Атырауда жол апатынан 6 адам ажал құшты

  • 18.01.2015
  • 359 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Сенбі күні кешке Атырау облысының орталығы мен Құлсары қаласын байланыстыратын тас жолда жол апаты орын алды, оның салдарынан алты адам ажал құшты. 

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға Құлсары қаласынан 40 шақырым қашықтықта КамАЗ көлігі мен 7 орындық жеңіл автокөліктің соқтығысуынан орын алған. 

Оқиға орнында 6 адам – жеңіл көліктегі үш ер адам мен үш әйел адам ажал құшты. Ал түрлі жарақаттар алған КамАЗ жүргізушісі мен тағы бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді. 

inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »