Әлемдегі ең қауіпті қала анықталды

  • 22.01.2015
  • 571 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Төртінші жыл қатарынан Гондурас елінің Сан-Педро-Сула қаласы әлемдегі ең қауіпті қала болып танылды. Бұл талдауды мексикалық «Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстық сот төрелігі азаматтық кеңесі» жүргізген.  


Аталған ұйымның президенті Хосе Антонио Ортегидің айтуынша, Сан Педро Сула қаласында 2014 жылы кіс өлтіру саны 100 мың адамға шаққанда 171,2 болды. Екінші орын Венесуэла астанасы Каракас (100 мың шаққанда 116 адам). Үштіктің қатарында Мексиканың Акапулько (104 адамнан жоғары) қаласы бар.

– Бұл рейтингтің өзінің пайдасы бар. Саяси жұмыс  болғандықтан, билік пен азаматтық қоғам қылмыстың қаншалықты деңгейде екенін көреді. Егер, жаман болса, қылмыстың санын азаютуға тырсады, – дейді Ортега мырза.

Кеңестің айтуынша әлемдегі 50 қауіпті қаланың 47-сі Америка құрлығында орналған. Соның ішінде 43-і Латын Америкасына тиесілі.

Ал қылмысы ең төмен қалалардың қатарында колумбиялық және мексикалық қалалар бар. Қылмысы көп қалалардың бірі Торреоне (Мексика) 100 мың адамаға шаққанда 54,2-ден 27,8-ге дейін төмен түскен. Колумбияның Медельине 82,6-дан 26,9-ға дейін азайыпты.

Жалпы, тізімдегі 50 қаланың Бразилияда 10-ы орналасқан. Қалған елдерден Мексикада – 10, Колумбияда – 5, Венесуэлада – 4, АҚШ-та – 4 қала бар дейді, – аталған ұйым. 

baq.kz

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!