Талант пен уақыт ажырағысыз

  • 21.05.2012
  • 608 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Әйгілі оқымыстылардың таңдаулы қанатты сөздері
Фредрик Жолил-Кюри (1900-1958)
Ғылыми тәжірибе теориядан алыстаған сайын Нобель сыйлығына жақындай түседі.
Г.А.Адамс (1838-1918) америка жазу­шысы
Билікке жеткен дос – кеткен дос.
Өмірде нағыз бір досың болса – дөп, Екеу болса – көп, үшеу болуы екіталай.
Ч.И. Амирэджиби (1921) грузин жазушысы
Балауыз шамның балқып аққан ерітін­дісі де көзге әдемі керінеді. Бірақ, онда мүлгіген қараңғылықты қуып тұратын қуат сұлулығы болмайды.
Х. К. Андерсен (1805-1875)
Егер, сен аққу жұмыртқасынан жарып шықсаң, онда үйрек ұясында дүниеге келсең де кемшілік емес.
Л. Н. Андреев (1871-1919)
Ақша дүниедегі қисықтарды түзетіп, әділетсіздіктерді жоя алмайды, қайта көбейте түседі.
М. Арнолд (1822-1888)
Әйелдермен ақыл арқылы емес, жүрек­пен сөйлесу керек.
Байрон (1788-1824)
Махаббат жарасы адамды өлтірмес. Бірақ, жараның аузы еш уақытта жазылмайды.
Бальзак (1799-1850)
Жағдай өзгеріп тұрғанмен, принцип өзгермейді.
Нөлге ұқсайтын адамдар болады: олар өз алдарында сан тұрғанын керек етеді.
Кім-кім де білуге тиіс, бірақ бәріміз де нашар білетін бір нәрсе бар: ол – Заң.
Шындық – дәмі жағымсыз, ащы сусын, әйтсе де, денсаулықты түзетеді.
Элиот (1819-1880) ағылшын жазушысы
Егер, бір-біріміздің өмірімізді жеңіл­детуге тырыспасақ, онда не үшін өмір сүріп жүрміз?
Біз адамдарды мейірімді, қайырымды болуға шақырып, жиі-жиі соған үндеп жүреміз. Бірақ, мырзалар, өзіміз сол мейірім мен қайырымды тым аз жасаймыз-ау.

Алдыңғы «
Келесі »

Мұрағат

error: Content is protected !!