• Тарих толқынында
  • 30 Қыркүйек, 2020

АЛТЫН ОРДА ЖӘНЕ ОНЫ БИЛЕУШІЛЕР

Талас Омарбеков,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ғылыми орталықтың директоры, тарих ғылымының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА Құрметті академигі

Жошы ұлысы Алтын Орданың саяси-этникалық негізі. Алтын Орда тарихы осы ұлы мемлекетті билеген барлық хандардың бабасы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы билеген ұлыспен тікелей байланысты. Алшындардың қазіргі Батыс Қазақстан өңірінде ежелгі Сармат, Дай, Аорс, Алан, Қаңлы, Оғыз бірлестіктерінде ежелден орныққан автохтонды рулық қауымдастықтарының үстіне  шығыстағы Байырқу конфедерациясынан шыққан оғыз-түріктердің бір бөлігінің және Қыпшақтармен ілесіп келген   рулар мен тайпалардың қоныстанулары жаңа этно-әлеуметтік ынтымақтасуларға жол ашты. Олардың бір аймаққа тоғысып, бір қауымдастыққа ұмтылған этно-саяси әрекеттерін Жошы ұлысының құрылуы біршама жеделдетіп жіберді. Сондықтан да, мемлекетіміздің тарихын әңгімелегенде Жошы ұлысын айналып кете алмаймыз. Бұл тақырыпта зерттеулер жүргізгендер баршылық.  Алайда қазақ тарихшыларынан мәселені саяси тұрғыдан нақтылауда Т.Сұлтанов пен З.Қинаятұлының монографиялары ғана ерекшелене алады. Бұл зерттеушілер, әсіресе Шыңғыс хан мен Жошының қазақ мемлекеттілігі тарихындағы орнын айқындауда қыруар жұмыстар тындырды.

Жошы есімінің «жолшы, жолаушы» деген мағынаны аңғартатынын зерттеушілер бір ауыздан мойындайды. Шығу тегі монғол емес, Меркіт деген дерекке сенетіндер, шын мәнінде Жошының өзінің ғана емес, балаларының да Монғол мемлекетін (Түрік қағанатын емес) нығайту үшін күрескендерін ұмыта береді. Қалай болғанда да, ол осы империяның басында тұрған Шыңғыс ханға өле-өлгенше адал ұл болып қалды. Ол әкесінің барлық тапсырмаларын белсенді орындап, оның барлық жорықтарына қатысты. Қазіргі қазақ жеріне моңғол әскерлері тұңғыш рет Жошы ханзаданың бастауымен 1216 жылы басып кірді. Олар өздерінің ата жауларына айналған түркітілдес Меркіттерді Ырғыз өзеніне дейін қуып келіп, түгін қалдырмай жамсатып қырып салды. Осыдан соң болашақ Алаш қауымдастығына белсенді мүше болуға әбден лайықты атақты Меркіт ұлысы тарих сахнасынан мүлде кетіп, ақырында кейінгі қазақ Керейлері құрамында шағын ру түрінде жан бағып қалды. Өзге діндегілермен жәбірлеуді ұнататын Мұхаммед Хорезм шах Жошыны осында қуып жетіп, соғысуға мәжбүрледі. Қырғын соғыста Жошының өзі асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Ол жаудың ту көтерушісіне бұза-жарып өтіп, талайдың басын алған қайқы қылышымен Мұхаммедтің өзінің қорғана көтерген қалқанына үш қайтара қуатты  соққылар берді. Осы үрейлі көрініс, шахтың мәңгі есінде қалып, оны өмір бойы қалтыратты және ақыры қатардағы сужүрек қашқынға айналдырды. Шыңғыс хан болса, баласының ерлігіне аса сүйсініп, оны марапаттай қолпаштады. Осылайша Жошы «Қыпшақ даласын» билеуге өзінің әбден лайық екендігін әкесіне алғаш рет іс жүзінде аңғартты.

Жошының басқыншылық келбеті оның Сыр бойындағы қалаларды бағындыру жорықтарында айқын көрініс берді. 1218 жылы бағындырылған Отырар жері арқылы ол, Қаңлылар мен Қыпшақтар аралас қоныстанған Сығанақ қаласына келіп жетті. Өзінің нөкерлері арасынан мұсылман Хасан қажыны «маған келіп бағынсын» деген тапсырмамен қала тұрғындарына жіберді. Ерлікпен қорғансақ, жан қалады деп ойлаған тұрғындар Хасан қажының берілу туралы ақылын тыңдамай, оның өзін өлтіріп тастады. Мұны естіп қаһарына мінген Жошы қалаға шабуылды бастады. Тәжірибелі монғолдар қалаға бір сағатта-ақ басып кірді. Елшісінің кегін алған Жошы он мың мұсылманды баудай түсіріп, қырып салды және қалаға билеуші етіп, Хасан қажының баласын қойды. Келесі қала Үзкентте жағдай басқаша болды. Қала тұрғындары Жошы ханзаданы үлкен құрметпен, мол сый-сыяпатпен қошеметтеп қарсы алды. Бұл Жошыға өте ұнады. Ол тұрғындарға да, олардың меншіктеріне де мүлде тиген жоқ. Аснаш қамалында да жағдай қайғылы аяқталды. Тұрғындар Жошымен соғысу үшін сыртқа белсеніп шықты. Алайда, монғол әскерлері оларды тамтығын қалдырмай қырып салды, ал қаланы жермен-жексен етіп тонады. Мұны естіп көрші Жент қаласының билеушісі бас сауғалап, Хорезмге қашып кетті. Жошы болса, тағы да өзінің Жантемір деген нөкерін қалаға елші етіп жіберді. Женттіктер де оны өлтірмек болды. Алайда, елші ебін тауып, құтылып кетті. Жошы осыдан соң қамалды қоршап, күшпен басып алды. Осыдан соң ол өзінің елшісін өлтірмек болғандарды қырып салды. Жошының қаталдығы басқа бауырларымен бірге Хорезм мемлекетінің бас қаласы Үргенішті алғанда тағы да көрініс берді. Олар оны бағындырған соң сан мыңдаған тұрғындарды аяусыз жер жастандырды. Ал қаланы түгін қалдырмай тонауға бұйрық берді.

Осыдан соң Жошы әскерлерімен әкесінің тапсырмасымен Қыпшақ даласына кетті. Мұнда ол жаңа ұлысты негіздеуді қолға алды. Жошы ұлысы «Бағынбағанның басы алынады, бағынғанның арманы орындалады» деген ұстанымды басшылыққа алды. Бұл жаңа ұлыста да бұрынғы Қыпшақ конфедерациясы тұсында шағын қауымдастықтарға біріккен ру-тайпалар этно-саяси дербестіктерін сақтап қала берді. Дін, тіл, әдет-ғұрып бостандығы салтанат құрды. Шыңғыс ханның «Жасағын» (Яссасын) және «Білігін» мойындаған, қажет кезде даруғаларға бағынып, Жошыға әскер жинап беретін және белгіленген салықты уақтылы төлейтін кез-келген ру басысы өзінің тайпалық аймағында еркін үстемдік жасады. Мұның өзі бұрынғы автохтонды тайпалар мен монғолдар қуалап әкелген шығыстағы түркілер қауымдастығын Қыпшақ даласына тығыз топтастыра түсті. Географиялық тұрғыдан бұл ұлысқа Батыс Сібірдің оңтүстігі, Төменгі Еділ аймағы, бүкіл шығыс Дешті Қыпшақ жері қарады. Мұнда Қыпшақтар, Алтындар, Жаппастар, Байбақтылар, Алашалар, Кердерілер, Табындар мен Тамалар, Адайлар, Беріштер,  Хазарлар мен Бұлғарлар, Саксиндар мен Аландар, Астар мен Аорыстар қатар мекендеп жатты. Бұлардың біразы Батыс Қазақстан аймағында біржолата орнықты және болашақ Алаш қауымдастығының қалыптасуына этно-әлеуметтік негіздер жасады. Осы ұлы далада жоғарыда атап көрсеткеніміздей, монғолдардың еркінен тыс, әсіресе, болашақ Алты Алаш бірлестігінің бір бөлігін құрайтын тайпалардың Алшын бірлестігі мен Қыпшақ қауымдастығын біріктіретін тайпалар одағы этно-саяси тұрғыдан жақындаса түсті және өздерінің түпкі тамырлары тереңнен бастау алатын қандас туыстар екендіктерін саналы түрде түйсіне бастады. Әрине Алты Алаштың біржолата біртұтас этноқауым ретінде қалыптасуы Жошы ұлысының шығыс бөлігінде оның үлкен ұлы Еженнің Ақ Орданы этно-саяси тұрғыдан нығайта түсуі барысында кейінірек, ХІV-ХV ғасырларда орын алды. Алты Алашты құрауға атсалысқан Жалайыр, Найман, Қаракесек (Арғын), Қоңырат алғаш Шағатай ұлысы құрамында болып, кейінірек Батуханның батысқа жорығы барысында Түркістаннан Қыпшақ даласына қарай жылжыды. Қазақ тарихы үшін Жошы ұлысының біріктіруші құдіретінің және оның жапандағы Қыпшақ даласында өмір сүруінің басты тарихи маңызы осында. Оны негіздеуші тарихи тұлға қанышер немесе қатыгез басқыншы болған болар? Онда біздің жұмысымыз жоқ. Мәселенің құндылығы осы тарихи тұлға ұйымдастырған мемлекеттің болашақ қазақ деген халықтың тағдырында жағымды рөл атқарғанында болып отыр. Оны өзінің саясатында кейініректе қазақтың Орта жүз тайпалары құрамына енген көптеген ұлыстар – наймандар, керейлер, қыпшақтар, уақтар, арғындар барынша қолдады.

Деректерді сараптай келгенде мынаны айтуға болады. В.Бар­тольд Жо­шы­ға әке­сі­нің «мон­ғол аты­ның тұяғы жет­кен­ге дейін­гі» шал­ғай жер­лер­ді ұсы­ну­ын мон­ғол­дар­да қа­лып­тас­қан дәс­түр­мен тү­сін­ді­ре­ді. Ол бой­ын­ша әке үл­кен ұл­да­ры­на қам­қор­лық­ты кө­зі ті­рі ке­зін­де жа­сауы тиіс бол­ды. Үл­кен ұл­ға не­ғұр­лым алы­сы­рақ, «үл­кен үй­ден» қа­шық­тау ай­мақ бө­лі­ніп бе­ріл­ді. Әдет­те әке ша­ңы­ра­ғы кі­ші ұл­ға тиесі­лі еді. Де­сек­те, Шың­ғыс­ хан­ның өзі­нің тұң­ғыш ба­ла­сы­ның иелі­гі­не «Қып­шақ да­ла­сын» қа­шан бер­ге­ні ту­ра­лы зерт­теу­ші­лер әр­түр­лі әң­гі­ме­лей­ді. Олар­ды са­рап­тай кел­ген­де мы­на­ны айтуға бо­ла­ды: Жо­шы­ны әке­сі 1221 жы­лы-ақ осы ай­мақ­ты би­леуге жі­бер­ді. Алай­да, оның ен­ші­сі (ұлы­сы) 1223 жыл­дың ба­сын­да бір­жо­ла­та нақ­ты­лан­ды. Сонымен бірге, Жошыны Шыңғыс ханға қарсы қоюға әрекеттеніп жүргендердің «зерттеулерінің» де негізсіз екенін айтпауға болмас. Қамшының сабындай қысқа өмірінде Жошы әке құзырына мүлтіксіз бас иіп қана қоймай, өзінің Ежен, Бату, Шайбан тәрізді даңқты ұлдарын да Шыңғыс аманатын бұлжытпай орындау рухында тәрбиелеп кетті. «Чингизнамеде» жазылғандай, Жошының бәйбішеден туған екі ұлының (Ежен мен Батудың) өзінің көз алдында әкеден қалған таққа таласудың орнына, оны бір-біріне итеріп ұсынған адамгершілік қасиеттеріне босаған Шыңғыс ханның өзі Жошыны алғыс сезіммен есіне алып, егілген еді. Әке рухына адал олар, аталары Шыңғыс ханның көшпелілердің бір орталыққа бағынатын мемлекет құру идеясына да беріле қызмет жасады. Жошы ұлысы негізінен алғанда кейіннен қазақты, башқұртты, татарды және т.б. түркі халықтарын құраған ірі-ірі түркі тайпаларының мекендеген аймағы болды. Олармен Жошыны жақындастыра түскен нәрсе Жошының шешесі Бөртенің қоңырат тайпасынан болуы еді.

Осы малға жайлы, аңдар мен құстарға толы бай өлкеге Жошы хан әділ де білікті билік жүргізіп, Еуразияда орнаған тұрақтылық пен бейбіт өмірді халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға, мәдениетін көтеруге бағыттады. Бірақ өкінішке орай, оның билігі ұзаққа созылмады: 1227 жылы  Жошы қаза тапты.

 Негізінен өзінің нағашылары болып есептелетін көшпелі түркілерге арқа сүйеген Жошы өзінің ордасын да солардың қалың ортасына, Ұлытау маңына орналастырды. Оның Ежен мен Батудың күшімен тұрғызылған қабірі де осы аймақта орналасқан. Арқа төсін сүйікті атамекенге айналдырған Жошы осы өңірде өсіп-өнді, бұрын жауласқан тайпалар арасында бейбіт те, мамыражай өмірді орнықтырды. Ал оның қаталдығы сол замандағы көшпелілердің жауды аямайтын жауынгерлігінен туындады. Қалай десек те, Жошы ұлысы қазақ мемлекеттілігінің тарихындағы үлкен бетбұрыс болғанын есте ұстауға тиіспіз. Осындай мемлекеттік құрылымдар бүгінгі тәуелсіз де айшықты Қазақстанға берік саяси бастау, алғашқы арайлы алтын соқпақ  болды.

Сай­ын (Ба­ту) хан негіздеген Алтын Орда. Шың­ғыс ­хан­ның не­ме­ре­сі, Жо­шы­ның сүйік­ті ұлы Сай­ын әке­сі өл­ген соң рес­ми түр­де тақ­қа отыр­ды. Оның шын аты мон­ғол­ша Ба­ты екен­ді­гін мон­ғол та­ри­хы­ның біл­гі­рі Зар­ды­хан Қи­наятұлы атап көр­се­те­ді. Те­гін­де Сай­ын атауы оған же­ке ба­сы­ның ада­ми жә­не құлық­тық қа­сиет­те­рі­не бай­ла­ныс­ты кейіні­рек, Қып­шақ да­ла­сын­да та­ңыл­ған. Та­ри­хы­мыз­да Сай­ын ­хан­ның Жо­шы ұлы­сы та­ғы­на оты­руы да едәуір ша­тас­ты­рыл­ған. Өте­міс қа­жы­ның «Чин­гиз­на­ме» де­ре­гін­де аяқ ас­ты­нан қайт­ыс бол­ған, со­ңы­на өсиет қал­ды­рып үл­гер­ме­ген Жо­шы­дан қал­ған тақ­ты бәй­біше­ден ту­ған екі ұл Ежен мен Ба­ту бі­рі­не-бі­рі ұсы­нып, мә­мі­ле­ге ке­ле ал­май, іні­ле­рін ер­тіп, Мон­ғо­лияда­ғы Шың­ғыс­ хан­ға ба­ра­ды. Ол бол­са Сай­ын­ға ал­тын бо­са­ға­лы жі­бек Ақ ор­да тік­кі­зіп, құр­мет­теп, әке­сі­нің ор­ны­на тақ­қа отыр­ғы­за­ды. Әбіл­ға­зы­да мә­се­ле бас­қа­ша­лау: Жо­шы қа­за­сы­на бай­ла­ныс­ты қай­ғы­лы күн­дер аяқ­тал­ған соң, Шың­ғыс ­хан Ұт­шы­қын­ды Қып­шақ да­ла­сы­на жі­бе­ріп, Ба­ту­ды әке­сі­нің ор­ны­на тақ­қа отыр­ғы­за­ды. Екі де­рек­тің де та­рих үшін құн­ды­лы­ғын ес­ке­рер бол­сақ, бұл айт­ыл­ған­дар­ды бір оқи­ға­ның екі ке­зе­ңі ре­тін­де қа­рас­тыр­ған жөн тә­різ­ді.        

Әри­не, Сай­ын (Ба­ту) тақ­қа рес­ми отыр­ған­ға дейін қа­был­дан­ған дәс­түр бой­ын­ша Жо­шы ұлы­сын­да үл­кен ұл Ежен би­леуші бо­лып есеп­тел­ді. Қа­лай де­сек ­те ұлы ата­сы­ның өзі­нің құ­зы­ры­мен Сай­ын Қып­шақ да­ла­сы­ның да­ра би­леуші­сі бол­ды. Алай­да, Сай­ын тақ­қа отыр­ға­нын той­лап жат­қан­да Шың­ғыс­ хан­ның қайт­ыс бол­ға­ны ту­ра­лы қай­ғы­лы ха­бар кел­ді. Сай­ын хан ен­ді ор­ны­на іні­сі То­қай Те­мір­ді қал­ды­рып, бес іні­сін ер­тіп, Ұт­шы­қын­мен бір­ге мем­ле­кет астана­сы Қа­ра­қо­рым­ға кел­ді жә­не осын­да, 1229 жы­лы ша­қы­рыл­ған құ­рыл­тайда Үге­дей­ді Шың­ғыс­тың ор­ны­на тақ­қа отыр­ғы­зу рә­сі­мі­не қа­тыс­ты. Үге­дей оны бұ­рын­ғы­сын­ша қып­шақ да­ла­сы­ның би­леуші­сі ре­тін­де би­лік­те қал­дыр­ды.

 1236 жы­лы бол­ған ке­ле­сі жал­пы­мон­ғол­дық құ­рыл­тай ба­тыс ай­мақ­тар­ға жо­рық­ты жал­ғас­ты­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ды. Жо­рық­ты бас­қа­ру Сай­ын хан­ға тап­сы­рыл­ды жә­не оған Ша­ға­тай­дың, Үге­дей­дің, Ту­луй­дың үл­кен ұл­да­ры бас­қар­ған әс­ке­ри жа­сақ­тар қа­тыс­ты. 1237 жыл­дың кү­зін­де мон­ғол­дар мұз бас­қан Еділ­ден өтіп, 1240 жыл­ға дейін орыс кнәз­дік­те­рі­нің жер­ле­рін ту-та­ла­қай етіп то­на­ды. Бұл ба­ғыт­та­ғы ал­ғаш­қы жау Еділ Бұл­ғар­ла­ры бол­ды. Ке­зін­де, 1223 жыл­ғы Кал­ка­да­ғы же­ңіс­тен кейін Жо­шы ­хан­ның жо­лын бө­ге­ген де осы түр­кі­тіл­дес Бұл­ғар­лар еді. Та­тар­дың бел­гі­лі түр­кі­та­ну­шы­сы За­киев осын­да мон­ғол әс­кер­ле­рі­нің сан­да­ры­ның 250-300 мың адам­ға жет­ке­нін атап көр­се­те­ді. Бұ­лар не­гі­зі­нен ал­ған­да жер­гі­лік­ті Қып­шақ-Қи­мақ бір­лес­ті­гін құ­ра­ған тай­па­лар­дан, со­ны­мен қа­тар Жо­шы ұлы­сы­ның оң қа­на­тын бас­қар­ған Бай­қу(бұр­ма­лан­ған аты-Май­қы) бас­қар­ған жә­не кейіні­рек оның есі­мі­мен Бай­ұлы бір­лес­ті­гін құр­ған, ке­зін­де баш­құрт зер­ттеу­ші­ле­рі А.Ха­ли­ков пен Р.Ку­зеев­тің ең­бек­те­рін­де айтыла­тын Та­бын хан­ды­ғы­ның қол ас­тын­да­ғы тай­па­лар еді. Олар­дың қа­та­рын­да кейіні­рек баш­құрт хал­қын құ­ра­ған Дур­бан, Те­ле, Баа­рин, Ке­се-Та­бын, Те­ляу (Те­леу), Қып­шақ, Таз, Бур­зян, Яғал­май (Жа­ғал­бай), Қа­тай, Үй­шин (Үй­сін), Ай, Кү­дей тә­різ­ді тай­па­лар бар еді. Сон­дай-ақ, бұл хан­дық айма­ғын­да ол кез­де бай­ыр­ғы Қа­ра­түр­геш­тер қа­ға­на­ты­нан бө­лі­ніп шы­ғып, ба­тыс­қа жыл­жы­ған Қа­ра­ке­сек бір­лес­ті­гі­не кі­ре­тін Қа­ра­лар (Қа­ра­ке­сек, Қа­ра­са­қал, Төрт­қа­ра), Шек­ті. Чу­му­ген (Шө­ме­кей) жә­не ке­зін­де Жо­шы­ның оң қо­лы Бай­қу­ға ті­ке­лей тәуел­ді бол­ған Бай бір­лес­ті­гі­нің тай­па­ла­ры (Бе­ріш, Ала­ша, Ал­тын, Бай­бақ­ты, Есен­те­мір, Жап­пас, Ыс­сық, Таз), сон­дай-ақ, мон­ғол­дар жау­лар­дан бұ­рын Хо­резм (Арал) те­ңі­зі­нің шы­ғы­сы­на, сол­түс­тік шы­ғы­сы­на қо­ныс­тан­ған Кер­де­рі, Ке­рейт­, Та­ма, Ра­ма­дан, Та­бын, Жа­ғал тай­па­ла­ры ме­кен­деп жат­қан бо­ла­тын. Сай­ын хан­ның не­гіз­гі әс­кер­ле­рін осы­лар жә­не бай­ыр­ғы Хо­резм айма­ғы­нан жи­нал­ған Оғұз-Сел­жұқ тай­па­ла­ры, бай­ыр­ғы Дай­лар ұр­пақ­та­ры Оғұз-Адай­лар, те­ріс­тік ай­мақ­тар­да­ғы Ұғыр-Фин тай­па­ла­ры құ­ра­ды. Ша­ға­тай­дың үл­кен ұлы бұ­рын­ғы Қа­ра­хан­дар мен Қа­ра­қы­тай­лар би­ле­ген ай­мақ­тан да көп әс­кер жи­нап кел­ді. Бұ­лар­дың ішін­де Най­ман­дар, Қар­лық­тар (Ар­ғу­лар), Ду­лат­тар, Жа­лай­ыр­лар, Ке­рей­лер тай­па­ла­ры­на қа­райт­ын ру­лар да бар еді.

 Әри­не, Сай­ын бас­қар­ған қа­лың қол­ды құ­ра­ған Ша­ға­тай­дың, Үге­дей­дің, Ту­луй­дың ұл­да­ры өз ай­мақ­та­рын­да­ғы тұң­ғыс-манч­жұр жә­не мон­ғол тіл­дес тай­па­лар­дан да жа­сақ жи­на­ды. Олар­дың бі­ра­зы мон­ғол жау­лауы­ның ал­ғаш­қы ке­зе­ңін­де-ақ Хо­резм же­рін жә­не Қып­шақ да­ла­сын қо­ныс­қа ай­нал­ды­рып үл­гер­ген­дер бо­ла­тын. Атап айтар бол­сақ, бұ­лар Минг, Са­рай, Юз, Маң­ғыт, Қият, Муи­тан, Бах­рин, Ой­мауыт, Ми­тан, Та­тар, Қал­мақ, Ту­бай, Кур­лаут тә­різ­ді тай­па­лар еді. Әр­түр­лі тіл­де сөй­лейт­ін бас­қын­шы­лар­дың осы­нау қа­лың қо­лы Та­тар­лар (Тар­тар­лар) де­ген ор­тақ атау­ға ие бол­ды. Бұл атау­ды Еуро­па­ға алып бар­ған Қып­шақ да­ла­сын­да­ғы түр­кі­тіл­дес­тер еді. Мон­ғол­дар­дың бұ­рын­ғы ба­ба­ла­ры Ши­бей (Шы­ғай) та­тар­ла­ры бо­лып та­бы­ла­ты­нын олар­дың ба­тыс­та­ғы түр­кі­тіл­дес көр­ші­ле­рі жақ­сы бі­ле­тін. Оның үс­ті­не Мон­ғо­лия үс­тір­тін­де­гі тай­па­лық бір­лес­тік­тер­дің Жа­байы та­тар­лар, Қа­ра та­тар­лар, оң­түс­тік­те­гі­лер­дің Ақ та­тар­лар ре­тін­де бел­гі­лі бол­ға­ны бар. Осы да­ла­да Отыз та­тар­лар, То­ғыз та­тар­лар деп әр­түр­лі сан­дық көр­сет­кіш­пен атал­ған­дар та­ғы бар. Бұл бір­лес­тік­тер­ге кір­ген­дер­дің бі­ра­зы түр­кі­тіл­дес­тер бол­са да, та­тар ата­нып кет­ті.

Та­тар­лар­дың не­гі­зін әрі манч­жұр-тұң­ғыс, әрі түр­кі ті­лін­де сөй­лей ала­тын бай­ыр­ғы Хұн­дар­ды тал­қан­да­ған Сән­би­лер ұр­пақ­та­ры құ­ра­ған­дық­тан түр­кі­тіл­дес­тер­дің үл­кен бө­лі­гі өз­де­рі­не та­ңыл­ған бұл атау­ды жат­сы­на қой­ған жоқ. Сон­дық­тан да, ХІ ға­сыр­да-ақ, М.Қаш­қа­ри та­тар­лар­ды түр­кі­тіл­дес­тер­ге жат­қыз­ған бо­ла­тын. Оның үс­ті­не Шың­ғыс­ хан ұсын­ған «мон­ғол» атауы бұл тұс­та Еуро­па тұр­мақ Қып­шақ да­ла­сы­на да та­ра­ла қой­ған жоқ еді.

 1237 жы­лы Сай­ын бас­қар­ған қа­лың қол Қа­ра те­ңіз, Дон айма­ғын­да­ғы жер­лер­ді ба­сып ал­ды да, Ду­най бой­ына шық­ты. Мұн­да ол еш­қан­дай елеу­лі қар­сы­лық­қа кез­де­се қой­ған жоқ. Та­рих­та мон­ғол­дар­ға қар­сы Киев Ру­сі де­ген мем­ле­кет­тің олар­ға тойтарыс бер­ге­ні ту­ра­лы қи­сын­сыз әң­гі­ме ке­ңес­тік ке­зең­де­гі та­рих оқу­лық­та­рын жай­лап ал­ған бо­ла­тын. Ба­сып ал­ған жер ке­ңей­ген сай­ын оны бас­қа­ру ісі үл­кен, түйіні ше­шіл­мес мә­се­ле­ге айна­ла бас­та­ды. Мұ­ның өзі Үге­дей­дің ман­сап­құ­мар ұлы Күйік пен Ша­ға­тай­дың не­ме­ре­сі Бө­рі­нің да­ра бас­шы Сай­ын хан­ға қар­сы­лық­та­рын кү­шейте түс­ті. Жағ­дай 1241 жыл­дың со­ңын­да ұлы хан Үге­дей­дің қайт­ыс бо­лу­ына бай­ла­ныс­ты тіп­тен ши­еле­ні­се түс­ті. Сай­ын хан­ның Үге­дей жә­не Ша­ға­тай ұр­пақ­та­ры­мен те­ке­ті­рес­те­рі әке­сі­нің ор­ны­на Күйік ұлы хан бо­лып тақ­қа отыр­ған тұс­та әб­ден ас­қын­ды. Де­рек­тер­ге на­зар ау­дар­сақ, Күйік­тің тіп­тен, Сай­ын­ хан бас­қа­ра­тын Қып­шақ да­ла­сы­на ар­найы жо­рық жа­сауға әре­кет­тен­ге­нін де бай­қай­мыз. Алай­да, бұл ахуал ұзақ­қа со­зы­ла қой­ған жоқ. 1248 жы­лы ол қайт­ыс бол­ған соң жағ­дай өз­гер­ді. Ен­ді Сай­ын­ның ті­ке­лей қол­дауы­мен тақ­қа отыр­ған Ту­ли­дің ұлы Мөң­ке тақ­қа та­ла­су­шы­лар­дың көз­де­рін жой­ды. Осы­лай­ша Шың­ғыс хан им­пе­рия­сын­да шын мә­нін­де екі адам­ның ға­на, Ұлы хан Мөң­ке­нің жә­не оның се­нім­ді қол­дау­шы­сы, Шың­ғыс ұр­пақ­та­ры­ның ең үл­ке­ні бо­лып та­бы­ла­тын Сай­ын хан­ның ме­рейі үс­тем­дік ал­ды.

 Сай­ын­ хан би­ле­ген бұ­рын­ғы Жо­шы ұлы­сын еуро­па­лық­тар Ал­тын Ор­да деп ата­ды. Бұл те­гін­де Сай­ын хан­ның Еділ­ге құя­тын Ах­ту­ба бой­ын­да тұр­ғы­зыл­ған, мұ­на­ра­ла­ры ал­тын­мен ап­тал­ған ор­да­сы­на бай­ла­ныс­ты шық­қан атау бол­са ке­рек. Бы­ты­раң­қы, бі­рін-бі­рі мой­ын­да­майт­ын май­да орыс кнәз­дік­те­рі­нің баста­рын Сай­ын хан то­ғыс­тыр­ды. Осы­ған бай­ла­ныс­ты та­тар­дың бел­гі­лі зерт­теу­ші­сі Р.Фах­ре­дин бы­лай деп жаз­ған еді: «На са­мом же де­ле дея­ния Ба­ту ха­на при­нес­ли русс­ким мно­го поль­зы, из-за них они пе­рес­та­ли враж­да­вать меж­ду со­бой. Они осоз­на­ли, что при­чи­на меж­доусо­биц бы­ла не в из­бы­точ­нос­ти кня­зей, а в их глу­пос­ти. Осоз­нав это, они ста­ли со­би­рать­ся вмес­те. От мон­го­лов русс­кие пе­ре­ня­ли приемы уп­рав­ле­ния вой­ска­ми, ис­ку­сс­тво ве­де­ния вой­ны, нау­чи­лись так­же уп­рав­лять го­су­да­рст­вом. Приез­жая став­ку ка­га­нов и ха­нов, русс­кие князья уз­на­ва­ли мно­го но­во­го, в том чис­ле и но­вые за­ко­ны, и на­би­ра­лись опы­та. Сло­вом, та­кое об­ще­ние бы­ло для них нас­тоя­щей шко­лой, ко­то­рая нау­чи­ла их по­ряд­кам ор­га­ни­за­ции об­ще­ст­вен­ной жиз­ни. В сущ­нос­ти, имен­но уро­ки Чин­гис ха­на и Ба­ту ха­на, а так­же ог­ром­ное влия­ние Зо­ло­той Ор­ды и прев­ра­ти­ли Русь в ту Рос­сию, ко­то­рой она поз­же ста­ла. Поэто­му русс­кие долж­ны не прок­ли­нать мон­го­лов, а бла­го­да­рить их за нау­ку». Шын­ды­ғын­да да орыс хал­қын топ­тас­ты­ру­да, олар­дың бір ор­та­лық­қа бі­рі­ге­тін мем­ле­ке­тін қа­лып­тас­ты­ру­да Сай­ын хан не­гіз­де­ген Ал­тын Ор­да­ның рө­лі зор.

 Сай­ын хан 1238 жыл­дың ақ­па­ны­на дейін бұ­рын бі­рі­не бі­рі ба­ғын­байт­ын 14 орыс қа­ла­ла­рын (ішін­де Мәс­кеу де бар) ба­сып ал­ған­нан кейін орыс кнәз­де­рі оны ерік­сіз мой­ын­да­ды. Ал­ғаш, 1243 жы­лы Ярос­лавль кнә­зі ке­ліп бас иді. 1247 жы­лы Нов­го­род­тың атақ­ты кнә­зі Алек­сандр Невс­кий өзі­нің бауыры­мен жә­не көп­те­ген бояр­ла­ры­мен бір­ге Ал­тын Ор­да­ға ке­ліп, бас иді. Орыс кнәз­де­рі 1249 жыл­дан бас­тап, Сай­ын­ға адал­дық­та­рын біл­ді­ріп, оның ұлы Сар­тақ­қа жап­пай ант бе­ру­ге көш­ті. Бір сөз­бен айт­қан­да, Ал­тын Ор­да­ның қо­лас­ты­на түс­кен ха­лық­тар­дың эт­но-саяси өмі­рін­де айт­ар­лық­тай өз­ге­ріс­тер орын ала бас­та­ды. Бай­ыр­ғы түр­кі­тіл­дес Еділ бойы­ның бул­ғар­ла­ры ен­ді «та­тар» ата­нып кет­ті, Қып­шақ да­ла­сын­да жа­ңа тай­па­лық бір­лес­тік­тер құ­ры­ла бас­та­ды. Бұл эт­ни­ка­лық өз­ге­ріс­тер бо­ла­шақ Но­ғай, Қа­зақ, Өз­бек, Баш­құрт, Қа­ра­қал­пақ тәріз­ді көп­те­ген түр­кі­тіл­дес ха­лық­тар­дың қа­лып­та­су үде­ріс­те­рін же­дел­де­те түс­ті.

Алтын Орда Бе­ре­ке (Бер­ке) хан билігінде. Сай­ын хан (Ба­ту) не­гіз­де­ген мем­ле­кет­тік жүйені ру­ха­ни тұр­ғы­дан ны­ғайта тү­су­де Ал­тын Ор­да­ның төр­тін­ші ха­ны бо­лып та­бы­ла­тын Бе­ре­ке­нің рө­лі ерек­ше. 1256 жы­лы Сай­ын хан қайт­ыс бол­ған соң мон­ғол им­пе­рия­сын­да­ғы ма­ңы­зы жө­ні­нен екін­ші орын­да тұр­ған Қып­шақ да­ла­сын­да­ғы хан­дық­ты оның ұлы Сар­тақ би­леуі ке­рек еді. Алай­да, ол тақ­қа отыр­май жа­тып-ақ дү­ниеден өт­ті. Онан кейін 1257 жы­лы тақ­қа отыр­ған Сай­ын хан­ның екін­ші ұлы Ұлақ­шы­ның да өмі­рі қыс­қа бол­ды. Осы­дан соң ұлы хан Мөң­ке Қып­шақ да­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет та­ғы­на 1257 жы­лы Шың­ғыс­ хан­ның не­ме­ре­сі, Сай­ын хан­ның інісі Бе­ре­ке­ні отыр­ғыз­ды. Ол жас ке­зін­де Ход­жент­те­гі ғұ­ла­ма­лар­дың бі­рі­нен ді­ни бі­лім алып, Құ­ран­ды мең­ге­ріп шық­ты. Тақ­қа отыр­ған оның ді­ни ық­па­лы­на түс­кен көп­те­ген ру­ба­сы­ла­ры жә­не өзі­нің әйелі Че­чек, сон­дай-ақ іні­сі То­қай Те­мір ис­лам­ды қа­был­да­ды. Де­ген­мен де, Бе­ре­ке, бас­қа дін­дер­ге де кең­ші­лік жа­са­ды. Сон­дық­тан­ да, ол не­гіз­де­ген астана – Са­рай­да хрес­тиан епис­ко­пы­на да орын та­был­ды. Со­ны­мен қа­тар, Бе­ре­ке тақ­қа отыр­ған соң Ғаб­бас ха­лиф­тың ру­ха­ни би­лі­гін мой­ын­дап, оны­мен хат жа­зыс­ты. 

Ол тіп­тен тақ­қа отыр­май тұ­рып-ақ, өзі­нің туысы, Тө­ле­нің ба­ла­сы Қу­ла­ғу­дың араб ха­ли­фа­тын ба­сып алу­ға ты­рыс­қан әре­ке­тін аға­сы Сай­ын хан­ның (Ба­ту­дың) ық­па­лы­мен тоқ­та­тып тас­та­ды. Алай­да, Сай­ын хан қай-т­ыс бол­ған соң, Қу­ла­ғу ұлы хан Мөң­ке­нің рұқ­са­ты­мен бә­рі­бір, Бағ­дад­қа ба­сып кі­ріп, Мұс­та­сим ха­лиф­тың өзін өл­ті­ріп тас­та­ды. Мұ­ның өзі Бе­ре­ке­ні Қу­ла­ғу­ға қар­сы өшік­ті­ріп, ақы­рын­да қан­тө­гіс қыр­ғын­дар­ға алып кел­ді. Де­ген­мен де, В.Бар­тольд тә­різ­ді та­рих­шы­лар Бе­ре­ке­нің Қу­ла­ғу­ға со­ғыс­қа ба­руының бас­ты се­бе­бін соң­ғы­сы­ның бұ­рын­нан Жо­шы ұлы­сы­ның айма­ғы бо­лып есеп­те­ле­тін Кав­каз­да­ғы Ар­ран жә­не Әзір­бай­жан ай­мақ­та­ры­на ба­сып кі­руінен із­дес­ті­ре­ді. Не­ме­ре туыс­тар­дың екі шай­қа­сы та­рих­қа бел­гі­лі. 1261 жы­лы Кав­каз­да Те­мір қақ­па­да (Дер­бент асуын­да) бас­тал­ған бұл те­ке­ті­рес түп­тің тү­бін­де Бе­ре­ке­нің же­ңі­сі­мен аяқ­тал­ды. Те­рек өзені­не дейін бар­ған Қу­ла­ғу­дың әс­кер­ле­рі же­ңі­ліс­ке ұшы­рап, кейін қаш­қан­да ат тұяғы­нан ойы­лып кет­кен өзен мұ­зы­ның ас­ты­на ке­тіп, ала­пат қыр­ғын­ға ұшы­ра­ды. Айта ке­тер та­ғы бір мә­се­ле, аты «та­тар» бол­ған­мен за­ты түр­кі­тіл­дес­тер­ден құ­рал­ған, шай­қас­қа қа­тыс­қан Бе­ре­ке­нің әс­кер­ле­рі не­гі­зі­нен ал­ған­да Қып­шақ да­ла­сы­ның ру-тай­па­ла­ры­нан (Оғыз, Үй­сін, Қаң­лы, Қар­лық, Қа­ра­ке­сек, Най­ман, Қо­ңы­рат, Ке­рейт­, Жа­лай­ыр, Қып­шақ, Ал­шын, Бе­ріш, Шер­кеш, Шек­ті, Та­ма, Та­бын, Те­леу) құ­рал­ған, сон­дай-ақ бұл­ғар­лар­дан, баш­құрт­тар­дан, фин-угр тай­па­ла­ры­нан жа­сақ­тал­ған сар­баз­дар­дан тұр­ды. Со­ны­мен қа­тар, әри­не, осы тұс­та түр­кі­ле­не бас­та­ған мон­ғол­дар да (Бұй­рақ, Ой­рат, Құс­шы, Минг, Бар­лас, Са­рай, Тұр­маут, Ой­мауыт, Он­ғұт, Та­тар, Шы­рын, Арат) әс­ке­ри жо­рық­тар­да ерек­ше бел­сен­ді­лік­тер көр­сет­ті. Бұл айт­ыл­ған­дар со­ны­мен қа­тар Бе­ре­ке бас­қар­ған Қып­шақ мем­ле­ке­ті­нің эт­ни­ка­лық құ­ра­мы­ның қан­дай бол­ға­нын да бай­қа­та ала­ды.

 Та­тар та­рих­шы­сы Р.Фах­ред­дин Бе­ре­ке туы ас­тын­да со­ғыс­қан ал­ғаш­қы мұ­сыл­ман түр­кі­ле­рі­нің әре­ке­тін «Бағ­дад­ты, қа­сиет­ті Құ­ран­ды жә­не ха­дис­тер­ді қор­ла­ға­ны, он­да­ған мың кү­нә­сыз мұ­сыл­ман­дар­ды қыр­ғын­ға ұшы­рат­қа­ны, өзен боп ақ­қан қан­тө­гіс­ке жә­не адам айт­қы­сыз та­ғы­лық­қа бар­ға­ны үшін жә­бір­лен­ген күл­лі ис­лам дү­ниесі­нің Қу­ла­ғу хан­нан қа­тал­дық­пен өш алуы» ре­тін­де атап көр­се­те­ді. Осы­дан кейін өзі­нің ақыл­ға си­майт­ын жә­не қи­сын­сыз әре­ке­ті­не құ­са бол­ған Қу­ла­ғу­дың өмі­рі де ұзақ­қа со­зы­ла қой­ған жоқ. Бү­кіл ру­хын қай­ғы мең­де­ген ол, 1264 жы­лы дү­ниеден өт­ті. Әке­сі­нің ке­гін қайт­ар­мақ бол­ған оның ба­ла­сы Аба­қа­ның Бе­ре­ке­ге қар­сы ма­ғы­на­сыз жо­рық­та­ры да сәт­сіз аяқ­тал­ды.

 Бе­ре­ке­нің мұ­сыл­ман дү­ниесі­не де­ген үл­кен құр­ме­ті оның Мы­сыр би­леуші­сі Мам­лүк-қып­шақ­та­ры­ның сұл­та­ны Аз-За­һир Бай­ба­рыс­қа да бел­гі­лі бол­ды. Ор­тақ мүд­де – кә­пір Құ­ла­ғу­ға қар­сы «Джи­һад» со­ғы­сын жүр­гі­зу­ге мүд­де­лі­лік екі жақ­ты да ты­ғыз қа­рым-қа­ты­нас­тар­ға итер­ме­ле­ді. Бұл ма­ңыз­ды мә­се­ле­ні араб­та­ну­шы бауыры­мыз Ба­қыт­ты Ба­тыр­ша бір­ша­ма нақ­ты зерт­теп, қа­зақ та­ри­хы­на қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді Мы­сыр­дан алып кел­ді. Ал­ғаш Бай­ба­рыс Бе­ре­ке­ге 1261 жы­лы Қы­рым­нан шық­қан Алан сау­да­гер­ле­рі ар­қы­лы хат жол­да­ды жә­не онан соң, көп ке­шік­пей-ақ, 1262 жыл­дың 15 қа­ра­ша­сы мен 14 жел­тоқ­са­ны ара­сын­да та­ғы да ел­ші­лік жө­не­лт­ті. Он­да ол, Ис­лам­ның киелі жер­ле­рі Мек­ке, Ме­ди­не­де жә­не Құ­дыс­та (Иеру­са­лим­де) Сұл­тан Бай­ба­рыс­тың есі­мі­нен кейін Бе­ре­ке хан­ның есі­мі­не ба­ғыш­та­лып дұ­ға оқы­ла­ты­нын мә­лім­де­ді. Өз ке­зе­гін­де осы жы­лы Бе­ре­ке де Қай­ыр­ға (Каир­ге) екі рет ел­ші­лер жө­не­лт­ті. Он­да Құ­ла­ғу хан­ның мұ­сыл­ман­дар­ға қар­сы со­ғы­сы айып­та­лып, оның Шың­ғыс хан­ның «Ұлы Йаса­сын» бұз­ға­ны атап көр­се­тіл­ді. Ел­ші­лер Қай­ыр­да сұл­тан Бай­ба­рыс­тың ба­ла­сы Саид Бе­ре­ке­ні сүн­дет­ке отыр­ғы­зу той­ына қа­тыс­ты. Те­гін­де, ба­ла­ның есі­мі Бе­ре­ке хан­ның құр­ме­ті­не қой­ыл­са ке­рек. Ен­ді сұл­тан Бай­ба­рыс қа­рым-қа­ты­нас­ты ны­ғайта тү­су мақ­са­тын­да 1262 жә­не 1264 жыл­да­ры Бе­ре­ке­ге екі ел­ші­лік ат­тан­дыр­ды. Осы ел­ші­лік­ке қа­ты­су­шы­лар та­рих үшін аса құн­ды мә­лі­мет­тер қал­дыр­ды. Олар­да хан са­райы жә­не Бе­ре­ке­нің кес­кін-кел­бе­ті бір­ша­ма то­лық си­пат­та­ла­ды. Ел­ші­лер­дің айт­уын­ша Бе­ре­ке си­рек са­қал­ды, өңі са­ры кі­сі, шаш­та­ры құ­лақ­та­ры­ның үс­ті­не түйіл­ген. Бір құ­ла­ғын­да қым­бат тас бе­кі­тіл­ген ал­тын сыр­ға жар­қыл­дай­ды. Ба­сы­на биік тұ­мақ ки­ген, бе­лін ал­тын­мен жә­не қым­бат тас­тар­мен ай­шық­тал­ған те­рі бел­беу­мен шарт буын­ған, аяғы­на қы­зыл те­рі­ден жа­сал­ған сап­та­ма етік ки­ген, жа­сы 56-да­ғы адам. Аға­сы Сай­ын (Ба­ту) тә­різ­ді оның да аяғы ауыра­ды екен. Бай­ба­рыс ел­ші­ле­рі өз­де­рі­мен бір­ге Құ­ран­ның Ос­ман нұс­қа­сын, кі­лем­дер мен жайнамаз­дар, сый­лық­қа көп­те­ген жан-жа­ну­ар­лар, негр құл­да­рын, Ом­ра  (Кі­ші қажы­лық) жа­сауда пай­да­ла­ныл­ған сәл­де­лер­ді, қа­сиет­ті Мек­ке­де­гі Зәм-Зәм суын жә­не т.б. алып жет­ті.

 Өзі­нің бү­кіл қыз­ме­тін­де қа­сиет­ті Құ­ран қа­ғи­да­ла­рын бас­шы­лық­қа ал­ған Бе­ре­ке мұ­сыл­ман дү­ниесін­де Нас­рет­дин (дін­ді қор­ғаушы де­ген) құр­мет­ті лауа­зым­ға ие бол­ды. Ол 1265 жы­лы Кі­ші Азия­дан қуы­лып, Эгей те­ңі­зін­де­гі Энос қа­ма­лы­ның қа­па­сы­на қа­мал­ған сел­жұқ сұл­та­ны Из­зад-дин Қай­қа­бұс­ты құт­қа­ру үшін әс­кер ат­тан­дыр­ды. Қа­ру­лы ауыр қол бү­кіл Бал­қан тү­бе­гін көк­теп өтіп, Эгей те­ңі­зі­не дейін ба­рып, азат етіл­ген сұл­тан­ды Бе­ре­ке­нің бұй­ры­ғы­мен Қы­рым­ға жет­кіз­ді. Бе­ре­ке өзі­нің ұлы­сын­да жас­тар­дың құ­ран­ды оқып үйре­ну­ле­рін қа­да­ға­лап, мек­теп­тер ұйым­дас­тыр­ды. Оның өзі де, әйел­де­рі мен ба­ғы­ныш­ты әмір­ле­рі де өз­де­рі­нің жан­да­рын­да қо­жа­лар­дан шық­қан имам­дар­ды ұс­та­ды. Қо­жа­лар­ды тақ­та­ғы Тө­ре­лер жа­ны­на отыр­ғы­зып, олар­ды уә­зір ре­тін­де пай­да­ла­ну­ды бас­тап бер­ген де осы Бе­ре­ке хан. Осы тұр­ғы­дан ал­ған­да В.Бар­тольдтың Бе­ре­ке­нің мұ­сыл­ман­дық ұстаны­мы­на кү­дік­пен қа­рауын қол­дай ал­май­мыз. Ға­лым хан са­рай­ын­да ис­лам­дық шарт­тар­мен қа­тар, тә­ңір­шіл­дік қа­ғи­да­лар­дың да қа­тал сақ­тал­ға­ны­на на­зар ауда­ра ке­ле, Бе­ре­ке­нің ру­ха­ни сау­ат­ты­лы­ғын тө­мен­де­те түс­пек бо­ла­ды. Осы мә­се­ле­ні зер­ттеу­де көп ең­бек­тен­ген В.Бар­тольдтың бас­қа­ны айт­па­ған­да, қа­зақ­тар­дың өз­де­рі­нің де мұн­да­ға дейін ис­лам ұстаным­да­ры­мен қа­тар, тә­ңір­ші­лік дағ­ды­лар­ды қа­тар ұстанып кел­ге­нін «бай­қа­мауы» өкі­ніш­ті-ақ. Осын­дайда Өте­міс қа­жы­ның мы­на­дай пі­кі­рін де на­зар­дан тыс қал­ды­ру­ға бол­мас: «Бер­еке туысы­нан мұ­сыл­ман бол­ған. Әке­сі Жо­шы хан өл­ген соң, ол дін­сіз­дер ара­сын­да тұ­ра ал­май, Сы­ға­нақ­қа кел­ді.Сол жер­де атақ­ты қа­зі­рет Сайф-ад-дин Ба­хар­зи­ден тә­лім-тәр­бие ал­ды». Осын­да Бе­ре­ке Йа­сауи жо­лын ха­лық ара­сын­да на­си­хат­тау­шы қо­жа­лар­дың ық­па­лы­на түс­ті. Бұл тұс­та Жо­шы ұлы­сы­ның оң­түс­тік шы­ғы­сын­да жә­не Ша­ға­тай ұлы­сын­да ха­лық­тың ру­ха­ни сұ­ра­ныс­та­рын қа­на­ғат­тан­ды­ру­да қо­жа­лар рө­лі үс­тем бо­ла бас­та­ған еді. Олар­дың түр­кі­лер ор­та­сын­да­ғы бел­сен­ді ру­ха­ни қыз­ме­ті Бе­ре­ке­нің ді­ни көз­қа­ра­сы­на айт­ар­лық­тай үл­кен ық­пал жа­са­ды.

 Со­ны­мен қа­тар, Бе­ре­ке Жо­шы ұлы­сы­мен ға­на шек­те­ліп қал­май, сол за­ман­да ис­лам ді­ні­нің ор­та­лы­ғы­на айна­лып үл­гер­ген Мәуе­рен­нахр­ға да үс­тем­дік жүр­гі­зу­ге ты­рыс­ты. Хан­ның өзі Бұ­қа­ра­ға ке­ліп, он­да­ғы дін­дар­лар мен ға­лым­дар­ға үл­кен құр­мет көр­сет­ті. Сон­дай-ақ, Са­мар­қанд хрес­тиан­да­ры­ның он­да­ғы мұ­сыл­ман­дар­ға жү­ген­сіз­дік жа­са­ған әре­кет­те­рі­нен ха­бар­дар бол­ған бет­те он­да ба­сып кі­ріп, қа­ла­да­ғы хрес­тиан шір­кеуін қи­рат­ты. Де­ген­мен де, ол өзі би­ле­ген мем­ле­кет­те дін бос­тан­ды­ғын қор­ға­ды.

