• Тарих толқынында
  • 30 Қараша, 2020

ӘЛ-ФАРАБИ ТАҒЫЛЫМЫ

Ұзақбай Қожантов,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Абай атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты

Сақтың қызы Олимпида Филипп II екеуі Дамаскіге, Сақтың ордасына келген. Сонда ғалым аты әлемге шарықтап тұрған Әбуді көріп, Олимпида маңдайынан сүйіп, Филипп II ризашылығын айтып кетеді. «Сенің математикалық трактатыңды, хи-мия, физикаңды, Зұлқарнайын сүйсініп оқып, оны іс жүзінде пайдаланып жүр. Сені бір көріп, кездескісі келеді» дейді.
Филипп II мен, Олимпидамен ықы-ласпен қоштасады. Ал Әбудің әкесі Ұзлағ Мұхаммед Филипп II-ні және қарындасы Олимпиданы сый-құрметке бөлеп, алтын-күміс, небір бағалы заттар сыйлап, шығарып салады.
Грецияның көне Стагира қаласында Солонның төрағалығымен өткен білім шайқасында Әбу қасқайып тұрып, анық жауап береді. Соңғы күні бәрі қол соғып, Әбуге ризашылығын береді. Данышпан әл-Фараби өзін әлемге танытты. Солон түрегеп тұрып қол соқты. Әлем әл-Фарабиді таныды, Фараби әлемді таныды. Ол кезде сақтар әжептеуір азулы еді. Олар өзіне-өзі сенетін, айтқан сөзінде тұратын, өте қатал, қайсар халық. Әл-Фарабидің сөзі: «Біздер қазақтармыз (сақтар). Мен өз халқымның арқасында осындай ғылыми шыңға жеттім. Мен қазақ болып тудым, қазақ болып өлем». Зұлқарнайын әлемнің бірінші ғалымы деп мойнына алқа салады.
Стагира – ежелгі Македония қаласы, Халкидики жарты аралы арасында Болбей көлі мен Стриман шығанағының аралығында орналасқан. Қазіргі атауы – Ставро. Б.з.б. VI – ғ.ортасында негізі қаланған. Бастапқы атауы – Ореагория, Стагира айлағы деп аталған. Стагирада Аристотель туған, сол себепті ол Стагирит деп аталған. Македониялық Филипп II Стагираны қиратып жойған. Уақыт өте Аристотель Ескендір Зұлқарнайынның (ұлы Александр) ұстазы болғаннан кейін қалпына келтірілген. Міне, осы қалада Әбу үш күн ғалымдар шайқасында жеңіске жетті. Бұл ғалымдар шайқасын ұйымдастырған Ескендір Зұлқарнайын болатын. Білгір ғалымдар әлемнің түкпір-түкпірінен келді, олардың ішінде Әбу де бар еді. Зұлқарнайын бұл жарысты өзінің ұстазы Аристотельге арнады. Ол Аристотельді ғалымдар шайқасында әлем бойынша бірінші болады деп үміттеніп еді. Ойлағандай болмады. Өзінің білгірлігі мен еңбекқорлығының арқасында бірінші жүлдені Әбу Фараби иеленді. Зұлқарнайын көрегендікпен Әбуді қолдап, қол соғып құрметтеді. Әбуге шын риза болды. Аристотель де Әбуге басын иді. Әбу үшін бұдан артық құрмет болмады. Бүкіл шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен Македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александр әл-Фарабидің ғылыми әдісін, математикасын, астрономиясын, философиясын, геометриялық күрделі есептерін пайдаланды және жүзеге асырды. Ескендір Зұлқарнайын жойқын жорықта математикалық есеппен жүріп отырды. Ал түнде астрономиялық аспан жұлдызы арқылы жолды білді. Жаудың қаншалықты күшті екенін білді. Көңілін Әбудің әнімен әсерлі етті. Зұлқарайын Әбу Фарабидің көп ғылыми еңбегін пайдаланды. Александр тек білімді қолбасшы ғана емес, жауының ойын алдын-ала оқып отырған, жүрек жұтқан жауынгер. Мен патшамын-ау деместен қауіпті шайқастардың өзіңде жанын шүберекке түйіп, әскерін бастап, ең алдыңғы шепте атойлап жүрді. Оны көрген жауынгерлері патшасы үшін жан беруге дайын болды, одан сайын рухтана түсті. Ал ол кезде басқа патшалар болса, әскерін алға жіберіп қойып, өздері алыстан бақылайтын. Ал жау өзіне қарай беттесе тұра қашатын. Зұлқарнайын ғылыми есеппен алға шабуылға шығатын. Жүздеген жылдар бойы өзіне тең келетін жау таппаған, кіп-кішкентай Македониядан шыққан Зұлқарнайын ғылымды пайдаланып, соғыс жүргізді. Міне, осылай Зұлқарнайын әлемді жаулап алды.
Зұлқарнайын ғалымдарды Стагираға жинап, өзінің ұстазы Аристотельді әлемнің бірінші ұстазы болады деп ойлады. Зұлқарнайынның қабағынан қар жауып тұрған кезі. Зұлқарнайыннан бүкіл әлем қорқатын. Зұлқарнайынның анасы Олимпида көпестерден Әбуге Стагираға келсін, ғалымдар жарысы болады деп хабар берді. Әбу Олимпиданың хабарын естісімен тез арада Грецияның Стагира қаласына жүріп кетті.
Зұлқарнайын Әбудің Стагираға келгенін жақтырмады. Бірінші уәзір әл-Мұхаммед Ұзлағ Әбудің өзіне тартқан, айтқанынан қайтпайтын ержүрек екенін білді. Олимпида бар күшін салып, Зұлқарнайынға бір емес бірнеше рет Әбуге тиіспе, тиіссең маған тиіскенің деп айтып отырды. Зұлқарнайынның бір ерекшелігі – анасын қатты құрметтеп сыйлайтын.
Әбу ғалымдар жарысына, Стагираға дер кезінде жетті. Олимпида Әбудің бірінші орын алатынын білді.
Ол кезде Греция әлем бойынша ғалымдар орталығы еді. Оған үлкен ықпал еткен өзі жауынгер, жүрек жұтқан батыр, ғалым, білгір Зұлқарнайын еді. Жарысқа Стагираны таңдап алған себебі, біріншіден, Аристотельдің туған жері, екіншіден, сол кезде әлем бойынша ғылымның дамыған кезі, үшіншіден, Зұлқарнайын Аристотель ұстазын сыйлаған.
Аристотель атақты ғалым, әрі білгір ретінде Әбу Фарабидің әлем бойынша біріншілікті алуы оған өрескел және күтпеген жағдай болды, әрі сол кездегі түсінік пен тәртіп өте қатал еді.
Дөңгелек сары темірге «Әлемнің бірінші ғалымы» деп жазылған алқаны Зұлқарнайын Әбудің мойнына әкеліп салады. Әлемге әйгілі, әрі батыр, әрі ғалым, білгір Зұлқарнайынның мойындауы Әбуге қатты әсер етті. Бұл гректердің сол кездегі заңына қарсы еді. Зұлқарнайынның қандай адам екенін Әбу білді. Әбу Фарабидің ғылымға деген білгірлігі сәл болса да Зұлқарнайынның мысын басты. Әбудің әлемде бірінші ғалым аталуын ешкім күтпеген. Ойламаған жағдай. Зұлқарнайын ішінен қатты ашуланды, булықты. Бұл Аристотельге арналған атақ деп Солонға кейіді. Әлемнің бірінші ғалымы атағын алғасын Әбу Зұлқарнайынның қаһарынан құтылуы мүмкін емес еді. Бұны ол өте жақсы білген. Олимпида Әбуден қалай құтылатынын сезді. Зұлқарнайын әрі кетсе екі күн немесе үш күнде Әбуді өлтіреді. Сондықтан, тез қимылдау керек. Олимпида Әбудің соңындағы жігіттерді грекше киіндіріп, жан-жаққа бөліп, мал бақтырып, аула тазалаушы етіп, тіпті аспазға да бір-екеуін жіберіп, бір жылға дейін сыр білдірмей жатуға бұйрық береді. Ал Зұлқарнайыннан құтылу оңай емес еді.
Әбу Фараби осы гректер түбі бір залалын тигізер деп Стагираға ғалымдар жарысына келгенде ойлап қойған. Ол кезде аю, қасқырдан бөлек, айдаһарлар өте көп еді. Жолдан ауытқып шығып немесе сазды жолмен жүру өте қауіпті, тіптен мүмкін емес. Әбу Фараби бұл жағдайдың бәрін өте жақсы біліп, қайтар жолын есептеп қойған болатын. Рас, Олимпидаға, төрелік еткен Солонға да қауіп төніп тұрды. Үш күннің ішінде Әбу өзін-өзі өлтіріп тынбаса, Зұлқарнайынның қаһарынан құтылу мүмкін емес еді. Аман-есен құтылғанның өзінде Дамаскіге келіп, Әбудің тұрған үйінде өлтірер еді. Әлемнің бірінші ғалымы атағын алған соң, өзінің әкпесімен қоштасуға кірді. Өмірі көзіне жас алмайтын Олимпида жылап тұрып, бұл гректерге сақтардың кім екенін көрсеттің деп, Әбуді кеудесіне қысып тұрып-ақ жол тіледі. Бір күннен кейін, Солонды дарға асып өлтірді. Олимпидаға у берді. Зұлқарнайын өте қанышер адам еді. Әбуге іздеу салады, еш жерден таба алмайды. Әбу осындай жауыз қолбасшыдан қалай құтылып, қайда кетті, белгісіз.
Зұлқарнайын мыңдаған ғалымдар арасында Әбуге әлемнің бірінші ғалымы деген алқаны тағып, артынша Әбуді де, тіпті өзінің анасы Олимпиданы да өлтіруді жөн көрді. Өйткені, сол кезде гректер өздерін ұлы халықпыз деген сенімде болды. Бұл сенім Зұлқарнайынға қатты әсер етті. Сондықтан, Зұлқарнайын шешесіне у беріп өлтіртті және Әбудің соңына түсіп, оны өлтіруге бұйрық берді.
Олимпиданың ақыл-айласы күшті еді. Самұрық құсына жабысып, Әбу ұшып кетеді, аман-есен өзінің ауылына жетеді. Олимпида 6 күннен кейін, су жағасына келіп, Самұрық құсын көреді. Аяғындағы көк арқан жіпті көріп, Әбудің аман-есен жеткенін біледі. Олимпида сол жерде удан қайтыс болады. Бұны Солон біліп қалып еді. Зұлқарнайын Солонды да өлтіртті. Әбуді жердің астынан болса да табыңдар деп бұйрық береді. Зұлқарнайын әскері қаптай келіп, ұзамай іздеуге кірісті. Әбу із-түссіз жоқ болып кетті.
Солон сол кездегі гректердің ішіндегі мықты ғалым болатын. Солон ауа қысымымен өзін қоршап алатын. Сонда қандай күшпен ұрса, солай серпіліп, ауа қысымында тұрған адамға ештеңе болмайтын. Тіптен, шоқпар, садақ, піл де ештеңе істей алмайтын. Солонды ғалымдардың ғалымы, ғалымдардың сиқыршысы деп атайтын.
Анасы Александрды өзін құдайлардың патшасы Зевстің үлкен жылан бейнесінде келіп ұрықтандырып кеткеніне және оның Зевстің ұрпағы екеніне сендірді. Б.з.д. 338 жылы Филипп екінші әйелі Клеопатраны алады, осынысымен ол Александрдің мұрагерлігіне күмән тудырады. Б.з.д. 336 жылдың тамызындағы II Филиптің өлімі дағдарысты жағдайдың шешімі болды, оны өз күзетінің офицері өлтіреді және бұл астыртын сөз байласуға ұқсайды. Осыдан кейін, Александр (Зұлқарнайын) билікке келді. Ал анасы Зұлқарнайынның бақталасы Клеопатраны асылып өлуге мәжбүрлейді. Александр әкесінің мұрагері атанып, парсы империясына қарсы соғысты әрі қарай жалғастырады, Кіші Азиядан Үндістан шекарасына дейін созылады. Жойқын парсы империясы сол уақыттағы ең күшті империя болатын. Оның билеушілерінің – Ахмендіктердің Персепольда салтанатты сарайы бар еді. Негізіне Грекия көбіне қорғанушы, ал парсы империясы шабуылдаушы ретінде болған, грек-парсы соғыстарының басынан-ақ бұл екі держава арасында келісімге келмейтін қарама-қарсылық өсе берді. Міне, сол себепті де Александр Македонскийдің алып империяға қарсы жорығы әрбір гректің жүрегіне жол тапты. Міне, осылай Зұлқарнайын халқы, елі қолдаған соң, әлемді жаулауға кірісті. Әбу өзінің бір сөзінде Зұлқарнайын өмірде бір келетін табиғи тұлға деді, бұны Аристотель де қолдады. Сол кезде Стагира мен Афинаның арасы 284 шақырым. Әл-Фараби өлшемі Түркістан-Дамаск: 2 мың 967 шақырым. Әл-Фарабидің әкесі Ұзлағ Мұхаммед сақтар, оның ішінде, қазақтардың қолбасы, Зұлқарнайында әскербасы болып жүрді. Зұлқарнайынның анасы Олимпида алғыр да ақылды әйел еді. Олимпида сенімді досы, бұған дейін үлкен сыннан өткен Ұзлағ Мұхаммедті шақырып алып, Клеопатраны өзі дарға асылуына бұйрық береді. Бұны Ұзлағ Мұхаммед ойланбай-ақ тез арада орындайды. Ал, егер, гректер бұлай істесе, грек арасында толқу туар еді, бұны Олимпида өте жақсы білетін. Сөйтіп II Филипп өлгесін, адал мұрагер болды. Ұзлағ Мұхаммед өлгенінше бірінші уәзір атағын алып өтті. Әбу әкесін мақтан етті. Ол ғылымның жақсы дамыған кезі еді.
Әбу Мұхаммед анасына айтты: «Халық бақытты, молшылықта өмір сүргісі келсе, пейіш бағына ұқсас өлкеге тап болу үшін әркім өз жүрегіне үңілу керек. Дәрілік шөп сияқты бойындағы, жүрегіндегі ең ізгі қасиеттерін ғана сақтап, жаман мінездерден арылуы қажет. Сонда адамдардың арасын­дағы қарым-қатынас өзгереді. Бір-бірінің бақыты үшін бірге күресетін болады. Қарап отырсаңыз, жабыла көтерген жүк жеңіл дейді. Бір адамның қолынан келмейтін нәрсені бірігіп істесе, міндетті түрде мақсатына жетеді. Мен осыны елге түсіндіргім келеді, анашым. Бұл жолда ешкім адаспайды».
Анасы: «Балам, сен әлі жассың. Соныңа қарамай, мына өмірде талайды көріп-білген данышпандармен ой таластырып, күш сынасқың келеді. Кім шындықты түсінсе, сол данышпан! Көзі тірісінде Ақ Бабаның маған берген өсиеті, өнегесі, ғұламалардың жазған кітаптарынан алған білімім – соның бәрі менің дұрыс жол табуыма көмектесті. Осы жол бақыт еліне, Ергенекон жазығына тура апаратын, құпия жолдың дәл өзі».
Анасы Әбудің қап-қара шаштарын мейірлене алақандарымен сипап: «Үйленген соң, онсыз да бақытты боласың, құдай алдындағы адамгершілік парызың – өмірге ұрпақ әкелу, оны өсіріп, тәрбиелеу, бәле-жаладан қорғау. Сен балам, осыны біл», – деді.
Әбу Мұхаммед құрметпен басын иді. Әңгіме осымен аяқталды. Әкесінің науқасынан айығатынына көзі жетті. Анасының да жүрегі орнына түсіп, жадыраңқы жүр. Енді Әбудің көңілін алаңдатар ештеңе жоқ. Ол тезірек Фарабқа, онда қалған кітаптарына, математика, физика, тіл сабақтарына жеткісі келді. Әбудің досы Жамал да кезекті саяхатынан оралуы тиіс болатын. Оған қоса, Жамал сапардан құр қол келмеуі керек. Қайткенде де, жаңа кітаптар, қолжазбалар ала келетіні сөзсіз. Алғашқы қадамы Әбудің осылай басталды. Фараб оған ғылым мен білімнің қара шаңырағындай болып кетті. Фарабта ол ғылыми еңбегін жалғастырды. Весижден аттанбас бұрын, ол баяғыда ақ сақалды қартты кездестірген жеріне, Арыс өзенінің жағасына тағы келді. Балалық шағында жағалаудағы көк шалғынға жатып алып, аспанға қарап, әр нәрсені қиялдайтын. Қазір де сол кездегідей шөп үстіне құлай кетті. Аспанда қазбауыр бұлттар шығысқа қарай жылжып барады, Мұхаммед қиялына ерік берді. Әне, ақ түйелердің тізбегі соқпақпен жоғары өрлеп тауға көтерілді. Бұл жазық. Ергенекон жазығына кетіп бара жатыр деп күбірледі. Ол атып тұрып, бар даусымен: «Бұл менің керуенім, мен үлкен ғылымға жолды таба аламын», – деп айқайлайды. Алдында қандай тағдыр күтіп тұрғанын ойланбастан, аяғын сенімді, нық басып келеді. Иә, талай жылдар жылжып өткен соң, еңбегі жоғары бағаланып, Фарабтан шыққан адам, яғни, әл-Фараби атанып, бүкіл әлемге танылғаны бізге ғана мәлім...
«Досым Мұхаммед, ол елдерде де біздегідей алуан мінезді адамдар тұрады. Олардың кейбіреуі бақытты болса, кейбіреуі бақытсыз, біреулері ақ жүрек, біреулері қара ниетті, енді біреулері бейбіт өмірді қаласа, келесі біреулер соғысқұмар. Адамдардың барлығы бірдей бақытты бола бермейді. Алайда өмірдің өзі оларды бір-біріне төзімділікпен, түсінушілікпен қарауға, бір-бірімен санасуға, дұрыс қарым-қатынас жасауға мәжбүр етеді. Барлығы бірдей неге бақытты бола алмайды? – деді Әбу Мұхаммед ойлана. – Мені Весиждегі замандастарым, туыстарым неге түсінбеді? Адамдарды сендіретіндей шындықты қайдан іздеуге болады?».Әбу Мұхаммед қалаларды аралап жүріп, көптеген адамдармен пікір алысып, көп жаңалық ашты. Білім іздеген Әбу Мұхаммед ғасырлар бойы өсіп-өркендеген, мәдениеті жоғары дамыған қалаларды көрді. Хорасан, Бағдат, Дамаск, Бұхара, Каир, Алеппо, т.б. Афина қаласы ежелгі өркениет орталығының бірі, Грекияның астанасы, Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Афина – Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала, мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстың қызы) есімімен аталған. Сол кезде ғылым өте қатты дамыған Грекияның ежелгі Македония қаласы, Стагира. Осы Стагира қаласында Әбудің ғылыми шайқасы өтеді. Осы Стагира қаласында Әбу Фараби ғылыми жетістікке жетіп, жеңіп шығады. Әбу Фараби осы Стагира қаласында, Каир және басқа да шаһарларда тұрды. Аристотель әл-Фарабидің өмірінде үлкен рөл атқарды, үнемі дұрыс жол сілтейтін темірқазықтай болды. Бұл тегін емес еді. Аристотельдің асқан білімдарлығы оның замандастарын тәнті еткен. Тіпті, мыңдаған жылдар кейін де ғалымдар мен философтарды таңдандыруын қоймаған. Атақты Александр Македонскийдің өзі (Ескендір Зұлқарнайын) Аристотельдің шәкірті екенін мойындаған.
Шығыста бұл ғұламаны «Бірінші ұстаз» атап кеткен. Тек Аристотельден кейін бір мың жыл және екі ғасырдай уақыт өткен соң ғана әлемде тағы бір ойшыл ғалым ғылым шыңына көтерілді. Оны замандастары «Екінші ұстаз» атандырды. Бұл ұстаздың шын аты-жөні Әбу Мұхаммед әл-Фараби. Оның басты ұстанымы, өмірінің мәні әлемді танып-біліп, оның заңдылықтарын адамдарға көрсетіп беру еді. Әл-Фарабидің ғақлиялары адамдарға рухани азық берді. Олар басқа тілдерге де аудара бастады. Оның даңқы шартарапқа тарап, әлемге «Екінші ұстаз» деген атпен танымал болды.
Замандастары құрметпен әлемнің «Екінші ұстазы» атаған Әбу Мұхаммедтің өмірі Дамаскіде үзілді. Өзінің қарапайым үйінде 77 жасында дүние салған. Мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында жерленген.
Әбу Фараби бүкіл әлем баласының жүрегінде қалып қойды.

1041 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз