• Келелі кеңес
  • 01 Наурыз, 2013

Физика неге түсініксіз? (немесе «Ақиқат» журналының Бас редакторы Аманхан Әлімұлына ашық хат)

Камалбек Раманқұлов, физика-математика ғылымдарының кандидаты

Құрметті Аманхан аға! Өткенде бір топ газет, журнал редакторлары біздің Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетте кездесу өткіздіңіздер. Оқытушылар мен студенттер сіздердің лебіздеріңізді тыңдап, ризашылығымызды білдірдік. Әсіресе, жуналистика факультетінің студент қауымы дән риза. Сол жиында қолыңызға шым-шытырық, мағынасы түсініксіз «Физика курсының лекциялары» атты кітапты әр бетіне жа­саған түзетулерді көрсете отырып, «Сіз­­ге қазіргі оқулықтардың хал жағдайы осындай болады» деп едім. Артынан ой­ланып қалдым. «Тіл маманы ретінде сөйлемдердің шайпау тілде жазылғанын ағай түсінді, ал, физикалық формулаларда кеткен қателіктерді түсінуі қиындау ғой» деп, қайта қолға қалам алып, осы заманғы қазақ физикасының жай-күйін баяндайын, неге жас жеткіншектерге физика түсініксіз болатындығын айтайын, жалпы, өзін сыйлайтын маман деп, ақиқат пен шындықты жеткізер, осы заманның төртінші билігі – «Ақиқат» журналына, сіздің атыңызға үшбу хат жазып отырмын. Сөз жалаң болмау үшін сол кітапты қайта қолға алдым. ҚР Жоғары оқу орындары қауым­дастығы, Ж.Абдулла, Т.Аязбаев автор­лығымен «Физика курсының лекциялары 2012 ж.» деп аталған «оқулық». Қаптамасына көзің қызады! Пікір жазғандар: Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қ. Тоқжігітов, фи­зика-математика ғылымдарының докторы профессор Күренкеев. Аттары мен дәрежелерінен адам шошиды! Ал, бірдеңе деп көріңіз. Енді, мен «бірдеңе» дейін. Ә дегенде «Кіріспе» -ден бастайын. Кітапта: «Физика – материя қоз­ға­­лысының жалпы және қарапайым форма­ларын, қасиеттерін зерттейтін ғылым. Таби­ғаттағы әрбір нәрсе мате­риалдық қозғалыста бола­ды. Сөйтіп, материя қозғалысының механикалық, моле­кулалық, электро­маг­нит­тік, атомдық және ядролық фор­­ма­лары бар». Осы тұсы да талдауға жетерлік дү­ние бар. Сонда, бұл кітап физи­каның бір бөлігі «Механикаға», оның кинематика бөліміне ғана арналған ба? Жалпы, кинематика бөліміне арналған күннің өзінде, дененің «қозғалысынан» басқа күй – «тыныштық» күйін, бұл оқу­лық қарастырмай ма? Ешқандай тиянақты ой айтылмай жатып, « сөйтіп» деген сөзі миға қонбайды. Енді, формулаға келейік. Лекция 1. Кинетика. Материалдық нүктенің орын ауыстыруы. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс. Қисықсызықты қозғалыс бөліміне ке­лейік. Кітапта (оқулық дегенге аузым бармайды): Бұдан S= V.t (2) (2) теңдік бірқалыпты қозғалыстың теңдеуідеп аталады. Дене бірқалыпты қозғалған жағдайда, оның жүрген жолы уақыттың сызықтық функциясы болады. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі 1-суреттегідей, бұдан Жылдамдықтың өлшем бірлігі – м\с. Біріншіден, механиканың негізі болатын жылдамдықтың формуласы дұрыс емес. болуы керек. Сөз жоқ Векторлы шаманың скалярлы шамадан айырмашылығы бар екендігін түсіндірсем де сөзді қор қылғым келмейді. Ал, енді, дегені V=tgaболып шығады. А.Байтұрсынов ағамыз «Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау» деп жұмбағын жасырғанда жауабы «жұмыртқа» деген едік, мәз болып бала күнімізде. Мына, формулаға да солай айтсақ болады. Студенттер мұны қалай түсінбек? Қашан tga-мен жылдамдықтың өлшемін алыппыз. Ал, түпкі өлшемі [м/с] десеңіз бүкіл әлемдік тәжірибедегі өлшем болады. Айта кетелік, жылдамдық V=tga жыл­дам­дықтың геометриялық мағынасын білдіреді. Ал, келесі түзу сызықты айнымалы қозғалыс тақырыбында мүлдем масқара қателік тұр: кітапта «Мұндай жағдайда қозғалыстық орташа жылдамдығы» деген ұғым ендіреміз. Масқара! Қашан, оқулықта орташа жылдамдық бұлай анықталатын еді. Жалпы, оқушыларымызға орташа жылдамдықты түсіну қиын. Мысал келтірейін. Алматы және Қаскелең елді мекен­дерінің аралығындағы жолдың бірінші жартысын автомобиль V1=60км\сағ, ал, екінші жартысын V2=40км\сағ жүріп өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығын анықта. Студенттер де, мектеп оқушылары да бірден Vорт=50км\сағ деп жауап береді. Бұл қате. Қателік орташа жылдамдықтың анықтамасын дұрыс білмегендіктен болады. Шешімін айтайын: Орташа жылдамдықтың анықтамасы: Көріп тұрсыздар, ол скаляр шама, яғни, орташа жылдамдықты анықтау үшін барлық жүріп өткен жолды және барлық сол жолға өткен уақытты ескеруіміз қажет. Демек, біздің жағдайымызды Орташа жылдамдықтың анықтау формуласына қоямыз Яғни, жауабы: 50км\сағ емес,48км\сағ Аманхан аға, әрі қарай талдауға дәтім шыдамады, басым ауырып кетті. Әсіресе, өзім маман болып саналатын « Атомдық және ядролық физика» тарауындағы шатпақтарды көргенде шынымды айтайын көңілім қалды. Жалпы, оқулықтар жайлы бір ауыз сөз. Қазақтың төл оқулығы жоқ. Бәрі аударма. Аудармаға да көндік. Бірақ, кейбір авторлардың «Квант механикасы» оқулығының авторы болып шыға келетініне таң қаламын. Мен қазір өмірлік ұстазым Мейірхан Мүбаракұлының аруағына арнап, оның сүйікті ұстазы ғұлама ғалым В. А. Фоктың «Квант меха­никасының түп-тамыры» атты кітабын қазақшаға аударып жатырмын. Оқымыстылардың күрделі тілімен жазылған оқулықты мүмкін болғанынша жатық қазақи тілмен, кітап идеясынан ауытқымай жеткізуді мақсат қылып отырмын. Кітап шыққаннан кейін, әлгі авторлар менің әрбір әрпіме, әрбір сөйлеміме шүйлігіп көрсін. «Ер шекіспей бекіспейді» демей ме. Нәтиже, сапасы дұрыс болып студенттерге жеткізілетін санамызды бекітейік. Айтпақшы, мен жазып отырған оқулықтың авторы В.А. Фок. Кітаптың ішінде қазақ тіліне аударған К.Раманқұл деп жазылады. Яғни, оқулық егесі В.А.Фок. Солай болу керек. Сонда ғана физика түсінікті болмақ. Сол жолда қазақ физиктері бір жұдырықтай жұмылып іске кіріселік. Сол іске «Ақиқат» журналы сіздің басшылығыңызбен мұрындық болып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, басқа да айтатын мәселелер толып жатыр. Олар: Мектеп бағдарламасындағы мәсе­лелер (Әр түрлі оқулықпен мұға­лімдердің миы ашып жатыр!); Тест мәселесі (Бұл «түйіні мық­ты» дүние болып отыр. Айтар сөз осы); Жоғары оқу орындарындағы фи­зи­каға көзқарас (Физиканың оқу деңгейі баяғы жамандап жүретін Кеңестер Одағындағы деңгейдің табанына түсіп кетті). Тағысын тағылар. Аман аға! Көріп отырсыз, айтар сөз көп, сөз емес-ау ой көп. «Жалғыздың шаңы шықпас» деген атам қазақ. Шіркін Қазақтан асып кім сөз айтқан! Бірақ... кешіріңіз қазір сөз айтатын қазақ қалмады ғой. Сөз айтуға тырмысқан, тырбаңдаған бір қазақ мен-ақ болайын. Айтарым осы! Сөз тәмәм!

445 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз