Шетелдегі жәдіргерлеріміз ді қайтару үлкен жетістік болатын еді

  • 17.10.2014
  • 469 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Кезінде шетке шығып кеткен жәдігерлерімізді өзге музейлерден елімізге көшірмесін алып келудің өзі жетістік.

Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» дөңгелек үстелі аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді.

Музей ашылғалы бері Ресей, Санкт-Петербургтен келіп жатқан музейлермен келісім шартқа отырып жатырмыз. Аталмыш жұмыстың барлығы шынын айтқанда солар арқылы өз тарихымызды іздесек, солар арқылы тарихымызды қайтадан бір қарап шықсақ деген мақсатта жасалып жатыр. Кезінде шетке шығып кеткен дүниелеріміздің көшірмесін алып келіп таныстырсақ та ол елге қазақты, халқымызға тарихты таныту үшін жасалған үлкен жетістік болар еді. Сол үшін біз көп еңбектенуіміз қажет, – деді Д.Қамзабекұлы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей. Музей «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған. Музей дүниежүзілік стандарттарға сәйкес жабдықтармен жарақтандырылған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: екі залға жұмыс істейтін арнайы контенті бар бірегей иілген экран, медиа еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, толып жатқан медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарық LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер, үш тілде ақпарат беретін мультимедиялық жолсерік пайдаланылады.
Музейде экскурсиялардың алуан түрлері – шолу және тақырыптық, философиялық экскурсиялар, интерактивті сабақтар мен ойын экскурсиялары түрінде арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ұлттық музей заманауи санаткерлік мәдениет мекемесі болуға, Республиканың тарихи және мәдени мұрасын талдау, салыстыру, пайымдау, талқылау, ой-пікір айту және бағалау орнына айналуға тиіс. Осы заманғы музей – бұл келушілермен әрқашан да ашық бүкпесіз сұхбаттасу. Бұл музейде оның меймандарын тарихпен тілдесудің белсенді қатысушыларына айналдыруға қолдан келгеннің бәрі жасалған.

Хабарлайды baq.kz сайты.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!