Қ.Келімбетов: Исламдық қаржыландыру ісін жолға қоямыз

  • 30.10.2014
  • 421 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан исламдық қаржыландыру ісін  қолға алуға мүдделі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-нің брифингінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 «Біз қазіргі уақытта исламдық қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін банктердің елімізде толыққанды қызмет етуі үшін заңнамаларды қарап жатырмыз. Бұл орайда Малайзия тәрізді исламдық қаржыландыру жүйесі дамыған елдің тәжірибесіне сүйенеміз. Исламдық қаржыландыру жүйесі шариғат заңдарына сәйкес пайызсыз несие беруді көздейді. Оның үстіне тұтынушыға берілген қаржы да шариғат талаптарына сай жұмсалуы тиіс. Бүгінгі уақытта осы мәселелерді заңда қайта қарап, исламдық қаржыландырудың өркендеуіне жол ашпақпыз. Біздің елімізде БАӘ-нің алғашқы банкі өз жұмысын істеп жатыр. Енді Бахрей, Катар, Малайзияның қаржы институттарын еліміздің нарығына кіргізу туралы мәселелер қаралып жатыр», – деді Қ.Келімбетов. 
Келімбетовтың айтуынша, Қазақстанда екіжақты сақтандыру бойынша да исламдық сақтандыру компаниясы жұмыс істеп жатыр. Ал 2014 жылы жеке секторды дамыту бойынша ислам корпорациясының қатысуымен Қазақстанда алғашқы исламдық лизингтік компания ашылды.

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!