• Еркін ой мінбері
  • 31 Шілде, 2020

Демография – ұлт рухын көтерудің негізгі арқауы

Ақнұр ОРАЛОВА, тарих ғылымының магистрі

Әр халықтың демографиялық санасы сан қырлы, көп қатпарлы.  Тарих бедерлерінде талай тарихи-демографиялық сынаққа ұшыраған қазақ қоғамында халықтық демография ұлттық сананың мәйегі мен басты дәнекері болып келген. Оған дәлел халқымызды ыдырата, қырып-тоздырудың бар амал-айлаларына төтеп беріп, орны толмас тарихи шығынға ұшыраған ата-бабаларымыздың ұлттық рухының сөнбей, бізге жеткені. Осы орайда, бүгінгі күні саяси-демографиялық ой-сананың рөлін арттыру мен халық санының өсіп-өну үдерісінде ұлттық рухтың маңызы басым.

Қоғамда бірақ бір келеңсіз жайт бар – ол әрбір адам өз өзін демографпын деп есептеуі. Әдетте адамдар демография ол – әдеттегі тұрмыстық, қарапайым да түсінікті құбылыс деп қабылдайды.

Бүгінде халықтың өсу мәселесі мемлекеттік деңгейде жолға қойылған. Бүгінде бала туу саны артуда, яғни, міндет орындалуда және бұл мәселені зерттеп-зердеп, тарихи тамырына үңілудің қажеттілігі шамалы деп санайды.

Қоғамда демография дегеніміз ол – жай өткен кезеңдер бойынша статистикалық бақылау деп тар шеңберде түсінгендіктен, бұл сала тұрмыстық деңгейге түсіп кеткенін жоққа шығармаймыз.

Белгілі демограф ғалым Мақаш Байғалиұлы: «Әу баста «демография» деген терминдi тек «статистика» деп қана айтатын. Кейiннен демография ғылым ретiнде дамып, үлкен деңгейге көтерiлдi. Демография – қоғамдық ғылымның iшiндегi ұйытқысы, белсендiсi» деген анықтама береді.

Алайда, отандық демография ғылымының қалыптасып, дамуына толағай теңіз үлес қосқан ғалымдардан А.И.Левшин, П.Г. Галузо, Е.Е. Бекмаханов, Б.С. Сүлейменов, Н.В. Алексеенко, И.Д. Никифорова, В.В. Козина, М.Х.Асылбеков, М.Тәтімов, М.Қозыбаев, Н.Бекмаханова және басқа да зерттеуші ғалымдарды айтуға болады.

Тұтас алғанда,  демография ғылымы халықты тану, халықтың өсіп-өнуі, туу мен өлім, көші-қон мәселесі, жастық-жыныстық ерекшеліктер, еңбек ресурстары, әлеуметтік мәселелерді қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерделейтін ғылым саласы. Қазақстанда демография ғылымы кенже дамыды. Еуропа елдерінде XVIII-ХІХ ғасырлар шамасында қалыптасса, Ресейде ХІХ ғасырдың аяғына қарай даму жолына түсті.

Бізге дейін Кеңес үкіметі кезеңінде 1970 жылдардың аяғы 1980 жылдардың басында жаңа бетбұрыс басталды. Кеңес үкіметі дәуірінде 1937 ж. санақтан кейін, санақты жүргізген адамдардың басшыларының барлығы сотталып, айдалып кетті. 1939 жылғы  халық санағы толық жарияланған жоқ.

Академик, демограф ғалым М.Х. Асылбеков ғылыми зерттеуінде: «Е.Е. Бекмаханов өзінің кітабында 1847 жылғы қазақтың санын көрсетіп кетті. Б.С.Сүлейменов реформаның кезінде қазақты 2 миллион деп ашып айтты. Алаштың арыстары Ә.Бөкейханов 1897 жылдан бері қарай 5 млн. екендігін атап өтсе, ал М.Тынышбаев тіпті 6 млн. деп көрсетеді. Ұлы Абайдың да сөздерінде 6 млн. қазақ бар екендігі айтылады. Шамасы Қытайдағы қазақтарды қосып айтқан болса керек. Негізі қазақтың саны 4 миллионнан асқан емес» деген пікірді алға тартады.

Қазақстан халқының демогра-фиясын, көші-қонын, дәуірлеуді отандық көшбасшы демограф ғалымдар жасап, жариялағаны мәлім. Мәселен, революция жылдарына дейінгі бір дәуір, Кеңес үкіметі кезіндегі бір дәуір, қазіргі тәуелсіздік кезіндегі бір дәуір деп үшке бөліп қарастырған. Дәуірлеу процесінде қазақ халқының үлесі критерийіне баса назар аударылды. Революцияға дейінгі дәуірді бөліп алғанымызда, қазақ халқының басымдылығы байқалды.  ХІХ ғасырдың аяғында 87% болса, 1917 ж. дейін 57%-ке төмендеді. Ал кеңес дәуірінде халық саны кемуге ұрынды. Ал, тәуелсіздіктен кейін көбейді.

Кеңес дәуірінде негізгі кезеңдер:

1) 1939 жылға дейін;

2) 1959 жылға дейін;

3) 1991 жылға дейін кезеңдер бойынша зерттеу нысанына алды.

Сталинизм тұсындағы заманда территориялық, мәдени тұтастық жоқ басқа мемлекеттердегі қазақтар бөлек, одақ ішіндегі қазақтар бір бөлек ұлт болып саналды. Қазақтың бәрі де бірдей емес, ауыл қазағы, қаланың қазағы бар, шала қазақ деп айтып жатамыз. Біз оларды қалай болса да нағыз қазақ етуге тәрбиелеп, бағыттауымыз қажет.

Белгілі тарихшы ғалым Манаш Қабашұлы  өз зерттеулерінде тарих үдерісіндегі халық пен тұлға мәселесіне негізгі зерттеу еңбектерін арнаған. Ғалым Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз ел атанған қазіргі жағдайдағы демографиялық процесс пен олардың негізгі проблемаларын талдауда жаңаша көзқарас қажеттілігін айта келе, тарихи отанында өмір сүретін қазақтардың үлес салмағының азаюына алып келген демографиялық жағдайдың өзгеруіне ықпал еткен негізгі тарихи кезеңдерді ашып көрсетеді.

І кезең XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы тұсындағы қазақ халқының демографиялық шығынға ұшырауы. Осы кезеңде қазақ халқының этносына өмір сүру қаупі туындады.

ІІ кезең – қазақ жерінде әскери казак бекіністері мен шептерін салу және қазақтардың жерлерін тазарту (он шақырым жолақ).

III кезең Кенесары ханның басшылығымен көтерілісті басу кезеңінде XVIII ғасырдың 40-50 жылдарында Орта жүз қазақтарының 400 мың отбасының еріксіз қоныс аударуы. Бұл негізінен Атығай, Қарауыл, Қаракесек және т.б. рулық бірлестіктерге қатысты орын алған жағдай болды. IV кезең қазақтардың 1867-1868 жж. Патша өкіметінің әкімшілік-аймақтық реформаларын жүргізуі және салдарынан Орта және Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін мәжбүрлі түрде көшіруі. Келесі кезең – ХІХ-ХХ ғғ. шаруалардың Қазақстанға қоныс аудару саясаты. VI кезең 1916 жылғы Амангелді Имановтың басшылығымен көтерілісті басу және 1 млн. астам қазақтардың Қазақстаннан тыс Қытайға, Монғолияға, Иранға, Әзірбайжанға, Ауғанстанға, Түркияға еріксіз қайтуы. VIІ кезең – 1912-1922 жж. азаматтық қарама-қарсылық жағдайы, «Алаш» қозғалысы және атамандар Дутов пен Анненков әскерлерімен қазақтардың бір бөлігінің Қытайға қоныс аударуы. VIII кезең – ХІХ ғ. 20-30 жылдарындағы күштеп ұжымдастыру және демографиялық апат.

Бұл тарихи оқиғаны зерттеуде Манаш Қозыбаев, Қайдар А?????????? ????? ???????? 1,750 ??????? ???? ???????? ????, ??????? ????? ????????? ??? ??????????? 2 ?????????? ????? ????? ???????.

???????? ???????? ????? ???????????? 1915 ????: ??????-?????, ?? ???????, ???? ??????? ????????? ????? ????. ??? ????? ??????? ????????? ??? ?????? ????? ???????? ???? ????? ?? ??? ?????? ??????????? ????? ????????????? ??????? (1916-21, 1931-33, 1941-45 ?????????? 15 ????? ?????? ????????) ???? ??????? ????? ????? ??????? ???. ??? ???????? ????? ???????: ????????????? ?? ??????????????? ??? ??? ????????????? ??????????? ????????? 1915 ????? 5 ??????? ???????? 1945 ???? ??? ???? ?????? ??????????? 2 ????????? ???? ?????-?????? ???? ???? ??????? ??? ?????????.

???????? ??? ??????? ?????? ???? ?? ? ?????????? ?????????? ??? ?????????? ?? ??????? ????? ???????? ????????, лдажұманов сынды ғалымдар 1,750 миллион адам қырылған десе, тарихшы Талас Омарбеков бұл көрсеткішті 2 миллионнан астам деген пікірде.

Қазақтың ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлы 1915 жылы: «Алһам-дилля, аз емеспіз, алты миллион қазақпыз» деген екен. Сол кезде алтыншы миллионға аяқ басқан қазақ халқының отыз жылда үш рет дүркін қайталанған күшті демографиялық апаттан (1916-21, 1931-33, 1941-45 жылдардағы 15 жылға дерлік созылған) саны ортадан төмен түсіп кеткені аян. Ірі демограф Мақаш Тәтімов: «Қазақстанның өз территориясында осы ұлы демографиялық дүрбелеңдер алдындағы 1915 жылғы 5 миллион халқынан 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғанда 2 миллионға әрең жетер-жетпес қана саны қалған» деп көрсетеді.

Тарихтың ащы ақиқаты біздер үшін ол – халқымызды отаршылдар мен әміршілдер ХХ ғасырда небір зұлматты қырғынға, саяси қуғынға, ғаламатты геноцидтер мен қасіретті қайғыға ұшыратпағанда, әртүрлі шұбырындылық пен босқыншылыққа душар етпегенде еліміздегі халық саны қомақты дәрежеге жетері хақ еді.

Шынында 300 жылдай жаугершілік заманды өткерген, 75 жылдай әкімшіл-әміршіл жүйеден езіліп-жанышталған қазақ халқы өткенді еңсеріп, азат ел ұрпақтары ретінде қайта өсу, даму, жаңғыру жолына түсті.

Кез-келген мемлекеттегі ресми статис-тикаға аса сенуге болмайды. Себебі, бұл саясаттың мәселесі. Ал енді өскенін халық көп байқай бермейді. Жалпы статистиканың бәрін жоққа шығаруға да болмайды. Сондықтан, статистикаға сыни көзбен қараған жөн. Қазіргі кезде қазақ ұлтының құрамдас бөліктерінің Қазақстаннан тысқары қырықтан аса мемлекетте өмір сүріп отыруы тарихи саяси өзгерістердің салдары десек, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылда бір миллионға жуық қандастарымыздың тарихи Отанына оралуы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  е? ??????????????? ??????? ??????? ??????, ??????? ????? ???????? ?????? ???????? ?????????? ??????? ???????? ????????? ???? ?????? ???????.

л тәуелсіздігінің алғашқы жылынан бастап, дәйекті түрде қолданып келген салиқалы саясатының қомақты нәтижесі екендігін атап айтуға тиіспіз.

Тәуелсіздік алуымен күрделі мәселелердің бірі қандастарды отанға қайтару мәселесі болды. Көтерілген проблеманы шешу елдегі демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында болғаны аян. 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 14 млн. адам өмір сүрсе, 1989 жылғы санақ нәтижесі 16 млн. адамды көрсеткен болатын. Осы орайда мемлекет тарапынан репатриация мәселесі көтеріліп, Елбасы Н.Назарбаев оң істің бастауында болып, өз еңбегінде қандастардың атамекеніне оралуын егеменді мемлекет тұрғысынан атап көрсетті.

Қазіргі диаспора мәселесі тек ұлттық мүдде тұрғысынан емес, өткеннің қателігі мен кемшіліктерін түзету, адам құқын қорғау қырынан қарастырылуы тиіс деп ұғынуымыз қажет.

Қазақстан ТМД бойынша және жалпы түркітілдес халықтар ішіндегі тарихи отанына қандастарын жинау бойынша кең көлемді шараларды қолға алған жалғыз мемлекет. Осы сынды нақты шаралар әлемде Германия мен Израиль мемлекеттерінде жүзеге асырылып отыр. ҚР-ның Тұңғыш Президенті Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырда демографиялық тұйықтық мәселесін қозғап, әлемдік демографиялық  саясат аясында көрші Ресейдің саяси тәжірибесін мысалға келтірді.

Қазақ диаспорасының кең етек жаюына жаугершілік заман мен отаршылдық саясат барынша ықпал еткенін біз тарихтан білеміз. Алдымен ақтабан шұбырынды кезінен басталды. Солтүстік-шығыстан басып кірген жоңғар әскерлерінің оңтүстік-батысқа бас сауғалап, Орта Азия жеріне тереңдей енді. Ташкент маңындағы құрамалар сияқты Мырзашөлде, Шыршық, Тамды аймағында тұрақтап та қалғандары жоқ емес. Қандастарымыздың Қытай мен Моңғолияға қарай қоныс тебуіне азамат соғысы, «қызыл-қырғын» деген атаумен тарихта қалған оқиғалар арқау болды.

Белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов «Қазақ әлемі» атты монографиясында «Диаспораны қазақша шашырау, ал репатрианттарды ізгі тілекпен еліне қайтқан майтабандар деп айтып жүргеніміз осыдан. Ал екі халықтың ортасында отырып, не онда жоқ, не мұнда жоқ, сөйтіп өтпелі жағдайда қалған дүбараларды біз маргиналдар деп жүрміз. Екі ұлттың арасындағы аралас некеден туған шатырларды метистер дейміз. Олардың саны 1989 жылы 450 мыңға жетіп жығылады» деп жазады. 

Жалпы алғанда, «диаспора» – грек сөзінен аударғанда шашыраңқы өсу деген мағынаға ие. Басқа жаққа кетіп, шашыраңқы жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз ата-мекеніне қайтып оралғандарын репатрианттар дейді.

Ғалым Г.Меңдiқұлова «Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры. Пайда болуы мен дамуы» атты еңбегінде: «Осы жерде шетелдердегi қазақтардың бәрiн «диаспора» деп атүстi айта салудың өзi қай жағынан болсын (ғылыми, заң жүзiнде және т.б.) дұрыс болмайтынын ескерген жөн. Себебi, «диаспора» деген сөз ұлттың өз Отанынан басқа елге шашырап кеткен топтарын бiлдiредi. Өз атамекенiнде қалып қойған Ресей, Өзбекстан мен Қытайдағы қазақтарды «ирридент» деп атау жөн болар» деген пiкiр ұсынады.

Алайда бұл мәселеге тарихшы М.Х.Асылбеков «История Независимого Казахстана» атты кітабында  «ирридент» деген сөздің саяси қателігін айшықтап, бұл сөзді қолдануға болмайтындығын алға тартады.  Бұл сөзді пайдаланудың саяси қателігін Италиядағы фашизм қозғалысымен түсіндіреді. Қазақ халқының көбейгеніне біз өзіміз мүдделіміз. Бұл міндет – өз отанымыз бен жерімізді, елдігімізді сақтап қалу үшін қажет.

Демографиялық жарылыс болу үшін елдегі әлеуметтік жағдай деңгейі көтеріңкі болуы шарт. Бұл тұста, баспана мәселесі, тамақтану, балалар мен әйелдердің денсаулығы мен күтіміне жағдай жасалынуы маңызды. Соңғы жылдардағы ресми деректерге сүйенсек, 2019 жылдың тамыз айында Қазақстан халқының саны 18,3 млн-ға жетті. Егер ЖІӨ өсу қарқыны 7-8% құраса, бұл көрсеткіш 2030 жылы  21 млн. адамға дейін артуы мүмкін дейді. Сондай-ақ, елімізде 2 миллион халқы бар қала пайда болады деген болжам бар.

Бүгінгі жаһандану үрдісінде ұлт болып сақталып, жеріміз бен мемлекеттілігімізді сақтап қалу үшін қазақ халқының рухын жоғары деңгейге көтеруіміз қажет. Ол үшін этникалық, территориялық, тілдік, мәдени және әдет-ғұрыптарымыз ортақ барша қазақ қандастарымыздың бірлігі мен тұтастығында деп санаймын. Ең бастысы, елдік рухымыз асқақтаса халқымыздың өсіп-өнуі арта түсері анық.

Қазақ халқының өсіп, өрісінің кең жайылуына кері ықпалын тигізген сонау тарихи уақиғалар, жалпы алғанда, жоңғар шапқыншылығы, он алтыншы жылғы ұлт-азаттық сипаттағы  көтерілістер, азамат соғысы, голощекиндік геноцид, сталиндік репрессия, Ұлы Отан соғысындағы демографиялық апаттардың салдарларын жоюдың сара жолында тұрмыз. Осы орайда ұлттық рухымызды биік ұстанып, халқымыздың ынтымағын сақтап, бүгінгі демографиялық дербестік жағдайын оңтайлы пайдалануымыз ауадай қажет.

Ірі әлеуметтік-экономикалық мәсе-лелерді шешкенде, оның демогра-фиялық жағдайы да қарастырылып-ескеріліп отырса, онда ұтарымыз көп болатыны айқын. Мемлекеттік маңызы бар әрбір істі жүзеге асыруда сіз бен біз болып қазақ халқының атажұрттағы санын арттыруды әрдайым есте ұстануымыз абзал.

318 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ШАРБОЛАТТАЙ ШЫҢДАЛҒАН ҚОҒАМ
Келесі мақала ТҮЗУ АҒАШТЫҢ КӨЛЕҢКЕСІ ҚИСЫҚ БОЛМАЙДЫ немесе қоғамдағы әкелердің рөлі

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №8

29 Тамыз, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы