• Ұлттану
  • 23 Желтоқсан, 2013

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ: ЕУРАЗИЯ ОДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ БЕРДІ?

Немесе Ұтылғанымыз бен ұтқанымыздың  қайсысы  басым?

Биыл  Қазақстан,  Ресей  және  Белоруссия арасындағы  Еуразиялық  экономикалық  Одақтың  құрылғанына да    үшінші  жыл.  Үш  кезеңмен  жүзеге  асырылатын  Еуразиялық экономикалық  Одақ қазір екінші  кезеңіне  аяқ  басты.  Бірінші кезең ‒ Кедендік  Одақ  аясында экономикалық интеграциялаудың  алғышарттары жасалып,  бірқатар  іс-шаралар  атқарылса,  екінші  кезеңде‒  Бірыңғай  экономикалық кеңістік  құру  шаралары  басталып та  кетті. Үш  жыл  тәжірибесі  көрсеткендей,  одақтың Қазақстанға  тигізген ықпал-әсерінің  тиімсіз  тұсы басым,  ұтқанымыз  жоқтың  қасы. Мамандар экономикамыздың  деградацияға кетіп  бара  жатқандығын  және  Ресей  экономикалық басымдық байқата  отырып, саяси  ықпалының да артып бара  жатқанын  алға тартады.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев та Минскіде  өткен  басқосуда  одақтың  Қазақстанға тиімсіздігін, бастапқы кезде сарапшы  мамандардың  қателігінен  интеграцияның  басталып  кеткендігін  баса айтты. 

Міне, осыған  орай, журналымыз тағы  да  «ЕКІНШІ КЕЗЕҢ: ЕУРАЗИЯ ОДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАНҒА  НЕ  БЕРЕДІ? Ұмтылысымыз бен   ұтылысымыздың  арасалмағы  қандай?» атты келелі кеңес өткізді. Оған  экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Тоқтар  Есіркепов, философ  Әбдірашит  Бәкірұлы, саясаттанушы  Расул  Жұмалы,  саясаттанушы  Әзімбай  Ғали,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, саясаттанушы  Сейілбек  Мұсатаев  қатысып,  орамды ой-пікірлер айтты.

Кеңесіміздің  жазба  нұсқасын «Ақиқат»  журналының  жаңа  жылғы  санынан көре  аласыздар! 

294 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз