Қазақстанда жоғары өндірістік жаңа транзиттік желі ашылды

  • 09.12.2014
  • 451 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан аумағы бойынша Еуропа-Қытай, Ресей-Орта Азия бағыттарына арналған барынша аз кідіріске ие жоғары жылдамдықты байланыс арналарының транзитін қамтамасыз ету мүмкіндігін беретін 100G арна базасында 4 Тбит/сек-қа дейін өткізу мүмкіндігіне ие жоғары өндірістік жаңа транзиттік желіні іске қосты, деп хабарлайды компания.

Хабарламада айтылғандай, жоғары бәсекелестік артықшылыққа ие жаңа Low Latency Transit қызметі Қазақстан аумағы бойынша магистральді транспорт желісінің топологиясын жақсартуға мүмкіндік береді. Магистральді желіге аймақтық желілер қосылған. Олар желі бойынша трафик тасымалы уақытын қысқартады. Нәтижесінде дабыл уақытының кешігу көрсеткіштері азайған. Мысалға, Солтүстік-Батыс пен Шығыс аралығындағы, Солтүстік-Батыс пен Оңтүстік және Батыс-Шығыс аралығында орта есеппен 15-20 пайызға азайған.

«Жаңа желі оптикалық технологиялар саласындағы заманауи әлемдік тәжірибе мен инновацияны қолдана отырып жасалған. Дабылды кодтаудың CP-QPSK деп аталатын жаңа әдісі оптикалық дабылдыың спектральдік тиімділігін арттыруға жол ашты. Когерентті әдісті пайдалану регенерациялық учаскілер ұзындығын ұлғайту мен тасымал желісі тиімділігінің сипаттарын жақсартуға мүмкіндік берді», — делінген хабарламада.

businessnews.kz

 

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!