Н.Назарбаев пен А.Меркель халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты

  • 17.10.2014
  • 474 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті.

Бұл кездесу Миландағы «Азия-Еуропа» форумының 10-саммиті аясында өтті.

Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде өзара пікір алмасты.

Хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Алдыңғы «
Келесі »