Қазақ хандығы туралы сериалда соғыс көріністері аз болады

  • 22.01.2015
  • 851 рет оқылды
  • 1

Қазақ хандығы туралы сериалда қанды соғыс көріністері аз болады. Керісінше, сол кезеңдегі дипломатия мен мемлекеттік үйлестіру мәселесіне көп назар бөлінбек. Бұл туралы бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Қазақ хандығы туралы сериал тікелей Елбасының назарында. Нұрсұлтан Әбішұлы өз ойын білдіргенде «неге осы соғысты көрсете береміз? Қазақ халқы өмір бойы қалмақтармен, ойраттармен соғыса берді ме? Хандықтың ғұламалары қайда, философ-ойшылдарымыз қайда?» деген болатын. Расымен, Кең байтақ жерді тек қана найзаның ұшымен сақтап қалу мүмкін емес. Ол кезде де дипломатия болды, ол кезде де мемлекеттік үйлестіру болды. Осы сериалды түсірудегі мақсатымыз – тарихтың осы тұсын ашып көрсету»,-дейді министр.

bnews.kz

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Қазақ хандығын Тұмар ханшайымнан бастау керек кең байтақ жерімізді қорғау үшін қаншама ата бабамыз жан қиды қазақтарга орыстар қала салып берген жоқ қазақ даласында көп қалалар болган оның бәрі шапқыншылыққа ұшыраган қазақ жерін қоргау үшін ата бабамыз көшпенділікке көшкен киноны дұрыстап түсіріңіздер қазақ актерлары ойнасын қазақша түссін тарих бұрмаланбауы керек Шыңғысқаннан бұрын бізде хандық болған алтын адам соның дәлелі

Пікірлерге тыйым салынады.

Мұрағат

error: Content is protected !!