

  • 23.09.2014
  • 368 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін Қарағанды қаласында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі Кеңес пен Қарағанды облыстық кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі Кеңестің біріккен отырыс өтеді. Кеңесте өңірдегі кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органмен өзара байланыста туындаған өзекті мәселелер талқыланбақ, деп хабарлайды ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаменті.

Қарағанды облысы кәсіпкерлері жер алу мәселесі, рұқсат құжаттарын рәсімдеу мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде қиындыққа кезігетіндігі белгілі.

Атап өткен жөн, 10-қыркүйек күні Астана қаласында өткен отырыста Кеңес төрағасы Ғани Қасымов бизнес қоғамдастық жиі ұшырасатын жер алу және құрылыс салуға қатысты, ауылшаруашылығы саласына субсидия алу, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында туындайтын кедергілер мен рұхсат құжаттарын алу кезінде ұшырасатын қиындықтар сияқты жүйелі мәселелерді шешу керектігін айтқан болатын.

Осыған орай, 23 қыркүйекте өтетін Кеңестің көшпелі отырысында жергілікті атқарушы орган тарапынан жасалған кедергілер туралы нақты дәйектер айтылып, кәсіпкерлікке кереғар әрекет еткен Қарағанды облысы мемлекеттік қызметкерлері туралы мәлімдеме жасалады.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!