Ағылшын тілі қарым-қатынас құралы ретінде мәдени біліктілікті арттыру

  • 17.06.2015
  • 1833 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазіргі нарықтық экономиканың даму кезеңінде білім деңгейіне қойылатын талаптар  күннен-күнге жоғарылауда. Сол талапқа сәйкес оқытушыларға қойылатын міндеттер де арта түсіп, оқытудың жаңа әдістерін ізденуді, ізденіс шеберлігін арттырып, болашақ ертеңгі күннің мамандарын жан-жақты білікті етіп, замани  сөйлеу мәдениеті өте жоғары, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету қажеттілігі  күн санап артуда.


Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қа­зақстан халқына Жолдауында елімізде жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңдегі басты мақ­саттар ретінде айқындалған аса маңызды бағыттарының бірі Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үш тұғырлы тіл саясаты болатын. Мұнда Елбасы «Тілдердің үш­тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. Сөйтіп, Қа­зақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдала­натын, меңгеретін мәдениетті ел ретінде та­ны­луға тиіс екендігін көрсетті. Онда: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қа­­тынас тілі және де ағылшын тілі – жаһандық эко­номикаға кіру тілі екендігін баса айтқан (1).
Ағылшын тілін оқып үйрену  арқылы өркениетті дамыған  елдердің мәдениетін жете түсіну еліміздің жастары үшін өте маңызды. Жоғары оқу орындарында студенттер қазіргі заман талабына сай, ағылшын тілін қарым қатынас құралы ретінде еркін меңгеріп, саналы іс-әрекет етуге, өз мақсаттарын сауатты жете білуге, сондай-ақ бұқаралық ақпараттың тез өзгерістеріне бейімделіп, болашақта өзі­нің және де отбасылық өмірінде де жарқын өмір сүруге қабілетті, өз елінің мәдениеті мен салт-дәстүрін жете білумен қатар, өзге елдер мәдениетімен, салт-дәстүрінен хабардар, жалпы әлемнің мәдениетін еркін мең­­геріп, жан-жақты дамыған білікті мәдени же­ке тұлға ретінде қалыптасуына ық­пал ету қажеттілігі артуда. Сонымен жаңа ақ­параттық коммуникациялық технологиялар  студенттердің өз бетінше дамуына, өзара тілдік шынайы қарым-қатынаста болуына жақсы әсерін тигізуде.
Мысалы адамзатының барлық іс-әрекеті қарым-қатынассыз іске аспайтыны бәрімізге белгілі.Қарым-қатынастың негізгі   бөлімінің бірі ретінде қарым-қатынас әрекетін атауға болады.Қарым-қатынас әрекеті дегеніміз адам­­­дардың бір-бірімен тілдік тығыз байла­ныс­­та болып, өзінің ойлаған ойын жеткізе білуге, басқа адамдардың сұрақтарына жауап беру, пікір алмасу,  талас-тартыс, имитация,  талқылау, жоспарлау, бағдарлау тағы басқа да іс әрекеттерін  атауға болады. Қорыта айтқанда қарым-қатынас әрекетін коммуникация бірлігі деп санауға болады.
«Мәдениет пен тіл арасындағы байланыс толық қарым-қатынас және оның бір бөлігі  ретінде қаралуы мүмкін» – деп жазады Н. И. Толстой. Әдеби тіл мен фольклор тілі жайлы сөз қозғағанда тілді мәдениеттің сыңары және құ­ралы ретінде қабылдауға болады. Бірақ, тіл мәдениетке толықтай қатысты оған тәуелді және оны мәдениеттен жеке алып қарауға болмайды.
Ал, В.Гумбольдтың пікірі бойынша, тіл бұл халықтың бет-бейнесі, онда әлемнің барлық мәдениетіне тән бейнелері тіркеледі және сақталады. Әр түрлі тілдер мен мәдениет әр.. түрлі бейнеге ие. Сондықтанда халықтың танымы, әсіресе шет тілі арқылы адам өзінің әлем тарихына тәуелді екендігін сезінуі және осы орайда өзінің ұлттық мәдени-тарихи біре­гейлігін терең түсінуі қажет.
Осы орайда студенттердің компьютер ар­қылы өздерінің психо-физиологиялық мүм­­­кіндіктеріне сәйкес, дербес бағдарлама ар­қылы жұмыс жасап немесе электрондық поч­та арқылы кез келген адаммен тілдік тығыз қарым-қатынаста бола алады. Студенттердің  шетел тілінде еркін сөйлеу дағдылау мә­дениетін яғни тілдік қарым қатынаста болу үшін алдымен өз елінің ұлттық мәдниетін, өз халқының басынан кешкен тарихын, өлең, жыр, асыл сөз үлгілерін, саяси-экономикалық құбылыстарын, әдет ғұрып, салт тұрмыс ерек­шеліктерін жақсы білуге тиіс. Өз ана тілін баға­лай отырып, оның  әр түрлі қырымен сырының ерекшеліктеріне қанық болып,өз елінің мәдениеті мен сүйіспеншілігін сезіне білген оқырман ғана, өзге тілді меңгеруге, өзге елдің сөйлеу мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрімен танысуға құштар болады.Біздің еліміздің білім беру жүиесінде мектеп қабырғасынан бастап оқушылар өздерінің оқып жатқан шетел тілінің әдет-ғұрып, салт дәстүрлерімен тарихи жағдайларымен, тіл өнер мәдениетімен әуел бастан танысады. Бұл жағдай студенттердің өзге тілді білуге деген құштарлығын арттырып, қызығушылығын туғызады.
Қазіргі таңда біздің еліміз әлемдік ке­ңістікке ұмтылып жатқан уақытта білімді, білікті, мәдени тұлға болып бірнеше тілді меңгерген адам ғана саналады. Сондықтан да ағылшын тілін терең меңгеру үшін ақпа­раттық құралдар пайдалану оқытушы мен оқыр­ман­ның ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оқырмандардың тіл­­дік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөй­леу мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді.
Қорыта айтқанда, тәуелсіз еліміздің  бола­шағы өзінен бұрын өткен ұлы бабалардың таным-талғамын ту етіп ұстар келер ұр­пақтың қазіргі заман талабына сай замани жан-жақты дамыған, өзін өзі басқара алатын, өзінің ой жетігін терең жеткізе білетін, жаңашыл, шыншыл, білімге, білуге құштар, ізденімпаз, сезімтал, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы жоғары, көп мәдениетті, ұлтжанды,  өз тілі­мен қатар өзге тілді құрметтей алатын, өркениетті елдің ертеңі болатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Г. Ахетова,
Алматы энергетика және 
байланыс университеті

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сепир Э. Язык– М.Диалект-Медис 2007.
2. Гумбольд В. Избранные труды по языкознанию. – М..Прогресс. 1984-397.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!