Бе­ре­ке Пер­сияны би­ле­ген Қу­ла­ғу­дың мұ­ра­ге­рі Аба­қа­ға қар­сы жо­рық­қа ат­та­нып, Ку­ра өзе­ні бой­ын­да өзен­нен өте­тін өт­кел із­деп жүр­ген­де 1266 жы­лы дү­ниеден өт­ті. Өзі­нен ті­ке­лей ұр­пақ жоқ бол­ған­дық­тан, оның ор­ны­на тақ­қа Сай­ын хан­ның (Ба­ту­дың) не­ме­ре­сі Мөң­ке-Те­мір отыр­ды. Мәм­лүк қып­шақ­та­ры сұл­та­ны Аз-за­һир Бай­ба­рыс бұ­ған қат­ты қай­ғы­рып, 1267 жы­лы Са­рай­ға ар­найы ел­ші­лік жө­нел­тіп, Мөң­ке-Те­мір­ге кө­ңіл айт­ты. Қа­лай де­сек­те, Бе­ре­ке­нің та­ри­хи тұл­ға ре­тін­де Қып­шақ да­ла­сын­да мем­ле­кет­тік жүйені ны­ғайтуға үл­кен үлес қос­қан айтулы та­ри­хи тұл­ға еке­нін ұмы­ту­ға тиіс емес­піз. Біз­дің елі­міз­дің та­ри­хын­да Ис­лам идеоло­гиясы­ның ұстаным­да­ры­ның мем­ле­кет­тік жүйеге нақ­ты ене бас­тау­ла­ры да тап осы Бе­ре­ке­нің тұ­сын­да кө­рі­ніс тап­ты. Әри­не, ис­лам­ды өзі де ал­ғаш қа­был­да­ған Қып­шақ мем­ле­ке­ті­нің қай­рат­ке­рі мем­ле­кет­тік құ­ры­лыс­та оны бе­рік ор­нық­ты­ра ал­ған жоқ. Бұл оның мұ­ра­гер­ле­рі тұ­сын­да ға­на бір­тін­деп жү­зе­ге асы­рыл­ған күр­де­лі мә­се­ле. Алай­да, Бе­ре­ке мем­ле­кет­ті мұ­сыл­ман­дық ұстаным­дар­ға ба­ғыт­та­ған ру­ха­ни өз­ге­ріс­тер­дің бас­тау­ын­да тұр­ды. Сон­дық­тан да, оның есі­мі бү­гін­гі қа­зақ та­ри­хы­нан көр­нек­ті орын алу­ға то­лық құ­қы­лы.

Жошы ұлы­сы және Еженнің (Алаша ханның) ор­да­сы. Жо­шы хан­ның үл­кен ұлы Ежен хан би­ле­ген Ақ Ор­да та­ри­хы­ның қа­зақ та­рих­шы­ла­ры үшін «жұм­бақ» тұс­та­ры мол. Оны Қа­зақ мем­ле­кет­ті­лі­гі­нің бас­тауы ре­тін­де дә­лел­деу­ге де­ген құш­тар­лық әсі­ре­се, тәуел­сіз­ді­гі­міз­ге қол жет­кіз­ген соң ар­та түс­ті. Оның бас­ты се­бе­бі, қа­зақ хан­да­ры­ның осы Ежен­нің се­гі­зін­ші ұр­па­ғы са­на­ла­тын Ұрыс хан­ның ті­ке­лей үрім-бұ­тақ­та­ры­на жа­та­тын­да­рын­да бо­лып отыр. Алай­да, осын­дай қи­сын­ды ше­шім­ді қа­был­дау­ға зерт­теу­ші­лер ара­сын­да­ғы пі­кір қай­шы­лық­та­ры ең бас­ты ке­дер­гі бо­лып отыр­ға­нын да айт­пас­қа бол­мас. Мұ­ны Өте­міс қа­жы жаз­ған­дай, әке­ле­рі Жо­шы қайт­ыс бол­ған соң, «ен­ді кім хан бо­ла­ды?» – де­ген сау­ал­ға жауап із­деп Мон­ғо­лияға кел­ген үш не­ме­ре­сі­не Шың­ғыс­ хан­ның: Сай­ын хан­ға (Ба­ту­ға) – ал­тын бо­са­ға­лы Ақ ор­да, Ежен­ге – кү­міс бо­са­ға­лы Көк ор­да, ал Шай­бан­ға – бо­лат бо­са­ға­лы Боз ор­да тік­тір­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет те күр­де­лен­ді­ре түс­ті. Осы­ған жә­не бас­қа да қо­сым­ша де­рек­тер­ге сүйен­ген зерт­теу­ші­лер­дің кей­бі­рі Ежен бас­қар­ған ұлыс­ты Ақ ор­да емес, Көк ор­да деп атау­ды ұсын­са, та­ғы бас­қа­лар Ақ ор­да­ны Ал­тын Ор­да­ның өзі деп те ой­лай­ды.

Әри­не, Шың­ғыс хан­ның өзі­нің не­ме­ре­ле­рі­не ар­нап тік­кен Ор­да­ла­ры­ның тү­сі олар­дың бо­ла­шақ ұлыс­та­ры­ның атауын бел­гі­леп бе­ре ал­майт­ын еді. Те­гін­де, ұлы қа­ған өзі­нің көп­те­ген не­ме­ре­ле­рі (оған, Мон­ғо­лияға қайт­ыс бол­ған Жо­шы­ның бәй­біше­сі­нен ту­ған, жо­ға­ры­да атал­ған Ежен мен Ба­ту­дан бас­қа то­қал­дар­дан ту­ған 17 не­ме­ре­лерде іле­сіп кел­ді ғой) ара­сы­нан атал­ған үшеуіне ерек­ше на­зар ауда­рып, олар­ды бо­ла­шақ, жа­ңа ұлыс­тар би­леуші­ле­рі ре­тін­де та­ны­са ке­рек. Оқи­ға­ның мұ­нан ары қа­лай өр­бі­ге­нін «Чин­гиз-на­ме­ні» оқы­ған­да ай­қын аң­ға­ра ала­мыз. Он­да мы­на­дай де­рек­тер бар: Шың­ғыс хан не­ме­ре­ле­рі ор­на­лас­қан соң кеш­кі­сін сал­та­нат­ты қо­на­қа­сы бе­ре­ді. Оған ша­қы­рыл­ған бек­тер мы­на­дай әң­гі­ме­нің куәсы бо­ла­ды: «Та­мақ сал­та­нат­ты түр­де же­лі­ніп бол­ған соң, Сай­ын хан та­ғы да ті­зер­леп оты­рып бы­лай де­ді: «Біз­дің әке­міз өл­ген кез­де, мен Ежен­ге бы­лай де­дім: «Оның ор­нын­да­ғы ме­нің әкем бә­рі­бір, сен бо­лып та­бы­ла­сың. Хан бо­лу­ға тиіс­ті­сің, өйт­ке­ні, біз бас­қа жұрт­қа ба­ра жа­тыр­мыз». Ол ке­лі­сі­мін бер­ме­ді. Оның не се­беп­тен ке­ліс­пе­ге­нін тү­сі­не ал­май отыр­мын. Мі­не, мен сон­дық­тан да, сіз­ге өзім­нің өті­ні­шім­ді мә­лім­деу­ге кел­дім». Шың­ғыс хан айт­ты: «Сай­ын йа­сақ­қа сәй­кес ке­ле­тін сөз­ді ай-т­ып отыр. Сен не­ге ке­ліс­пей­сің?». Сон­да Ежен де ті­зе­сін бү­гіп, мы­на­ны айт­ты: «Иә, ме­нің ха­ным! Мен жас жа­ғы­нан ра­сын­да да үл­кен­мін. Алай­да, біз­дің әке­міз оны өте сүйе­тін жә­не ер­ке­ле­тіп өсір­ді. Осы­ған дейін мен оған ба­ғы­нып кел­дім. Ол бол­са ма­ған ба­ғы­ныш­ты бол­ған емес. Егер мен хан бол­сам, оған бұ­рын­ғы­дай ба­ғы­ныш­ты бо­ла ал­май­мын ғой, біз­дің ара­мыз­да өші­гу мен жек кө­ру пай­да бо­ла­ды. Мен осы се­беп­тен де хан бо­лу­ға ке­лі­сім бер­мей­мін, мұ­ның өзі сіз­ге ақыл­сыз­дық бо­лып кө­рі­нер. Ен­ді сол ға­на хан бол­сын­шы. Мен оның хан­дық құ­ру­ын кө­те­ре ала­мын», – Шың­ғыс хан­ды бұл сөз­дер қат­ты тол­қыт­ты, ол өзі­нің ұлы Жо­шы хан­ды ес­ке тү­сі­ріп, егі­ліп жы­ла­ды, олар­дың екеуіне де аса ри­за­лы­ғын біл­дір­ді жә­не бы­лай де­ді: «Ер­тең біз бек­тер­мен ақыл­да­са­мыз жә­не сен­дер­ге жауабы­мыз­ды бе­ре­міз». Та­ңер­тең, бек­тер­мен ке­ңес­кен Шың­ғыс хан хан­ның яса­сы­на сәй­кес, Сай­ын хан­ға оң қа­нат­та­ғы Еділ өзе­ні­не дейін­гі ай­мақ­тар­ды, Ежен­ге сол жақ қа­нат­та­ғы Сыр­ға дейін­гі ай­мақ­тар­ды бер­ді».

Осы айт­ыл­ған­дар­дан кө­ріп отыр­ға­ны­мыз, қайт­ыс бол­ған Жо­шы­ның ор­ны­на Сай­ын (Ба­ту) хан бол­ды. Ол би­лейт­ін ұлыс о бас­тан-ақ «Ал­тын бо­са­ға­лы Ақ ор­да» атан­ды. Ал­тын Ор­да не­ме­се Көк ор­да деп ата­ла­тын ұлыс­тар бұл кез­де әлі өмір­ге кел­ген жоқ еді. Ал Жо­шы ұлы­сы­ның си­но­ни­мі бо­лып та­бы­ла­тын Ақ ор­да қа­лып­тас­қан дәс­түр бой­ын­ша екі қа­нат­қа бө­лін­ді. Жо­ға­ры­да «Чин­гиз-на­ме­де» атап көр­се­тіл­ген­дей, оның сол қа­на­тын Жо­шы хан­ның үл­кен ұлы Ежен би­ле­ген­дік­тен жә­не оның ұлы­сын Сай­ын хан­ға бө­лін­ген Ақ ор­да­ның оң қа­на­тын­да­ғы ұлы­сы­нан ажы­ра­ту үшін «Ор­да Ежен» де­ген атау та­рих сах­на­сы­на шық­ты. Со­ны­мен «Ор­да» сө­зі Ежен­нің есі­мі емес, ол бас­қа­ра­тын ұлыс­тың атауы. Сон­дық­тан да, «Чин­гиз-на­ме­де» Ор­да атауы Ежен­нің есі­мі­не қо­сақ­та­лып айт­ыл­майды. Ал кейін­гі де­рек­тер­де (Пла­но Кар­пи­ни­де) Ежен есі­мі Ор­да­на де­ген ат­пен бел­гі­лі. Сай­ын­ның (Ба­ту­дың) есі­мі­не «Ор­да» атауы­ның тір­кел­меуі әке­нің қа­ра ша­ңы­ра­ғы­на оның емес, аға­сы Ежен­нің ие бол­ға­нын көр­се­те­ді. Мұ­ны жо­ға­ры­да­ғы «Чин­гиз-на­ме­де» Шың­ғыс хан­ның көз ал­дын­да Ежен­ге ба­ғыш­та­лып айт­ыл­ған Сай­ын­ның: «Ме­нің әкем бә­рі­бір, сен бо­лып та­бы­ла­сың» де­ген сө­зі. Иә, әке ор­ны­на әке бол­ған Ежен тұр­ған­да Сай­ын­ның Жо­шы хан ша­ңы­ра­ғы­на ие бо­луы екі та­лай еді. Бұл Шың­ғыс хан­ның Йас­са за­ңы­на да қай­шы бо­ла­тын. Оның үс­ті­не, әлі жас, қай­рат­ты да ақыл­ды Сай­ын хан­нан адам таң­дау­да си­рек қа­те­ле­се­тін Шың­ғыс­тың өзі үл­кен үміт кү­тіп, ба­тыс ел­де­рін жау­лау жо­ры­ғын со­ған тап­сыр­ды. Шыңғыстың «Жасақ» заңы бойынша босаған таққа балалардың үлкені Ежен отыруы керек еді. Алайда, ол інісі Сайынның (Батудың) Ұлы Даладағы үлкен беделін және мемлекет басқару қабілетін мойындап, тақтан бас тартады. Мұны бектерімен кеңескен Шыңғыс хан мақұлдап қана қоймай, оларға Жошы ұлысының екі қанатын бөліп берді. Ол бойынша Сайын ұлыстың оң қанатына, Еділ бойындағы аймақтарға ие болса, ал ағасы Ежен ұлыстың сол қанатын – Сырдарияның төменгі ағысынан Ұлытауға дейін созылып жатқан аймақты иемденді.                                                                                Осыдан бастап, Орда-Ежен Батыйдан жасы үлкен бола тұрса да, билік лауазымы аласа болғандықтан, өзі өмір сүрген қыпшақ тілдестер қауымында екінші хан, яғни Алаша (Аласа) хан аталды. Бұл М.Қашқарида жоғарыда айтқанымыздай, Алашұ хан (М.Бұралқыұлында – «Алашақ хан») дегенді білдіреді. Осыған байланысты осы аймақтағы Алаша хан мазары деп жүргеніміз қазақ хандарының арғы және алғашқы бабасы Орда-Еженнің мазары деген қисынды қорытынды туындайды.Тағы бір назар аударар мәселе – Жошы ұлысын билейтін хан, яғни Сайын хан «оқ хан» немесе «яссақ ханы» («хан йосуқын»)  деп аталды. Бұл «ұлұғ» хан болып есептелетін Шыңғыстың өзінен кейінгі  лауазым еді. «Оқ хан»  мәртебесі баяғы VII-VIII ғасырлардағы Түргеш қағанатының «Он оқ елі» атты қосымша атауын еске түсіреді. Ол заманда он ұлысты (тайпалар одағын) билеген он оқ хандар қағанға ғана бағынды. Бұл енді арнайы әңгіме болатын нәрсе. Көріп отырмыз, кейініректе, Шыңғыс заманында да, осы түркі дәуірінен бастау алатын «оқ хан» немесе «хан-оқ» билік мәртебесі сақталды. Монғол тарихының білгірі Зардыхан Қинаятұлы «Оқ хан» мәртебесін былай түсіндіреді:  «Ежелгі түркі және монғолдық мемлекеттік үрдіс-салты бойынша «хан оғлы»... жеке дара билік иесі болып табылады. «Ежен» (Эзен) монғол-тунгусша хан лауазымымен парапар». Бұл айтылғанды Құрбанғали Халид та, қытай тарихшысы Су Би Хай да құптайды.                                                                                                                        Осы жерде Орда-Еженнің қосақталған екі есіміне байланысты өз пікірімізді айта кеткенді жөн көрдік. Зардыхан Қинаятұлы Еженнің өз аты Орда (Ордана) да, ал Ежен оның қосымша аты деген пікірді айтады. Біздіңше, бұл жерде мәселе керісінше. Монғолша, «Ел иесі» деген мағынаны білдіретін «Ежен» оның туғанда азан шақырып қойған өз аты деп ойлаймыз. Өйткені, Өтеміс қажының «Шыңғыснамесінде» оның есімінің алдында тұрған «Орда» аты мүлде аталмай, «Ежән», «Ежән-хан» деген атау ғана қолданылады.  Ал енді «Орда» (түрікше-Орду, монғолша – Ордана) ежелден келе жатқан билік лауазымы. Ежелгі Қытайдың Хән әулеті тұсында «Орданай» – Орда әкімі, бас ұлықнайдың қолқанаты» дегенді білдірген. Махмұд Қашқариде де «Орду» сөзі дәл осындай қызмет лауазымын, Орда бақылаушысы деген мағынаны білдіреді. Монғол империясының Ұлығ ханы Мөңкенің өзінің жарлықтарында Орда-Ежен есімін Батудан жоғары көрсетуі, Шыңғыс ханның Батудың «оқ хан» лауазымынан кейінгі «Ордана (Орду)» билік дәрежесін Еженге тапсырғаны байқалады.  Осы негізде Шыңғыс хан қалыптастырған Монғол мемлекетіндегі ел басқару жүйесіне сәйкес XIII ғасырдың 30-50 жылдарындағы  жоғарғы хандық лауазымдарды төмендегіше сатылап көрсете аламыз.

Мемлекеттегі ең жоғарғы билік –Ұлұғ хан

 ↓   

Ұлыстың оң қанатын билейтін аға хан – «Оқ хан» (монғ. Khan huu) немесе «Яссақ ханы» («Хан йосуқын»)

Ұлыстың сол қанатын билейтін кіші, Алашұ хан – «Алашақ хан» (Аласа хан – «Орду»).

Біз әңгімелеп отырған кезеңде «Ұлұғ хан» мәртебесінде алғаш Шыңғыс, онан соң Үгедей, Күйік және Мөңке болғандары белгілі. Ал «Оқ хан» немесе «Яссақ ханы» алғаш Жошы, онан соң 1255 жылға дейін Сайын (Бату) болды. Ал бұл кезеңдегі «Алашұ хан» – «Алашақ хан», әрине, Орда-Ежен еді. Сондықтан да, жоғарыда айтып кеткеніміздей, бектерімен кеңес шақырған Шыңғыс хан мемлекеттің оң қанатын – Еділ дариясындағы аймақтарды «Чингизнамеде» атап көрсетілгендей, «ясса ханы» («хан йосухын») – «оқ хан» Сайынға (Батыға), ал Сыр бойынан ары қарайғы  сол қол аймақтарын Еженге берді. Өйткені, мемлекеттің сол қол жағын әдетте, екінші қатардағы аласа хан билейтін еді. Рашид ад-Дин осыны мақұлдайтын мынадай пікір айтады: «Его юрт (юрт Орда-Ежена-Т.О.) и (юрты этих) братьев (Удура, Тука-Тимура, Шингкума-Т.О.) и их войска находятся на левой стороне в пределах... С самого начала не было случая, чтобы кто-либо из рода Орды, занимавший его место, поехал к ханам рода Бату, так как они отдалены друг от друга, а также являются независимыми государями своего улуса. Но у них было такое обыкновение, чтобы твоим государем и правителем считать того, кто является заместителем Бату, и имена их они пишут вверх своих ярлыков». Ия, осылайша, Еженнің өзі ғана емес, балалары да Алтын Орда хандарынан төменгі – Кіші-Аласа хан статусын иемденді. Сондықтан да, олар күшейген тұста Ақ Орданың тағында отырғандарын қанағат тұтпай, аға-оқ хан болу үшін Алтын Орданың да тағын иемденуге әрекеттер жасады.

XVII ғасырда өмір сүрген Әбілғазы Бахадұрхан Орда-Еженнің қосымша аты «Алшын» болғанын атап көрсетеді. Бұған таңданудың қажеті жоқ. Өйткені, ол өзі Тәшкент-Самарқанд аймағында өмір сүргендіктен, Ұлы Далада таралған «Алшын» мен «Алашаны» бір тайпалық атау деп қабылдаған. Осыған байланысты, әйгілі профессор-филолог Сәрсен Аманжолов А.Левшиннің, Ш.Уәлихановтың айтқандарына сілтемелер жасай отырып, былай деп жазған еді: «по легендам казахов и киргиз, слово  «алшын» (иногда «алакчын», «алачен») часто связывается с племенным названием алача // алаша) или с именем Алаш (Алач), которое выступает как синоним слова «казах»...». Бұл жерде зерттеуші «алшын» қазақтың Кіші жүз одағына кіретін үш тайпалық одақтың аты болып табылатындықтан, оның Байұлы тайпасындағы алаша руының атына қарағанда, әлдеқайда бұрын шыққанын ескертеді және Н.Аристовтың Рашид ад-Диннің шығармасына сүйене отырып, «алшын» сөзі «алашадан» немесе «алаштан» шыққан болар деген тұспалдауына назар аударады, және ол, лингивистикалық көзбен қарағанда, бұл пікірдің толық қисынды екендігін айтып, мақұлдайды. Бұдан туындайтын қорытынды біреу: Орда-Еженнің қосымша атын «Алшын» деп көрсетіп отырған жоғарыда аталған Әбілғазы шын мәнінде оның «Алаша» («Аласа») деп аталғанын айтып отыр. Алаша хан кесенесінің Жошы хан кесенесімен бір өзен – Қаракеңгір бойында, бір аймақта Ұлытау өңірінде жатуы да аталмыш кесенеде әкесіне әрқашан жақын болған, үлкен ұл Еженнің жатқанын дәлелдей түседі. Әкелі-балалы бұл екеуі де осы өңірде өмір сүріп, осы аймақта дүниеден өтті. Олардың Ордасы да осында болды. Осындайда, кейбір тарихшылардың Жошы мен Еженнің ордаларын кезінде Шыңғыс ханға жаздық Орда болды делінетін алыстағы Ертіс бойынан іздестіретіндері түсініксіз. Мұндағы қателік – Шыңғыс хан өзінің Ұлұғ Ордасын Жошыға емес, Үгедейге қалдырғанын ескермеу. Ал атадан келе жатқан Монғолиядағы қара шаңырақ, үлкен үйге кенже бала Төле ие болды.  Сондықтан да, Жошының да, оның үлкен ұлы Еженнің де Ордаларын  Ертіс бойынан іздеу қате деп ойлаймыз. Күні бүгінге дейін оны бұл маңнан ешкім таба алмаған себебі Ертіс аймағы ешқашан да бұлардың ұлысына қараған жоқ. Орда Ежен ұлысына қандай аймақтар қарағаны бір ғана деректе – ортағасырлық Муин ад-Дин Натанзи жазып қалдырған «Аноним Искандера» атты шығармада көрсетілген. Онда Жошы ұлысының Орда-Ежен ұрпақтарына қараған сол қанатына «Ұлы тау, Сегіз ағаш және Қаратал аймақтары, Туйсенге (Тюменге?) дейінгі аймақтар» жатқызылған. Мұнда Ертіс аталмайды. Яғни, Ежен ұлысының шығыс шекарасы деректе көрсетілгендей, Қаратал-Іле өзендері аңғарынан арыға бармайды. Кейінгі археологиялық зерттеулерде Жошы-Ежен ұлыстарының орталығы Ұлытау аймағы болғанын дәлелдеп отыр. Сондықтан да, әкесі Жошының да, баласы Еженнің де қабірі осында, Ұлытауда.1242 жылы Монғолияға бара жатқан жолында Плано Карпини Орда-Еженнің Алакөл маңын мекендеп отырғанын жазып кетеді десек, мұнда әңгіме – Еженнің Ордасы туралы емес, осы аймақтағы оның көшу жолдары туралы болып отыр.  Сондай-ақ, мұнда да Ертіс бойы аталмайды. Соңғы жылдарғы зерттеулерде Еженнің ұлысының үш орталығының бірі Ұлытау (Орда Базар) болғаны айтылып жүр.         

Осы айт­ыл­ған­дар­ға бай­ла­ныс­ты, Жо­шы­ның ор­да­сы Ер­тіс бой­ын­да бол­ға­нын, сон­дық­тан да, кезінде Батуға бағынышты Аласа (Алаша) хан аталған Ежен­нің ор­да­сы­ның да осын­да ор­на­лас­қа­нын айтуға тиіс­ті­міз. Жо­шы бұл маң­ды өзі таң­дап ал­ған жоқ, бұл бұ­рын, 1218 жы­лы Шың­ғыс хан Хо­ре­зм­ге қар­сы жо­рық­қа ат­та­нар ал­дын­да өзі­нің екін­ші ор­да­сын ор­на­лас­тыр­ған өл­ке бо­ла­тын. Осын­да, Қар­лық­тар­дың Қая­лық (Қой­лық) қа­ла­сы­нан он­ша қа­шық емес ай­мақ­та, Най­ман­тау­дың биі­гін­де жа­ңа­дан қа­лып­та­сып ке­ле жат­қан Алаш қауым­дас­ты­ғы­на мұ­рын­дық бол­ған Жа­лай­ыр, Қып­шақ, Қаң­лы, Қо­ңы­рат, Қа­ра­ке­сек (Қар­лық), Най­ман, Ке­рей, Үй­сін тә­різ­ді тай­па­лар Май­қы (Бай­қы) би­дің бас­тауы­мен Шың­ғыс­ты та­ғы да хан кө­те­ріп, Най­ман­тау­ды осы­дан бас­тап Шың­ғыс­тау атан­дыр­ған еді. Кейіні­рек, Гин­де­куш­қа дейін­гі ай­мақ­ты жау­лап, Мон­ғо­лияға қайт­ар жо­лын­да да Шың­ғыс осы Ер­тіс бой­ын­да­ғы став­ка­сын­да аял­дап, өзі­нің ұл­да­ры­на бе­рі­ле­тін ай­мақ­тар­ды нақ­ты­лай түс­ті. Жо­шы­ның да осын­да, өзі­нің ор­да­сы­на жа­қын ай­мақ­та қайт­ыс бол­ға­ны сөз­сіз. Ақ ор­да­да­ғы ық­пал­ды қо­жа­лар­дың әсе­рі­мен кейіні­рек­те ор­на­тыл­ған Жо­шы­ның қа­зір­гі ке­се­не­сін­де оның өзі емес, едәуір қарт кі­сі­нің жат­қа­нын ака­де­мик Ә. Мар­ғұ­лан жүр­гіз­ген қаз­ба көр­се­тіп кет­ті.

Ал ен­ді Шай­бан бас­қар­ған Көк ор­да ту­ра­лы айта ке­тер бол­сақ, бұл ұлыс­тың кейіні­рек­те, Сай­ын (Ба­ту) ба­тыс ел­де­рін ба­ғын­дыр­ған (1243 ж.) соң құ­рыл­ға­ны «Чин­гиз-на­ме­де» айт­ыл­ған. Де­рек­тер­ге қа­рар бол­сақ, Көк ор­да Арал­дың сол­түс­тік ай­мақ­та­ры­нан Тө­мен өл­ке­сі­не дейін, Сай­ын би­ле­ген Ал­тын ор­да мен Ежен бас­қар­ған Ақ ор­да ара­сын­да со­зы­лып жат­қан. Оның та­ри­хы ар­найы әң­гі­ме­ге ар­қау бо­лу­ға лай­ық.

Ал ен­ді Ақ ор­да­ның ал­ғаш­қы ха­ны Ежен­ге ке­лер бол­сақ, оны кө­те­рі­ліс жа­са­ған өзі­нің нө­кер­ле­рі тө­ңі­ре­гін­де­гі оғ­лан­да­ры­мен бір­ге өл­тір­ді. Ба­тыс­ты ба­ғын­ды­рып қайта орал­ған Сай­ын­ның Шы­ғыс қып­шақ­та­ры же­рі­нен ау­лақ­қа, Еділ бой­ына ор­ны­ғуы жә­не Мон­ғо­лияда­ғы ұлы хан Үге­дей­дің қайт­ыс бо­луынан кейін­гі саяси шыр­ға­лаң, 1242 жы­лы Шың­ғыс ұр­пақ­та­ры­ның «Йас­са» за­ңын орын­дауын қа­тал қа­да­ға­лап отыр­ған қа­һар­лы Ша­ға­тай­дың да дү­ниеден өтуі Ежен­нің жаула­рын ашық бас кө­те­ру­ге итер­ме­ле­ді. Сай­ын­ға (Ба­ту­ға) ба­тыс жо­ры­ғы­нан на­ра­зы бо­лып кел­ген Үге­дей ұлы Күйік өзі ұлы хан бо­лу үшін Сай­ын­нан да, Ежен­нен де қол­дау та­ба­ры­на се­нім­ді бол­ма­ған­дық­тан, осы тұс­та Ежен­нің ор­да­сы­на таяу маң­да Еміл­де қо­ны­станып, оған қар­сы әре­кет­тер­ді жан­дан­дыр­ды.

 Ежен­нің қай­ғы­сы Сай­ын­ның қа­быр­ға­сын қай­ыс­ты­рып кет­ті. Ол Ежен­ге ас бер­ген соң, қа­лың қол­мен оны өл­тір­ген­дер­ге ат­тан­ды. Қар­сы­ла­су­ға ша­ма­ла­ры кел­ме­ген жау­лар қа­шып құ­тыл­ды. Осы­дан соң, Сай­ын Ежен­нің ор­да­сын­да­ғы ру­лар мен тай­па­лар­ды өзі­нің ұлы­сы­на қа­рат­ты жә­не бұл ай­мақ­тар­ды өзі­нің бек­те­рі­не бө­ліп бер­ді. Осы­лай­ша, Ақ ор­да Ал­тын ор­да­ға қо­сыл­ды. Алай­да әке­сін­дей бол­ған Ежен­нің ор­нын Сай­ын ие­сіз қал­ды­ра ал­ма­ды, оның үс­ті­не екі ұлыс­тың ара­сын іні­сі Шай­бан­ның ие­лік­те­рі (Көк ор­да) бө­ліп жат­қан­дық­тан, шал­ғайда­ғы Ақ Ор­да та­ғын ие­сіз қал­ды­ру қауіп­ті бо­ла бас­та­ды. Осы­лай­ша, тақ­қа Ежен­нің төр­тін­ші ұлы Қоң­қы­ран отыр­ды (1250-1280 ж.). Одан ұр­пақ бол­ма­ған­дық­тан, тақ­ты Ежен­нің үл­кен ұлы­нан ту­ған Қо­ныш, онан соң оның ұлы Баян ием­ден­ді. Соң­ғы­сы­ның тұ­сын­да Үге­дей­дің жә­не Ша­ға­тай­дың ұр­пақ­та­ры Ақ ор­да­ны өз­де­рі­не ба­ғын­ды­ру жо­лын­да со­ғыс­тар бас­та­ды. Алай­да, Ал­тын Ор­да ха­ны Тоқ­та­ның әс­ке­ри кө­ме­гі­нің ар­қа­сын­да Баян же­ңіс­ке же­тіп, ұлыс­тың астана­сын Сыр бой­ын­да­ғы Сы­ға­нақ қа­ла­сы­на ауыс­тыр­ды. ХІҮ ға­сыр­дың ба­сы­нан бас­тап Ақ ор­да та­ғын Бая­ның ұлы Са­сы-Бұ­қа (1309-1315), оның ұлы Ер­зен (1316-1345) би­ле­ді. Ер­зен­нің би­лі­гі Ал­тын Ор­да та­ғы­на Өз­бек хан­ның би­лік жа­са­ған ке­зе­ңі­не тұс­па тұс ке­ліп, ел­де со­пы­лар мен қо­жа­лар­дың ис­лам ді­нін мем­ле­кет­тік дең­гейге кө­те­ру саяса­ты жап­пай қол­дау тап­ты. Сон­дық­тан да, Ер­зен өзі­нің ор­ны­на тақ­қа отыр­ған ұлын Мү­ба­рак­қо­жа деп ата­ды.

Алай­да, Өз­бек хан Ақ ор­да­ны Ал­тын Ор­да­ның ба­ғы­ныш­ты бө­лі­гі деп біл­ді, сон­дық­тан да оның та­ғы­на өзі­нің ұлы Ты­ны­бек­ті 1342 жы­лы отыр­ғыз­ды. Ал­тын Ор­да хан­да­ры Жә­ні­бек­ те (1342-1357), онан кейін­гі Бер­ді­бек­ те (1357-1361) Ежен ұр­пақ­та­ры­ның дер­бес­тік­ке ұм­ты­лы­сын шек­теу­мен бол­ды. Тіп­тен соң­ғы­сы олар­ды бір­тін­деп өл­ті­ру­мен айна­лыс­ты. Мұн­дай бы­лық Ақ ор­да та­ғы­на 1362 жы­лы Шым­тай хан­ның ба­ла­сы Ұрыс хан кел­ген­ге дейін орын ал­ды. Ол Ақ ор­да­ны кү­шейт­іп ға­на қой­май, Жә­ні­бек­тен соң бе­ре­ке­сі кет­кен Ал­тын Ор­да та­ғын да ба­сып алу­ға ұм­тыл­ды. Мұ­ның өзі Алаш қауым­дас­ты­ғы­на топ­та­са бас­та­ған ру-тай­па­лар­ды өз­де­рі­нің дер­бес мем­ле­ке­тін құ­ру­ға ын­та­лан­ды­ра түс­ті.

Алтын Орда мен Көк Орда. Та­ри­хи әде­биет­те Ал­тын Ор­да, Ақ Ор­да атауы­мен қа­тар Көк Ор­да де­ген ұлыс ту­ра­лы да жиі айтыла­ды. Мұн­дайда қа­зақ та­рих­шы­ла­ры тер­ри­то­риялық тұр­ғы­дан қа­зір­гі Қа­зақ­стан­ның көп жер­ле­рін алып жат­қан Ақ Ор­да­ға ба­са мән бе­ре­ді де, Ал­тын Ор­да мен Көк ор­да­ның та­ри­хын бас­қа­лар­дың та­ри­хы ре­тін­де на­зар­дан тыс қал­ды­ра бе­ре­ді. Мә­се­ле­ге әри­не бұ­лай қа­рау әді­лет­ті бо­ла қой­май­ды. Өйт­ке­ні, бі­рін­ші­ден, бұл Ор­да­лар­дың бә­рі­нің та­ри­хи бас­тауы, қай­нар бұ­ла­ғы ор­та­лы­ғы қа­зір­гі Қа­зақ­стан айма­ғын­да­ғы Жо­шы ұлы­сы (Алтын Орда) бо­лып та­бы­ла­ды; екін­ші­ден, бұ­лар­дың бә­рі­нің эт­ни­ка­лық құ­ра­мын­да Алаш қауым­дас­ты­ғын құ­ра­ған ру­лар мен тай­па­лар­дың та­ри­хи із­де­рі сай­рап жа­тыр. 

Та­ри­хы­мыз­ды нақ­ты­лай тү­су­ге та­ғы бір ке­дер­гі – бұл үшеуі­нің пай­да бол­ған ке­зе­ңін де, ор­на­лас­қан ай­мақ­та­рын да еуро­це­нт­рис­тік көз­қа­рас­тар же­те­гі­не іле­сіп, ша­тас­ты­ра­тын зерт­теу­ші­лер әлі де кез­де­се­ді. Алай­да, бір нәр­се­нің ба­сы ашық: Көк Ор­да ұлы­сын ал­ғаш не­гіз­де­ген Жо­шы­ның то­қал­дан ту­ған бе­сін­ші ұлы Шай­бан бо­лып та­бы­ла­ды. Сая­хат­шы Пла­но Кар­пи­ни­дің оны Сы­бан деп ата­ға­ны­на қа­ра­ған­да, жер­гі­лік­ті қып­шақ­тар оның мон­ғол­ша есі­мін өз­де­рі­нің тіл­де­рі­не икем­деп, тү­рік­тен­ді­ріп ал­са ке­рек. Та­ри­хи де­рек­тер Шай­бан ұлы­сы атауы­ның шы­ғу­ын Шың­ғыс ­хан дәуірі­нен бас­тайды. Мы­са­лы, «Шың­ғыс­на­ма­да» әке­ле­рі Жо­шы қайт­ыс бол­ған соң бәй­біше­ден ту­ған екі ұл (Ежен мен Ба­ту) жә­не то­қал­дар­дан ту­ған он же­ті ұл ен­ді әке­нің ор­нын кім ба­са­ты­нын ай­қын­дап алу үшін ата­ла­ры Шың­ғыс­ хан­ның өзі­не ба­ра­ды. Осын­дайда ел­дің на­за­рын ау­дар­тар бір жайт­ орын ала­ды. Бәй­біше­ден ту­ған­дар­ды (Ежен­ге – ал­тын бо­са­ға­лы Ақ Ор­да, ал Ба­ту­ға – кү­міс бо­са­ға­лы Көк ор­да тік­тір­се,) ар­найы ор­да­лар­ға ор­на­лас­тыр­са, то­қал­дан ту­ған­дар ара­сы­нан тек Шай­бан не­ме­ре­сі­не ға­на Шың­ғыс хан же­ке ор­да тік­ті­ре­ді. Бұл бо­лат бо­са­ға­лы Боз ор­да еді.

Бұл жер­де мән бе­ре­тін мә­се­ле – ті­гіл­ген ор­да­лар­дың тү­сін­де емес, Ұлы қа­ған­ның көп не­ме­ре­ле­рі іші­нен кім­дер­ді ерек­ше­леуін­де жә­не кім­дер­ге ар­найы кө­ңіл бө­ліп, олар­ды же­ке ор­да­лар­ға ор­на­лас­ты­ру­ын­да бол­са ке­рек. Нақ­ты­лай тү­сер бол­сақ, Жо­шы­ның ор­ны­на оның ұлы­сы­на хан бол­ған Сай­ын (Ба­ту) жо­лы жа­ғы­нан үл­кен, әке­нің отауын (Жо­шы­ның Ақ отау­ын­да не­ме­се Ор­да­сын­да) ием­ден­ген аға­сы Ежен­нен бас­қа­лар­ға, яғ­ни кі­ші іні­ле­рі­не жа­ңа­дан ба­сып ал­ған жер­лер есе­бі­нен ай­мақ­тар үлес­тір­ген­де, Шай­бан­ға (кей­бір де­рек­тер оның 1207 жы­лы ту­ға­нын, яғ­ни, Сай­ын­нан екі жас кі­ші­лі­гін айтады) бас­қа іні­ле­рі­нен бө­лек­ше, тіп­тен ерек­ше жағ­дай­лар жа­сауы ке­рек бол­ды. Де­сек­ те, 1241 жыл­ға дейін, яғ­ни Ба­тыс жо­ры­ғы аяқ­тал­ған­ша Ақ не­ме­се Ал­тын Ор­да, Көк Ор­да, Боз ор­да де­ген же­ке ұлыс­тар пай­да бо­ла қой­ған жоқ. Олар­дың бә­рі бір ға­на атау­мен, Жо­шы ұлы­сы ре­тін­де бел­гі­лі бол­ды. Осы айт­қа­ны­мыз­ды дә­лел­дейт­ін та­ри­хи де­рек­тер­ден Сай­ын­ның (Ба­ты­ның) өзі­нің іні­ле­рі­не ша­ғын ұлыс­тар бө­ліп бе­ру ісін ба­тыс жо­ры­ғы­нан соң ға­на қол­ға ал­ға­нын бай­қай ала­мыз. Шай­бан бас­қар­ған Көк Ор­да да осы­лай­ша кейін­нен пай­да бол­ды.

Та­рих­ты нақ­ты­ла­сақ, Шай­бан ұлы­сы­ның қа­лып­та­суы оның өзі жау­лап ал­ған жа­ңа жер­лер есе­бі­нен ке­ңейт­іл­ге­нін аң­ға­ра­мыз. Бұл жер­де Шай­бан­ның қол­бас­шы­лық та­лан­ты ға­на емес, жо­ға­ры­да айт­ып кет­ке­ні­міз­дей, Шың­ғыс­хан­ның өзі­нің, кө­зі ті­рі ке­зін­де Шай­бан­ға ерек­ше на­зар ауда­руы да оның әке­сі Жо­шы­ның иелі­гі­не жа­та­тын ай­мақ­тар­дан бас­тау ала­тын же­ке ұлыс­ты ием­де­нуіне не­гіз бол­ды. Мон­ғол та­ри­хы­ның қа­зақ­қа қа­тыс­ты тұс­та­рын анық­тай тү­су­де көп ең­бек­те­ніп жүр­ген Зар­ды­хан Қи­наятұлы­ның зерт­теу­ле­рі­не қа­ра­сақ, ұлы Қа­ған өзі­нің не­ме­ре­сі Шай­бан­ға ал­ғаш рет 1224 жы­лы күз­де Ер­тіс бой­ын­да­ғы өзі­нің ор­да­сы ор­на­лас­қан Бұ­қа шо­шы­ған де­ген жер­де бол­ған үл­кен жиын­да кез­дес­кен. Бұл жиын­ға қат­ты нау­қас бол­ған­дық­тан, Жо­шы қа­ты­са ал­май, ба­ла­ла­ры Ежен­ді, Сай­ын­ды жә­не 15-16 жас­та­ғы Шай­бан­ды ат­тан­дыр­ған. Шың­ғыс­ хан­ның осын­да ба­ла­ла­ры­на өзі ба­ғын­дыр­ған жер­лер­ді ұлыс ре­тін­де бө­ліп бер­ге­ні бел­гі­лі. Мұн­да, әри­не, не­ме­ре­лер ұлыс­тық үлес­тер ала қой­ған жоқ. Бі­рақ нау­қа­станып жат­қан Жо­шы­дан ту­ған не­ме­ре­ле­рі­не осы жиын­да Шың­ғыс ерек­ше на­зар ауда­ру­ға мәж­бүр бол­ды. Өйт­ке­ні, ұлы қа­ға­нат­тың айма­ғын бо­ла­шақ­та ба­тыс­қа қа­рай ке­ңейту осы Жо­шы ұлы­сы­нан бас­тау ала­тын еді. Сон­дық­тан да, Жо­шы­ға үлес бөл­ген­де оның із­ба­сар­ла­ры кім­дер екен­ді­гі ұлы қа­ған­ды қы­зық­тыр­ды. Бұл айт­қан­да­ры­мыз­дың дұ­рыс­ты­ғын Жо­шы қайт­ыс бол­ған соң, жо­ға­ры­да айт­ып өт­ке­ні­міз­дей, Шың­ғыс­ хан­ның, өзі­не жү­гін­ген Жо­шы­ның көп­те­ген ұл­да­ры­нан атал­ған үшеуін ерек­ше­леп, олар­ға ар­найы ор­да­лар ті­гуінен де бай­қауға бо­ла­ды.

Ата­сы Шың­ғыс хан­ның Сай­ын­ға (Ба­ту­ға) бе­ріл­ген Ба­тыс ел­де­рін жау­лау ту­ра­лы тап­сыр­ма­сын орын­дау мә­се­ле­сі 1235 жыл­ғы жал­пы­мон­ғол­дық құ­рыл­тайда қайта кө­те­ріл­ді. Ұлы қа­ған­ның өсие­тін орын­дау­ды бас­ты мақ­сат­қа ай­нал­дыр­ған бұл жо­рық­қа Сай­ын­ның (Ба­ту­дың) ті­ке­лей бас­қа­руымен Жо­шы­ның ұл­да­ры Ор­да (Ежен), Ши­бан (Шай­бан), Шон­хор (Шинг­кур); Үге­дей­дің (Өге­дей­дің) тұң­ғыш ұлы Күйік (Гуюг); Ша­ға­тай­дың үл­кен не­ме­ре­ле­рі Бу­ри, Бай­дир; Ту­луй­дың тұң­ғы­шы Мөң­ке өз­де­рі­не ба­ғы­ныш­ты ай­мақ­тан қол жи­нап ат­тан­ды. Шай­бан­ның қол­бас­шы­лық та­лан­ты­ның та­ны­луы ту­ра­лы «Шың­ғыс­на­ма­да» мы­на­дай жол­дар бар: «...Сай­ын ­хан Еділ өзе­ні­нің жа­ға­сы­на кел­ген соң, әс­кер­ді жаб­дық­та­ды, жә­не Орыс уәлая­тын­да­ғы қа­ла Мас­кав­қа (Мәс­кеуге-Т.О.) жо­рық­қа ат­тан­ды. Бы­лай деп айтады. Сол жо­рық­та Сай­ын ­хан Шай­бан хан­ға отыз мың адам бе­ріп, ал­дың­ғы шол­ғын­шы от­ряд ре­тін­де ат­тан­дыр­ды, ал өзі оның со­ңы­нан жү­ріп отыр­ды. Шай­бан хан ал­да, үш күн­дік қа­шық­тық­та ба­ра жат­ты. Мәс­кеу пат­ша­сы жау­дың ке­ле жат­қа­ны ту­ра­лы ха­бар­дар бол­ды. Ол жүз елу мың адам­ды бас­тап қар­сы шық­ты... Шай­бан хан оған қар­сы же­дел қар­қын­мен жыл­жу ту­ра­лы ше­шім­ге кел­ді. Бек­те­рі қан­ша үгіт­те­се де ол кө­не қой­ма­ды... Ол қам­сыз жат­қан орыс пат­ша­сы­ның әс­ке­рі­не күт­пе­ген жер­ден бас сал­ды... Оның әс­ке­рі­нен (орыс­тар­дан–Т.О.) кім­дер өлу­ге тиіс­ті бол­са, өл­ді, қал­ған­да­ры­ның бә­рін тұт­қын ет­ті. Олар­дан қал­ған мү­лік­ке, жә­не жаб­дық­тар­ға, сауыт­тар мен қап­та­ма­лар­ға са­на­саң сан жет­пейді... Екі күн­нен соң Сай­ын хан ке­ліп, бұл же­ңіс­ті көр­ді. Осы ол­жа­ның бә­рін алып ке­ліп, Сай­ын хан­ға сый­ла­ды. Ол аса қат­ты қуан­ды жә­не Шай­бан хан­ды әб­ден мақ­та­ды... Қол­ға түс­кен ол­жа­ның бә­рін ол, Шай­бан хан­ның өзі­не бер­ді, ал ол бол­са оның бә­рін өзі­нің әс­кер­ле­рі­не сый­ла­ды. Таң ал­дын­да олар жол­ға шық­ты, онан соң Мас­кав (Мәс­кеу–Т.О.) уәлаяты­на кел­ді».

 Шай­бан­ның осын­дай ер­лі­гі­нен кейін, Сай­ын­ның (Ба­ту­дың) тө­ңі­ре­гін­де­гі­лер оны жо­ға­ры ба­ға­лап, оған тиесі­лі ру­лар мен тай­па­лар­ды, жа­ңа уәлаят­ты бө­ліп бе­ру ту­ра­лы Сай­ын­ға (Ба­ту­ға) ұсы­ныс­тар жа­са­ды. Сай­ын осы­дан соң, Шай­бан­ға бұ­рын­ғы отыз мың­дық әс­ке­рі­не та­ғы да он мың қыят пен жұ­рал­дай­лар­дан құ­рал­ған жа­сақ­тар­ды қо­сып бе­ріп, оны Қы­рым мен Ка­фа ай­мақ­та­рын жау­лап алу­ға ат­тан­дыр­ды. «Шың­ғыс­на­ма­да» Шай­бан­ның Қы­рым­да­ғы Қы­ры­қер қа­ла­сын қан­дай тап­қыр­лық­пен жау­лап ал­ға­ны айтыла­ды. Бұл өзі­міз­дің әйгі­лі Мұ­рын жы­рау жыр­лайт­ын «Қы­рым­ның қы­рық ба­ты­ры» да­станы­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­ты та­ри­хи орын. Он­да та­рих­та бол­ған тұл­ға­лар тағ­ды­ры, дә­лі­рек айт­ар бол­сақ, Же­ті­ру­дың Та­ма тай­па­сы­на атын бер­ген Та­ма ба­тыр­дың Ал­тын Ор­да дәуірі­нен бас­тау ала­тын ба­ба­ла­ры­ның ше­жі­ре­ле­рі мен ер­лік­те­рі баян­да­ла­ды.

 Қы­ры­қер­дің ор­нын (қа­зір – Чу­фут-Ка­ла деп ата­ла­ды) ал­ғаш рет ар­хеолог В.Его­ров зерт­теп, өзі­нің «Ис­то­ри­чес­кая геог­ра­фия Зо­ло­той Ор­ды» ат­ты мо­ног­ра­фиясын­да кар­та­ға тү­сір­ген еді. Олар­ды ба­ғын­дыр­ған соң Шай­бан Улақ айма­ғын, онан соң аса үл­кен Ко­рал айма­ғын ба­сып ал­ды. Еуро­па­да­ғы жо­рық­тар­ды аяқ­та­ған соң, Сай­ын (Ба­ту) туыс­та­ры­на ен­ші­лер бөл­ген­де, Шай­бан­ның осын­да, Ко­рал же­рін­де Ор­да ті­гіп, тұ­рақ­тап қа­лу­ына рұқ­са­тын бер­ді. Ол осын­да өмір сү­ріп, қайт­ыс бол­ды. Сі­бір­ден Арал те­ңі­зі­нің сол­түс­тік ай­мақ­та­ры­на дейін со­зы­лып жат­қан бұл ие­лік ен­ді, Шай­бан ұлы­сы не­ме­се Көк Ор­да атауына ие бол­ды. Ор­та­ ға­сыр­лар­да­ғы та­рих­шы Муин ад-Дин На­тан­зи­дің айт­уына қа­ра­ған­да, Көк ор­да жә­не Ақ ор­да ұлыс­та­ры атақ­ты бек­лер­бек Но­ғай қайт­ыс бол­ған­нан соң (1300 ж.) Жо­шы ұлы­сы­ның екі­ге бө­лі­нуіне бай­ла­ныс­ты пай­да бол­ған. Шай­бан ұр­пақ­та­ры би­ле­ген Көк ор­да­ға бұ­рын Шай­бан ба­сып ал­ған ай­мақ­тар, дә­лі­рек айт­ар бол­сақ – Урус, Чер­кес, Ас, Мх­ши, Бу­лар, Маж­жар, Ав­кек, Баш­гырд, Либ­кай, Хад­жи-Тар­хан, Ак-Са­рай тә­різ­ді ел­дер мен ай­мақ­тар қа­ра­ған. Жо­лы да, жа­сы да кі­ші бол­ған­дық­тан Шай­бан аға­ла­ры Ежен мен Сай­ын­ға те­ке­ті­рес бо­ла ал­майт­ын еді. Ол не­гіз­де­ген Көк ор­да қай жа­ғы­нан бол­сын, ал­ғаш Ақ ор­да­ға (яғ­ни Жо­шы ұлы­сы­на), кейіні­рек Ал­тын Ор­да­ға қа­райт­ын ай­мақ бол­ды. Көк ор­да­ның осын­дай саяси тұ­рақ­сыз жағ­дайы зерт­теу­ші­лер­ді ша­тас­ты­рып, оның мем­ле­кет­тік ма­ңы­зын асы­ра кө­тер­ме­леуге жә­не та­ри­хын бұр­ма­лап жа­зу­ға алып кел­ді.

 Қа­лай де­сек­ те, Шай­бан­ның Көк ор­да­сы­ның та­ри­хы кейін­гі қа­зақ та­ри­хы­ның эт­но-саяси бас­тау­ла­ры­ның бі­рі. Өйт­ке­ні, ХV ға­сыр­дың ал­ғаш­қы жар­ты­сын­да Ба­тыс жә­не Ор­та­лық Қа­зақ­стан айма­ғын­да­ғы Өз­бек ұлы­сы­на би­лік жа­са­ған жә­не ал­ғаш­қы қа­зақ хан­да­ры Жә­ні­бек пен Ке­рей­мен би­лік­ке та­лас­қан Әбіл­қайыр хан осы Шай­бан­ның ұр­па­ғы. Жал­пы қа­зақ хан­да­ры­ның Шай­бан әуле­ті­мен жер үшін, ел үшін жан­қияр­лық кү­рес­те­рі біз­дің мем­ле­кет­ті­лік жо­лын­да­ғы та­ри­хы­мыз­дың аса күр­де­лі бет­те­рі бо­лып та­бы­ла­ты­нын ұмы­та ал­май­мыз.

(жалғасы бар)

 

147 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала АБАЙ ЖОЛЫ – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №8

29 Тамыз, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы