• Ұлттану
  • 17 Маусым, 2019

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ТАНЫМ ГЕНЕЗИСІ: әлеуметтік-жүйелік талдау

Таным – адам санасын дамытудың негізі болып табылады. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз – бұлар объективтік дүниенің субъективтік образдары, практикалық қызметтің формалары. Адамдардың дүниені тануы, қоғамға деген көзқарасы, таным процесін қалыптастыруы, ойлауы әр түрлі болып келеді. Өмірді танып, түсіну уақыт өткен сайын өзгеріп дами түседі. Айналадағы дүниені тану – күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчестволық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әр түрлі формалар кіреді.

         Сондықтан таным процесінің қандай да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Осындай философиядағы күрделі ұғым таным процесінің қалыптасуы, таным генезисінің, дүниеге деген көзқарасының тереңдігі мен ойшылдығы тоғысқан Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясы қазіргі заманда өте өзекті, құнды, өзіндік ерекшелігі мол шығармалары мен еңбектері бізге жетті.

         Қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ойшылымыз Шәкәрім Құдайбердіұылының дүниетанымы көбіне мораль философиясына жақын.Кант философияда тұңғыш рет мораль  ерекшелігі жөніндегі мәселені қарастырған болса, Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымы да көбіне мораль философиясы мен ар ілімін қамтиды. Философты мораль нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Осы ақиқатқа жету жолында барлық ғалымдар, ойшылдар аянбай ізденіс  жолында болып еңбек етті. Өз тұжырымдарын дәлелдеп, ғылымда сан түрлі теориялар қатарын толықтыра түсті. Шәкәрім Құдайбердіұлы да мораль, ар ілімдерін айта отырып, өскелең ұрпаққа келелі кеңестер береді.

         Шəкəрім Құдайбердіұылының дүниетанымында тəңір, нұр, күн, табиғат – қасиетті, киелі ұғымдар.

Еңбекке шыда, ебін тап та,

«Сабырдың түбі – сар алтын».

Өзімшіл болма, көпті ардақта,

Адамның бəрі – өз халқың.

         Осы бір шумақ өлең жолында ойшылдың қаншама халқына айтар мағыналы да мәнді ойын байқаймыз. Шәкәрім философиясы тұнып тұрған ғылымға, ақылға, парасаттылыққа толы. Оның әр бір шығармасынан рухани қазына, тағылымы мол тәлім-тәрбие алуға болады.

         Алла тағала адамды нендей мақсатпен жаратқан. Адамды Алла ізгі іс, ізгі мақсұтпен жаратқан. Шəкəрім Құдайбердіұлы бұл сұрақты тек адамға ғана қатысты қойған. Сондықтан адамды ең негізгі оны адам етіп тұрған адамшылдығы, ақыл-ойы. Ақыл-ой тек қана адамға ғана тəн. Адам сондықтан, сол ақыл-ойға тəн əрекеттер жасау шарт. Адамды басқа тірі тіршілік иелерінен өзгешелендірген ақыл-ойы. Бұл өмірге адам болып келген соң, ар намысыңды биік ұстап адам болу парызың. Ойшылдың барлық адамдарға айтар насихаты адал еңбек, нұрлы ақыл, адамгершілік қасиет болғанда ғана нағыз толыққанды адам болып қалыптасатынымызды айтады.

         Осы ақыл-ой арқылы адамдар өзінің жаратушысын тануы, өзін-өзі тануы. Адам өзінің бір ғана берілген ғұмырын қор қылмай тек орынды əрекетпен, адамшылдықққа сай өмір сүруі. Адамдық болмысын түзеу, адамға сай құндылықтырға қол созу, адам өзінің бойындағы ізгі қасиеттерді сақтау, бір ғана берілген ғұмырын қор қылмай адам деген атта өмір сүру. Өзін тану, өзін жаратқан Алланы тану. Алла тағаланың адамды жарату мақсаты – жаратушы болуының айғағы. Адамның мақсаты – Жаратушыны тану.

         Жалпы Шəкəрім Құдайбердіұлының дүниетанымында тіршілік дегеніміз – жан мен тəннің бірлігі.

         Шəкəрім Құдайбердіұлының адамның адамшылдығы дегенде жеке бастың мəселесін емес, оның заманға қатысты жағынан айтып тұрған секілді. Адамның заманды өзгертпекші болуы немесе құраралық іс, адам қанша арман, қиялға берілгенімен, ол өзінің табиғатынан асып шыға алмайды. Шəкəрім адамның адамшылдығы дегенде жеке бастың мəселесін емес, оның заманға қатысты жағын айтып отыр. Мұнда көбіне біз адам арқылы заманды танимыз ба, əлде заман арқылы адамды танимыз ба? Бірақ заманды өзгертуші, бəрін жасаушы адам. Сондықтан «заманына қарай адамы» деген орынды түсінік. Ғылым дүниені əрі түзетуші, əрі қарайтушы дейді Шəкəрім Құдайбердіұлы. Расында да, заманды жасайтын адам дейміз. Қазіргі күні осы Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясы адамдарға ауадай керек. Рухани азған адам мен небір сұмдықтар орын алып жатқан қоғамда, біздің ішкі жан дүниемізді нұрландыратын таптырмас асыл мұра.

         Ғылым қаншалықты қарқындап дамып, күн өткен сайын тың жаңалықтар ашылғанымен, оның табиғи күйіне келтіріліп жатқан зиянды да ұмытпаған орынды. Ойшылдың да «Ғылым дүниені əрі түзетуші, əрі қарайтушы» деп тереңнен орағытып, ой тастай айтып отырғаны осы болар.

         Адам өзгеріс жолына түскен сайын құпияға айналмақ, адам құпиясы ашылса, дүние ойран болмақ. Адам құпиясы дегеніміз – адамның өмірі мен өлімі. Салихалы дұрыс өмір сүру, әр адамның жеке дүниетанымына тікелей байланысты.

         Замана озған сайын білім молайып, адамдар білімді бола бастайды. Мұның нəтижесінде күн озған сайын, білім молыққан сайын, адамдар білімді бола бастайды. Ал білімі молыққан сайын адам өзін адам емес күйге бастай бермек. «Адам емес, күй», – деп отырғанымыз өзінің жаратушысы берген табиғатын місе тұтпай, өзін жетілдірмек мақсатында өз болымысынан шығып кету қауіпі. Заман өткен сайын адамның адамгершілігі түзеліп бара ма, бұзылып бара ма деген сауалға, бəріне жауапты адам. Адамды өзгертетін ол мына қоғамда дамып жатқан технологияда емес, əрбір адамның өзінің ақыл-ой санасына байланысты болатын əрекеттер. Қаншама жылдар бұрын өмір сүрген ойшылымыздың айтып отырған философиялық ойлары тура бүгінгі біз өмір сүріп жатқан заманның нақты әрі өзекті тақырыбы болып отырғанын айқын байқаймыз.

         Əрбір адамның адамшылдығы ол қоғамның дамуына өте күрделі əсер ететін құндылықтардың бірі емес пе еді. Тағдырды тағдыр ететін адам, Шəкəрім Құдайбердіұлының бұл сауалына біз əр түрлі жауап бере аламыз. Замана озған сайын адам əр түрлі тұжырым-ойлармен толыға түспек, бірақ, сірə, адамның соты адам емес пе, оның Жаратушысы болғаны табиғи түсінік пе? деген пікірдеміз. Демек, адам азғындалып кетпес үшін адамгершілік қасиеттен айрылмай, ар намыс ұғымдарын биік ұстау керек екенін баса айтады. Шəкəрім Құдайбердіұлының дүниетанымындағы өзекті мəселелердің бірі ел басқару жөнінде. Шəкəрім Құдайбердиев халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын мемлекеттік биліктегі лауазымды адамдардың еш уақытта азғындық пен бұзақылық жолға салынып кетпеуін армандайды. Мемлекетті азғындық жолдан тазарту жəне орынсыз əрекеттердің қоғамда көбейіп кетпеуі үнемі адамдарды ойландыратын мəселе. Жалпы Шəкəрім Құдайбердіұлын тарихта екі бейнеде көрсетеді. Бірі қырыққа дейінгі Шəкəрім, бірі қырықтан кейінгі Шəкəрім. Қырыққа дейінгі Шəкəрім – ел билеген, болыс болған Шəкəрімнің бейнесі, қырықтан кейінгі Шəкəрім – артқы ұрпағына өлмес із қалдырған, ізгілікке жол ашқан Шəкəрімнің бейнесі. Бұл екі кезеңді қамтитын ойшылдың өмірі мен өнегесі біз үшін өнегелі өмір жолын көрсетеді.

         Шəкəрім Құдайбердіұлы мемлекеттік билік, ел басқару кез келген адамға кері əсерін тигізеді деп таныған. Қайтседе билік адамға ерекше əсер ететін оның болымысын өзгертетін құбылыс ретінде есептеген. Содан кейін Шəкəрім Құдайбердіұлы өзінің болыстығын інісі Оспанға тапсырады. Қырықтан кейінгі Шəкəрім ол артқы ұрпағына өлмес құндылықтар қалдырып ізгілікке бастаған бейне.

Тамам жанды билемек,

Жалғыз өзі сөйлемек.

Мұның түбі не болар,

Үмітің болды не демек?

 Досты мықты қылмасың,

Дұшпаныңды қырмақсың.

Аяғында сен де бір

Кішірек құдай болмақсың.

         Шəкəрім Құдайбердіұлы жеке адамның шексіз билікке ие болуын «кішірек құдай болмақ сын» деп қатты сынға алады. Биліктегі адамның халқына əділ қызмет етіп, адамшылдық заңдылықтарын бұзбай əділ ел билеуге шақырады. Себебі халықтың жағдайы оны басқарып билеп отырған басшысына байланысты. Қазақта «Балық басынан шірейді» деген мақал тегінен-тегін айтылмаса керек.

         Шəкəрім Құдайбердіұлының дүниетанымы осының дəлелі емес пе? Қазақтың ұлы ғұламасы Шəкəрімнің дүниетанымының тууына себепкер болған немере ағасы Абай атамыздың айтқан сөздері есімізге оралады:

Өлді деуге болама ойландаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -

деп мұның шешімін тапқан ойшыл Абайдың сөзі дəлел болмақ.

 Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Шəкəрім шығармалары. – Алматы: Жалын, 1988. – 580 б.
  2. Шəкəрім. Энциклопедия / Бас ред. Е.Б.Сыдықов. – Семей: ЖШС, 2008. – 826-б.
  3. Рахымжанов Б.К. Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымына тарихи-философиялық талдау:  – Алматы:  2005. – 121 б.
  4. Тұрдықұл Шаңбай. Шәкәрімнің философиялық лирикасы. //Шәкәрімтану мәселелері. 3 т. – Алматы: Раритет, 2007. – 370 б.

К.Байатта

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

тариx және құқық институты, саясаттану және

әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының магистранты

1287 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз