Бақыт Сұлтанов: 2014 жылдың соңына дейін бюджетке 682 млрд теңге жинау керек

  • 03.12.2014
  • 498 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өзі басқаратын ведомстводағы комитеттер мен аумақтық бөлімшелердің басшыларының басын қосып, арнайы жиналыс өткізді.

«2014 жылғы түсімге қатысты жасаған жоспарымыз бойынша біз жыл соңына дейін тағы 682 млрд теңге жинауымыз керек» деді қаржы министрі. Сонымен қатар ол «бюджеттік заңнамаға сәйкес барлық жоспарларды орындауды» тапсырды. Министр Мемлекеттік кіріс комитетіне «қосымша кіріс көзін табу мақсатында анализ бен мониторингті күшейту арқылы барлық ұсыныстарды қарап шығуды» жүктеді.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов салық және кеден әкімшілігіне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға нұсқау берді. Елдегі көлеңкелі экономиканың деңгейін азайту үшін жүргізіліп жатқан іс-шараларды одан әрі жалғастыра беру керек екенін атап өтті.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат