Әкімдік ғимаратын жармақ болған азамат бұл қадамға не үшін барғанын айтты

  • 14.01.2015
  • 557 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Кеше Алматының бүкіл шұғыл қызметі аяғынан тік тұрды. Күндізгі 12-лер шамасында қалалық әкімдіктің ғимаратына белгісіз азамат кіріп кетіп, "менде бомба бар" деп қорқытқан деп хабарлайды КТК арнасы.


Артынан әкімдік ішіндегі бөлмелердің біріне кіріп алып, "ғимаратты жарамын" деп жұртты дүрліктірді. Шенеуніктермен бірге әкімдіктің қарсы бетіндегі кеңселердің де адамдары шұғыл сыртқа шығарылды.

Ондаған жеке компанияларды айтпағанның өзінде бұл ғимаратта 4 бірдей республикалық телеарна мен 5 радиостанция ұжымы отыр. Ал әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар іштегі азаматпен екі сағаттай келіссөз жүргізді.

Оқиға орнында болған біздің тілшілер де ол жігітпен телефон арқылы байланысты. Өзін Евгений деп таныстырған азамат осылайша соттың әділетсіз шешіміне қарсылық білдірмек болғанын айтады.

Ол ғимаратқа күзеттен оңай өткенін, қолында шабадан болғанын айтты. Жігіттің айтуынша, жасы 37-де. Алматыдағы әскери училищеде оқыған екен. Шабадан толы бомбаны да сол жақтағы достарымнан алдым дейді.

Ақыр соңында екі сағат бойы елді дүрліктерген азамат тысқа шығып, полицейлерге өзі берілді. Қолында ешқандай да бомбасы болмапты. Енді ол бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

nur.kz

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!