Халық Банктің таза пайдасы 63,8 пайызға көбейді

  • 03.12.2014
  • 477 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстанда активтерінің көлемі бойынша ең ірі қаржы құрылымдарының бірі Халық банкі ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша 92 миллиард теңге көлемінде таза кіріс тапты, бұл 2013 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 63,8 пайыз артық.

Есептік мерзімде банктің активтері 13,5 пайызға, яғни 2,844 триллион теңгеге дейін өскен. Активтердің негізінен ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері түрінде (53,2%), несие мекемелерінің қаражаттары түрінде (39,3%), инвестициялық құнды қағаздар түрінде (7,1%) және клиенттерге қарыздары түрінде (2,3)% өскен.

Банктің жеке капиталы 2013 жылдың 31-желтоқсанымен салыстырғанда 17,9 пайызға, яғни 462 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Капитал 2014 жылдың алғашқы 9 айында таза пайда есебінен артқан.

Businessnews.kz.

Алдыңғы «
Келесі »