АҚШ пен ЕО: Ресейге қарсы тағы да санкциялар жариялануы мүмкін

  • 02.12.2014
  • 363 рет оқылды
  • Пікір жоқ

1-желтоқсан күні кешке АҚШ Президенті Барак Обама мен Еуропалық Кеңестің төрағасы Дональд Туск телефон арқылы сөйлесті.

Олар әңгіме барысында Минск келісімі орындалмайынша, Ресейге қарсы жариялаған санкциялардың күші жойылмайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар Б.Обама Мен Д.Туск Ресейге қарсы тағы да санкциялар енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Батыс лидерлері Ресейдің Украинаның шығысы мен Қырымдағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін жасаған әрбір әрекетіне қарсы шара қолдана беретіндерін айтты» делінген Ақ үй әкімшілігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Б.Обама мен Д.Туск «Украинаның экономикасын көтеру үшін, онда тиісті реформалар жүзеге асыру үшін, елдің шығысындағы ахуалды жақсарту үшін, халықаралық әріптестерімен бірге тізе қосып көмек көрсетуге уағдаласқан».

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »