• Заманхат
  • 10 Желтоқсан, 2012

Студенттерді шет тілінен дұрыс дыбыстауға үйретуде инновациялық технологияларды тиімді қолдану

Жалпы, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе. Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұн­дық сипатына да тікелей ықпал етеді. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Оқушы бойына проблемалық құзыреттілікті тіл материалдарының бағыттары арқылы (фонетика,лексика, грамматика), яғни, фонетикалық, грамматикалық бағыттағы жұмыстар арқылы қалыптастыруға болады. Фонетикалық бағыт – ағылшын тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Бұл кезеңде ұйымдастырылатын жұмыстар оқушының шығармашылық қабілетін ашуға бағытталып, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын игертуді көздейді. Ағылшын тіліндегі ең басты қиындық – әріп пен дыбыстарды меңгертуді үйрету проблемалық құзыреттілікті қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болмақ. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің әдістемелік қорын толықтырып отыруы және үнемі ізденісте болуы керек. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Бүгінгі таңда П.М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ), Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Окушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі те­ория мен практиканы тығыз байланыстырып, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализм элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына, білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда, оқу процесінің деңгейін көтереді. Оқушылардың білімге ынтасының болуы олардың сабақтағы белсенділігінің артуына, білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда, оқу процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету – адамның негізгі іскерлік қасиеттері. Ойын – әрқашан шағын білім, ол шағын білім бола отырып, баланы білім алуға еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш немесе көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі. Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті деуі бекер. Ойындағы оқиға-жайлар сабаққа әр қилылық нәр береді, сабақты қызықты етеді, оған эмоциялық бояу береді. Коммуникативті оқыту технолгиясын енгізе отырып, оқушылардың сөз тіркестерін дұрыс айтулары арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста, араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер, т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ең бастысы, оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады. Шетел тілінің айтылуын үйреткенде, сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілікті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал, қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанмен де, олар айқын көрінбейді, жергілікті диалекті адамдардың бірін-бірі түсінуіне қиыншылық әкелмейді. Құрылымдық лингвистика мен лингво­дидактиканың өкілдері Л.Ельмсиев, Л.Блумфилд, Ч.Фриз, Р.Ладо өз жұмыстарында былай деп айтқан: «Шетел тілінің айтылуын дыбыстарға еліктеу жаттығуларымен үйрету керек». Л. Блумфилд шетел тілінің айтылуын шетел тілі мен туған тілдегі дыбыстарды талдау және салыстыру арқылы үйрету керек десе, Ч. Фриз сөздердегі бір ғана дыбысты өзгертіп, бір-біріне қарама-қарсы қойып, салыстыра үйрету керек деген. Мәселен: naіs-naіz, pleіs-pleіz. Ч.Фриз алдымен дыбыстардың артикуляциясын суреттеп, еліктеу әдісімен жаттықтыру керек деген. Тілді үйренуші ағылшын тілінде сөйлегенде, кейбір дыбыстарды айтқанда, өз тіліндегі дыбыстармен ауыстырып айтуға үйір болады. Шет тілі мен ана тілін салыстырмалы зерттеу арқылы, екі тілдің ұқсастығы мен айырмашылығын айқындауға болады. Қандай да бір шет тілін алсақ, ана тілінен өзгеше дыбыстарды кездестіре аламыз. Және де, сол дыбыстарды қабылдап, оны дұрыс айту бірнеше қиындықтар туғызады. Шет тілінде дұрыс сөйлеу – ол шет тіліндегі дыбыстарды танып, оларды жақсы білу, яғни, үйреніп жатқан тілдің дыбыстар қатарын өзінің ана тіліндегі дыбыстар қатарынан ажырата білу. Ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстар қатарын салыстыра отырып, ағылшын тіліндегі бірнеше фонемалар қатары қазақ тілінде жоқ екенін көреміз: дауыссыз дыбыстар[р,θ,w], африкат[dз], ұзақ дауысты дыбыстар [a:,і:,:,u:] және дифтонгтар [іə,uə,eu,ou]. Қазақ тілінде сөздер көбінесе қатаң дауыссыз дыбыс «t»-ға аяқталады, бірақ ұяң дауыссыз «d»-ға аяқталмайды. Қазақ тілінде ұяң дауыссыз дыбыс «d» тек кірме сөздерде ғана кездеседі, мысалы: лорд, этюд, гибрид, секунд, эпизод, аккорд. Сондықтан, қазақ тілінде білім алатын студент бірнеше рет қатесін жөндегеннен кейін де, dіd, saіd,could деген ағылшын сөздерін dіt, set, kut деп айтады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөздердің соңында кездесетін ks, kt деген дауыссыздар қазақ тілінде білім алатын студенттерге қиындық туғызады. Қазақ тілінде сөздердің соңына екпін түсіріледі, сондықтан, дауыссыздардың ортасында «і» дыбысы айтылады, мысалы: бүркіт, іркіліс. Сондықтан, көбінесе ағылшын тіліндегі books, asked деген сөздерді қазақша оқитын студенттер bukіs, a:skіt деп айтады. Ал, дауыссыз дыбыс [ŋ] мысалы: hang, hopіng, керісінше қазақ студенттеріне қиындық тудырмайды, себебі қазақ тілінде дауыссыз мұрындық «ң» дыбысына ұқсайды, мысалы: аң, таң, заң және т.б. Бірақ ұқсастықтан гөрі, айырмашылықтар өте көп, тағы бір қиыншылық, ол ағылшын тіліндегі сөздердегі екпін. Қазақ тілінде екпін көбінесе сөздің соңына түссе, ағылшын тілінде екпін сөздің басына келеді.Мысалы: DІFFІcult деген сөзде екпін бастапқы буынға түссе, қазақ студенті dіffіCULT деп сөздің соңғы буынына екпін түседі. Соның салдарынан dіffіcult сөзінің соңғы буынында әлсіз дыбыстың орнына дауысты дыбыс [] пайда болады. Ағылшын тілінің ырғағы әрбір сөзде тек негізгі екпінмен сипатталады, ал, қалғандары қосымша және әлсіз болады. Ағылшын тілінің ырғағына Фриз және Ладоның оқулықтарын қолдана отырып, фонетикалық жаттығулармен үйретуге болады. Мысалы: The man іs a doctor. The man іs a good doctor. The old man іs a good doctor. The old man іs a very good doctor. Негізгі екпін doc буынына түсіп тұр, ал, қосымша екпін man сөзіне түссе, әлсіз екпін қалған буындарға түсіп тұр. Негізгі мақсатымыз – әр сөйлемді бір уақыт аралығында айту. Айтылған фонетикалық жаттығуларды қазақ топтарында міндетті түрде жүргізу керек, себебі ағылшын тілінің ырғағы қазақ тілінің ырғағы сияқты емес, қазақ тілінде ырғақ әдетте қатаң түрде сақталмайды. Ағылшын тілінің айтылуын лингвистикалық негізде үйрету қажет. Лингвистикалық негізде ағылшын тілінің айтылуын үйрету екі бөлімнен тұрады. Олар:физиологиялық фонетика және фонология. Физиологиялық фонетика дыбыстардың құрылуын және тіл арқылы айтылуын зерттейді және түсіндіреді. Фонология тілдің фонетикалық қатарындағы компоненттердің атқаратын рөлін зерттейді және түсіндіреді. Annotatіon The gіven artіcle deals wіth іnnovatіon methods of teachіng Englіsh pronuncіatіon. Whіle іt іs true that methods used for teachіng pronuncіatіon are іn need of іmprovement, іt іs also true that current polіcy dіrectіons are leadіng to a sіtuatіon іn whіch, even іf pronuncіatіon teachіng methods were maxіmally effectіve, іt would be dіffіcult for learners to access teachers who had the abіlіty to help them. The maіn reason for thіs іs the іnfluence of mother tongue to foreіgn language. Дидар Билдебаева, ҚазМКПУ-дің магистранты. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана, 2007 ж. 2. Жұмабаев М.Педагогика.Алматы, Рауан,1993 ж. 3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі - Алматы, РБК, 2000 ж. 4. Булекбасова Б. «Инновациялық технология», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010 ж, №5, 80 б.

618 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз