• Еркін ой мінбері
  • 29 Тамыз, 2020

ҮШ ТІЛДІ БІЛУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Бүгінгі заманның талабы ана тіліңмен қатар тағы да бірнеше тілді меңгеруді хош көреді. Неге десеңіз, бірнеше тілді білген сайын адамның іскерлік мүмкіндіктері ашыла бастайды. Елімізде қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін оқытуға бағытталған «Үш тұғырлы тіл» жобасы кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында «Үш тұғырлы тіл» тұжырымдамасын жүзеге асыруға көңіл бөлінуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген биылғы сұхбатында үш тілде білім беру мәселесін де тілге тиек еткені белгілі.

Президент: «Қазақ тілін дамытамыз деп орыс тілінің мәртебесін шектемеуіміз керек. Жоғарыда айтқанымдай, тіл мәселесінің астарында үлкен саясат бар. Сондықтан бұл тұрғыда асығыстық пен жалаң ұрандату мемлекеттігімізге кесірін тигізуі мүмкін. Жалпы алғанда, жоғары оқу орындарында нақты ғылымдарды орыс тілінде оқыта берген жөн. Осы ретте бізге Малайзияның тәжірибесі үлгі бола алады. Бұл ел алғашқыда ағылшын тілінен бас тартып, кейіннен ойлана келе, оны жоғары оқу орындарында және дипломатиялық қарым-қатынастың құралы ретінде қалдырды. Біздің өскелең ұрпақ қазақ тілімен қатар, орыс тілін де еркін меңгеруі керек. Бұл – уақыт талабы. Мектептердің бас-тауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс. Орыс тілін де оқыту керек. Ал ағылшын тілін 5-6 сыныптардан бастап мектеп бағдарламасына енгізген абзал» деп атап көрсетті.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «… барша қазақстандықтар қазақ тілін, орыс тілін – 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс» деп жазылған. Осы ретте, көптілді оқыту – білім берудің қоршаған әлемде болып жатқан үдемелі өзгерістерге бейімделгіштігін күшейтетін лингвистикалық біліктілігі жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына септігін тигізетін жаңа үлгісін құруды көздейді.
Қоғамдағы азаматтар ең бірінші бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды дейтін болсақ, сол тіл арқылы түрлі мәдениеттер арасындағы тілдесу диалогпен өркендейді. Иә, тіл – әр ұлттың дәстүрлі мәдениетімен байланыс-ты күрделі қарым-қатынас құралы. Бүгінгі заманғы инновациялық технология бүгінгі күні еліміздегі білім беру мекемелерінде білім алып жатқан шәкірттердің, тіл үйренушілердің әлем халқы тілдерімен тілдесуіне мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ» деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұнғиығына терең үңілуіне шақырды. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білу – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді» деді.
Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді.
Шынтуайтына келгенде, кешегі кеңестік заманда орыс тілі заманның кілті болды дедік. Енді алдағы асу – ағылшын тілі. Жалпы, адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Халқымызда «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деген халық қағидаты бар. Шығыс ғұламасы әл-Фараби жетпіске жуық тілді білген. Жазушы-аудармашы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі – шабытымның үш қайнар бұлағы» дейді. Орыстың жазушысы А.Чехов: «Бірер тіл білмеген адам өзін пас-портсыз жандай сезінеді» деген екен. Енде-ше, бәсекеге қабілетті ел болғымыз келсе, бірнеше тілді меңгеріп, сол тілдердегі білім және ақпарат көздерінен сусындап, тұлғалық қасиеттерімізді дамытайық дегім келеді.

 Гаухартас ӘБІЛОВА,
Павлодар қаласындағы Назарбаев
зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиешісі

71 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала БҮГІНГІ ТОЙЛАРДЫҢ ӘДЕБІ ҚАНДАЙ?
Келесі мақала ҚАТЕНІ ТҮЗЕТУ – ТАНЫМ ТАЛАБЫ, ІЛГЕРІЛЕУ КЕПІЛІ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №8

29 Тамыз, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы