• Заманхат
  • 01 Сәуір, 2013

МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

«Бейнелеу өнерi» пәнiн мектепте оқытудың негiзгi мақсаты – оқушылардың өнер шығармалары мен әлемдi бейнелi қабылдаудағы дербес шығармашылық қабiлетiн дамыту; сезiмдiк-эмоционалды өрiсiн тереңдету және байыту; көркемдiк-шығармашылық қабiлеттерiн қалыптастыру болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептің  негізгі орта білім беретін деңгейіндегі «Бейнелеу өнерi» пәнiнiң негiзгi функциясы мектеп оқушыларын көркем-эстетикалық тұрғыдан бiлiм берiп тәрбиелеуден, оның табиғи көркем шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкiндiк беруден көрiнедi.

5-6 сынып оқушыларына арналған «Бейнелеу өнерi» пәнiнiң оқу-тәрбиелiк мiндеттерi:

– оқушылардың көркемдiк шығармашылық қабiлеттерiн және ой-қиялын, көрермендiк-бейнелi ойлауын, дербес шығармашылық iс-әрекетiн қалыптастырып, дамыту;

–  композиция, түстану, тепе-теңдiк, көлем, перспектива заңдылықтарын, түс-жарық және орындау техникасының әртүрлiлiгiн бiлуге қажеттi алғашқы бiлiктiлiктердi,  яғни өнер саласы бойынша компоненттiлiгiн қалыптастыру;

–  оқушылардың кеңiстiктiк ұғымын, шындықты көркем-бейнелi қабылдауын, оның әсемдiгi мен түстiк байлығын түсiнiп, реңдiк сезiмдiк қабылдауын дамытуды қалыптастыру; Отандық және әлемдiк  көркем мәдениет мұраларын сақтауға, көбейтуге баулу, – деп жазады С.Ұзақбаева өзінің «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі» деген еңбегінде.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда бейнелеу өнерін оқытудың педагогикалық негіздерін жетілдіру қажет етіледі. Бейнелеу өнері педагогикалық ғылымдардың бірі болып саналғандықтан оны тікелей педагогика ғылымындағы оқыту әдістері арқылы жетілдіру әр уақытта өзінің нәтижесін береді. Сондықтан да педагогика ғылымы бізден терең зерттеулерді талап етеді. Педагогика ғылымы тәрбиемен білім беру мақсатын көздегендей бейнелеу өнеріде сол мақсатты көздейді. Демек бейнелеу өнерін оқыту негіздерін мектепте жетілдіру қазіргі таңның басты міндеті мен мақсаты.

Бейнелеу өнері сабағында арнайы берілген тақырыпқа байланысты тақырыптық композиция, ертегінің мазмұнына иллюстрациялауға композиция салу тапсырмаларын орындаудан бұл сaбақ өзгеше. Бұл тапсырмаларды орындауда және аяқталған жұмыстарды қорытындылау барысында балалардың өз ара жеке даралық қабілеттері өте ерекше көрінді.

Педагогикалық оқу процесі білім беру қызметімен бір уақытта тəрбиелік міндеттерді де іске асырып барады. Бейнелеу өнерін оқудың тəрбиелік қызметтері əлеуметтік процестің өз табиғатына орай орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда көзқарастар, ғылыми дүниетаным, табиғат, қоғам жəне ойлау заңдылықтарын пайымдау, қоғамдық талап, тəртіп нормаларын мойындау əрі оған байланысты заңдарға бойсыну қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-əрекеттік, əлеуметтік мінез-құлық, құндылық жəне құндылықты бағыт-бағдарлар да осы оқу процесінде пайда болып, жетіліп отырады.

Бейнелеу өнерін оқытудан тəрбие мүмкіндіктері тікелей білім мазмұнынан келіп шығады. Əр оқу пəнінің өзіндік тəрбие мүмкіндігі бар. Оқушылардың тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруда гуманитар жəне əлеуметтік-экономикалық пəндердің тəрбиелік маңызы басқа кəсіби пəндермен салыстырғанда өте жоғары.

Оқушыларға жан-жақты білім беру, интеллектуалды мүмкіндіктерін, жеке оқыту процесінде білімді жан-жақтылау принципін басшылықта алады. Оқыту процесінде дидактика принциптері: белсенділік, танымдық, өздігімен жұмыс істеу, топтық және жеке дара оқыту түрлерін тиімді пайдалану оқушы мен оқытушы қызметінің тығыз байланысын тудырады. Осы ойды белгілі ғылымдар да құптаған. Академик С.Г. Струмин өзінің естеліктерінде былай деп жазады, мен алдымен журналда берілген есептерді өздігімен шығарып, кейіннен сол журналға өзімнің құрастырған есептерім мен теоремаларымды жібердім. Тіпті кейіннен сол журналдың корреспонденті де болдым. «Алайда, бұл менің шағын шығармашылық жұмысым болса да, мен бұны ғылыми жұмысымның бастамасы деп есептеймін» дейді ол.

Демек мектепте бейнелеу өнерін оқытуда оқушыларға қазақ суретшілерінің туындыларын көшіріп салу арқылы олардың түстік қатынастарды шешу қабілеттерін дамыта отырып, бейнелеу өнерінің заңдылықтарын түсіндіру айрықша әсерін тигізеді. Оқушылар суреттерді көшіріп салған сайын сол суреттегі түстерді табуға тырысады, сол ізденістердің нәтижесінде басқада көптеген түстерге тап болып, өзіндік түске бай болады. Оқушылар түстерді меңгере отырып, өз шығармашылығын жасауына мүмкіндік туады. Оларға бейнелеу өнерінің түрлі жанрлары арқылы тақырыпты суреттер алуға тапсырмалар беру қажет.

Педагогикалық теория мен практикада әдіске ерекше мән беріледі өйткені, атап айтқанда, әдіс өз бойына білім берудің тиісті стратегиялық доктриналарын жүзеге асыратын әдіснамалық бағдарларын жинақтайды. Қазақстандағы педагогикалық білімнің қазіргі даму үдерістеріне жасалған талдау оқушылардың бейнелеу өнерін дамыту іс-әрекетіне бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлаудың мазмұны мен шарттарын жетілдірудің негізгі тәсілдері туралы жалпы түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Бейнелеу өнері мұғалімдеріне кәсіби білім беру барысында осы әдістерді пайымдау мен теориялық негіздеу үшін, көрсетілген аспектіде кәсіби дайындықтың шынайы ахуалына проблемалық-бағдарланған талдау жасау қажет.

Сәкен Сазов,

«Сырдария» университетінің

магистранты

In the article the pedagogical foundations of fine art of education at school with scientific and theoretical point of view and studies based pedagogy.

1308 рет

көрсетілді

48

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз