2014 жылы соттарда қаралған істердің 4 пайызы сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты болды

  • 23.01.2015
  • 523 рет оқылды
  • Пікір жоқ

2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 807 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды. Бұл жалпы қаралған қылмыстық істердің 4 пайызын құрап отыр.

Бүгін ҚР Жоғарғы Соты судьяларының кеңейтілген кеңесінде ҚР Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов осылай мәлімдеді. Еске салайық, кеңес отырысы «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру аясында сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі бағыттары» атты тақырып аясында өтуде.

«2014 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты 807 іс бойынша үкім шығарылды, бұл жалпы қылмыстық істердің 4 пайызын құрайды. Аталған көрсеткіш 2013 жылы 886 істі құраған болатын. Жалпы, құқық қорғау және арнайы органдармен өзара байланыса отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, олардың орын алуына қатысты жағдайларды жоюға бағытталған шараларды жетілдіруге жіті мән берілді», – деп атап өтті А. Қасымов.

Тоқтала кететін жайт, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында ҚР Жоғарғы Соты 2015 жылғы сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешені жобасын әзірлеуде. Осыған орай, кеңесте көтерілген мәселелердің барлығы аталған жоспарға енетін болады.

inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!