• Ұлттану
  • 13 Тамыз, 2013

«Қазақ интеллигенциясы және дін мен мешіт»

Қазір қазақ интеллигенциясы дәстүрлі өзімізге тән мұсылмандықты ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен байланысқан, моралі ұлтық-исламдық бағыт-бағдарда жалғастырмай, сырттан телінген араб, түрік, Иран, Пәкістан негізінде жалғастырып жатқан сияқты. Мұхамеджан Салықжанұлы Бабажанов тарихшы-этнограф ретінде «біздің мұсылмандарды патшалық Ресей татар молдаларын кіргізу арқылы бұзып жатыр» дейді. Осы арқылы біздің дәстүрлі дініміздің бұзылып жатқанын жеткізеді.

«Қазақ интеллигенциясы және дін мен мешіт»Сол кезден бастап біздің кейбір зиялы адамдарымыз айталық Әліби Жангелдин, тағы тағыларымыз христиан дінін қабылдауды бастады. Мұның ішінде Алтынсарин де бар деген сөз бар. Сол кезде біздің мұсылмандыққа селкеу түсе бастады. Одан бері патшалық Ресей құлап, КСРО келіп, Лениннің декретімен дін мемлекеттен бөлініп, атеистік социализм келді. Сөйтіп, патшалық Ресейде қазақ зиялыларының бұзыла бастаған дәстүрлі діндері кеңестік тұста атеистік идеологиямен қайтадан тағы бұзыла бастады. Бұл екі кезең қазақ интеллигенциясының діни ұстанымына қатты әсер етті. Енді қазір тәуелсіздік кезіндегі үшінші кезең келді. Тәуелсіздік алғаннан бері әртүрлі діни ағымдар, ұстанымдар келді. Сөйте келе қазақ интеллигенциясы тағы да бір тосын  жағдайға ұрынды. Осы жағдайда қазақ интеллигенциясы не істеу керек? Осы тұста ұлт зиялылары қарапайым халыққа не айтып, көрсетуі керек? Міне, осыған байланысты Ақиқат журналы «ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ және ДІН мен МЕШІТ» деген тақырыпта «Келелі кеңес» өткізді. Отырысқа жазушы Смағұл Елубай, тарихшы Әзімбай Ғали, философия ғылымының докторы Бақытжан Сатершинов, жазушы Мәлік Отарбаев, С.Демирел университетінің профессоры, дінтанушы Ислам Жеменей, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғарбаев қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. «Келелі кеңесті» жүргізген журналист Ақбота ИСЛӘМБЕК.  Аталмыш материалды «Ақиқат» журналының №9 қыркүйек айындағы нөмірінен оқи аласыздар.

311 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз