Әзербайжан Қазақстанға бензин сатып алу үшін алдын ала төленген төлемдерді қайтарды

  • 27.11.2014
  • 370 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» Әзербайжаннан бензин сатып алмайтын болды.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әзербайжан тарапы алдын ала төленген төлемдерді қайтарған. Ал ақшаны қашан қайтарғандығы жөнінде және алдағы желтоқсан айында бензинді қайдан сатып алатындығы туралы нақты ештеңе айтылмады. Тек желтоқсан айында бензин тапшылығы болмайтындығы хабарланған.

Бұған дейін Қазақстан нарығындағы бензин тапшылығы Әзербайжаннан импортталатын бензин есебінен шешілетіні жайлы ақпарат тараған болатын.

Ағымдағы жылдың 10-қазанында Әзербайжаннан елімізге АИ–92 маркалы 6 мың тонна бензин әкелу туралы екі жақты келісімшарт жасалған еді. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы оның 3 мың тоннасының ақшасын алдын ала төлеп тастады.

Келісімшартқа сәйкес бензин Қазақстанға 10-қарашада жеткізілуі тиіс болатын. Алайда Әзербайжанда жоғарыоктанды мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қойылғандықтан, келісімшарт аяқсыз қалғанға ұқсайды.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »