• Заманхат
  • 12 Ақпан, 2014

Қазақстанның қаржылық-несие жүйесі

Қаржы саласы мемлекет үстінен басқару­дың, мемлекет тағдырына тікелей әсер ету тұрғысынан маңызға ие экономикалық артық­шылық, жылдам әсер етуші және тез нәтиже беруші басымдылық. Нәтижесінде бөгде кон­цепцияға бекітілу арқылы Қазақстан сияқты әлемдегі ең бай мемлекеттің бірі кедейшілікте өмір сүруде. Шыныменде, еш асыра сілтемей-ақ, дамуға керектің барлығы өзімізде бар, ең ауқатты елдердің біріміз, бірақ дәрменсізбіз. Бізде бүкіл пайдалы қазба байлықтар, шикізат, мұнай, газ, көмір, темір, барлық металдар бар. Сонда, себеп неде? Себеп бірауыздан бекіген мақсатты-бағдарламалық концепция, идеология жоқ, аталған игіліктерді ел мүддесіне жұмсау үшін. Оның орнына жақсы ниетте көрінген мемлекеттік билік құрылымдары арқылы бөтен Басқару концепциясына жұмыс жасаудамыз. Деректерді шет елдердің құпия мұрағаттарынан іздеп керек емес, елдер мен халықтарды қаржылық отарлау тәсілдері, Доктрина егелеріне християндық Інжілдің «Второзакония - Исаии» атты сүресінде ашық та ұғынықты баяндалған: 


«Өз бауырыңа, өзгеге беруге болатын, күміс, нан, не нәрсе болмасын өсімге берме, бөг­деге бер өсімге, ал өз бауырыңа өсімге берме» (Второзаконие, 23:19). 
« ... көптеген елдерге өсім бересің, ал өзің өсім алмайсың және көптеген елдердің үстінен басқарасың, олар сені басқара алмайды» (Второзаконие 28:12).
«Сонда өзге елдің ұлдары сенің құрылы­сыңды салады, патшалары саған қызмет етеді..., ал мойынсұнғысы келмеген елдер мен патшалықтар жойылады» (Исаия 60: 10-12)  
Заңдастырылған ғаламдық қарақшылық М.Кеннадидің «Деньги без процентов и инфляции» (Lilalex, Швеция, 1993) атты еңбегінде де жақсы жазылған. Орташа статистика бойынша үстеме пайыздық механизм арқылы «дамыған» елдер «дамушы» елдерге 100 млн. доллар беріп, пайызбен қоса 200 млн. доллар қайтарып алады екен. Міне, сіздерге батыстың «экономикалық жетістігінің» құпиясы. Қазақстан бүгін осындай құлдықтың нағыз үлгісі. Бізге көмек ретінде келетін қаражат пен бізден шығатын байлықты салыстырып көрсеңіз, тікелей тонаушылықтың схемасын байқайсыз. Жаңағы «Второзаконие - Исаии» доктринасы «По благославению Святейшего Патриарха Московского и всея Руси Алексея II» атты кітапта басылып, жарық көрген.
Егер біз Құранға жүгінетін болсақ, «ислам­дық терроризм, фундаментализм, уахабизм» секілді қорқынышты терминдердің неге тара­ғанын, Исламды қаралау, жала жабу, одан үркітіп, қорқыту, хиджабқа оранған адамтектес зомби-мәңгүрттердің өзін-өзі жаруы, мұсылман әйелдерінің өмірі теледидар арқылы сұмдық болып көрсетілуі, тіпті мұсылманның сыртқы келбетіне дейін У. Бен Ладен атты қуыршақ арқылы қоқынышты көрсетілуі, бәрі... бәрі... неге екенін түсінесіз. Құран Інжілдік қас әрекеттерге қарама-қайшы. Құранда пайызға ақша беру, алу үлкен күнә. Құран: «Өсім алушылар Қиямет күні шайтан азғырғандардың қатарында оянады. Бұл олардың: «сауда да - өсім» дегендері үшін жаза. Бірақ Аллаһ сауданы адал етті де, өсімге тиым салды. Кімге ақиқат жетіп, соған сай әрекет ететін болса, Аллаһ өткен күнәларын кешіреді» (Бақара, 2:275). 
«Второзаконие - Исаии» үстеме пайыздық доктринасына негізделген несие-қаржы жүйесі тұрақты дамудың үлгісі бола алмайды. Күйзеліске ұшырау мен даму белгіленген үстемелік пайызға тікелей байланысты. Мақаламызда айтылған үстемелік пайыздың негізсіз екенін нақтылау үшін мысал келтіре кетейік, егер біреу Иса (ғ.с.) туылған жылы 1 цент ақшаны 4% үсемелік пайыздық өсіммен қоятын болса, онда 1750 жылы ол жиылған ақшаға салмағы жер планетасымен тең шар сатып алар еді. 1999 жылы ондай шардың 8200 талына ие болар еді. Сондықтан, барлық дағдарыстар, банкроттық, соғыстар әлеуметтік жүйедегі үстеме пайыздық өсімнің кесірі.
Бұл күйзеліске әкеліп тірейтін жүйеге балама (алтернатива) жүйе бар ма? Бүгінгі таңда орыс ғалымдары Қоғамдық Қауіпсіздік Концепциясын (Концепция Общественной Безопаснос­ти) ұсынып отыр. Швецияда «Пайызсыз, инфляциясыз ақша» атты еңбек жарық көрді (орыс тіліне аударылған). Кітапшада несие-қаржы жүйесінің методологиялық деңгейде схемасы көрсетілген. Дұрыс экономикада пайыздық үстемеге жол жоқ, тек ақшаны ұзақ сақтағандар қаражатты қолданғаны ұшін аздаған төлем төлейді. Ал ақиқаты Ислам көрсеткен қаржы жүйесі. Жоғарыда айтылған балама жүйелердің барлығы Исламда көрсетілген, айтылып кеткен. Сондықтан ба Ислам опық жеп, мұсылмандар қыспаққа алынып отыр. Мысалы, Құран бойынша әр мұсылман ерікті түрде бір жылдан артық сақтаған ақшасына 2,5% мөлшерде мемлекетке салық төлейді. 
Пайызсыз ақша жүйесі Австрияның Вергель қаласында эксперимент ретінде жүргізілді және керемет нәтижелер көрсетіп, экономика бірден көтерілген. Інжілдік концепцияның пайыздық үстеме әрекеті мемлекетіміздің беркесін қашырып отыр. Онда еңбексіз,  ештеме өндірместен, қоғамға пайдалы қыз­мет істеместен кіріс кіргізудің көптеген модификадиялары ақшадан ақша жасауға негізделген. Концепция егелері әртүрлі сылтаулармен қоластындағы елдерге артық ақша бастырып шығартпайды, себебі барлық елдер Халықаралық Валюта Қорына мүше болып, өздері ақша басып шығармауға уағдаласқан. Есесіне өздері қарапайым қағаздан ақша басып пайызға береді де, пайыздық үстемемен қалаған дүниелерін, материалдық игіліктерді алып кете береді (орман, мұнай, газ, алтын, т.б.). Пайыздық үстеме - тарих барысында қалыпты жағдайға енген, мемлекет үстінен құрылымсыз басқарудың параметрі. Өз еліндегі және қарыз алушы елдегі қаражат мөлшерімен және қайтару схемасымен манипуляция жасау (басқару) арқылы қоластыдағы елдерде қалаған жағдайды (тенденция) тудыруға болады. Мысалы, экономиканы күйзелтуге (Грекия), гүлдендіруге (Швейцария) немесе буржуазиялық құндылықтарды жасанды көрме (витрина) қылуға (АҚШ) болады. 
Марксизмнің өндіріс иесі мен жалдамалы жұмысшыларды құртатын пайыздық үстемені жасырып, ұзақ жылдар бойы ренішін білдіріп жүрген өндіріс иелерін абстрактілі қосымша құнмен алдандырып, Інжілдік концепция иелеріне «ғаламат» жақсылығын жасады.  Негізінен бір болған басқару мен өндіріс саласын бір-біріне айдап салып, 1917 жылы болған төңкерісті қолдан жасады. Сөйтіп, су асты кемесі жалған имитатор шығарып, соңынан түскен торпеданың бағытын бұрды. 
Несиелік-қаржылық жүйе арқылы мұндай, өндірісті сферасын тоқырату үшін режисура мен басқару мақсатты түрде іске асырылады. Орталық Банк (ОБ) мемлекет басқарылуынан шыға отырып, аймақтық мемлекет үстінен басқаруды іске асырады. Таңғаларлық жағдай емес, мемлекет басқару жүйесіне енгізілген, кез келген елде, кез келген Орталық Банк осы қызметті атқарады. Бұл жүйені дәл сипаттаған М. Ротшильд: «Елдің ақшасын басқаруға мүмкіндік беріңдер, кейін оның заңдарын кім шығаратынында шаруам жоқ»-деген екен.
Ұлттық Банк пайыз мөлшерінің өсу себе­бін инфляциямен, қайтарылмаған несиемен түсіндірген жалғандығын тоқтату керек. Керісінше, инфляция пайыздық үстеменің ұлғаюынан туындайды. Соның әсерінен тауардың өзіндік құны өсіп, капитал айналымының ұзақ мерзімді технологиялық циклін айтпағанда, жай ғана сату-сатып алу операцияларының өзінде құн жоғарылай береді. 
Инфляция өскендіктен өндірістің айналым ақшасы таусылып, жұмысы тоқтайды (1991ж. және одан кейінгі жылдар). Кейін шетелден (60-100%) несиеге (кредит) ақша алынады. Төлем қаблеті өндіріс саласынан бірден қаржы саласына өтеді. Егер басшылық, шеттен келген консультанттың көмегінсіз, қарапайым арифметиканың төрт тәсілін біліп, ақша қозғалысын есептеп көрсе, онда мұндай жағдайда өндірістің өмір сүруі теориялық тұрғыдан да мүмкін емес екенін түсінер еді. Осыдан кейін өндіріс басшыларын «әдейі өндірісті құлатты» деген жаламен жазалап, керемет өндіріс басшысын іздеу тоқтатылар еді. Мұндай тоқырату жүйесі көне уақыттағысынан айтарлықтай өзгере қойған жоқ. 1907 жылы Ресей азаматы А.Д. Нечволодова жазып кеткен екен: «... пайыздық үстеменің тым өсуі өндіріс және сауда алаңдарының, әлі күнге дейін жұмыс істеуге қабілеті бар көптеген мекемелердің жабылуына әкелді. Жағдайды түзеу үшін экономикалық саясатты өзгерту қажет»-деген екен жарықтық. 
Өзіміздің төлеу құралымыздың жетіспеуінен шет ел несие ресурсын алу арқылы, Еуро-Американың концепциясын таратушы – долларға тарау кеңістігін босатып береміз. Америка еліндегі артық ақшаны жедел шығара білмегенде, баяғыда шаруасы тынар еді. Мысалы, Ресейге жылына 25млрд. доллар келеді екен, ал, бізге мөлшері 10-15млрд. келер шамасы. Ал, өндірісімізді әлсіретіп, теңгені құнсыздандыру үшін «қайта құрудың» мәні де осыдан болған. Еліміз көк ақшаға толтырылады да, пайыздық қайтарылыммен материалдық игіліктер, шикізет кете береді. Кезінде Де Голль бұл механизмді түсініп, елдегі ақшаны АҚШ-қа апарып айырбастай бастағаны үшін қызметтен қуылған екен. Ал, қу Эрхард болса тыныш, көк қағаздарды келісім бойынша кейін қайтарып отырған көрінеді, сол себепті Германия соғыстан кейін «ғажап» түрде, бірден гүлденген. 15 тамыз, 1971 жылдан бастап АҚШ-тың алтын қоры тау­сылған соң, алтын стандарт жойылды. Кең таралыммен басылып шығып жатқан доллар ештеңемен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты АҚШ-ң сыртқа қарызы экспонентті өсіп келеді, жуырда оның көлемі (17трл. доллар) бүкіл үшініші әлем елдерінің қарыздарынан асып түседі. Біздің тауар массамыз, энергиялық ресурстарымыз долларды қамтамасыз етуге жұмсалады. 
Бұл ерекше жағдай, ешбір егемен мемлекет  жоспарына ұлттық қазынасын бөгделердің  ақшасына сату енгізілмеген. Жер игерем деп жетім құсап келген өзгенің баласына қазақ ұлты тым болмаса нан сындырып беріп, бауырына басты емес пе, ал біз сурет салынған бір жапырақ қағазбен алданып отырмыз. Күлліәлемдік доллар пирамидасының құлауы, өз кезегінде қорқыныш туғызып, дәл осы жағдай Европаның долларға тәуелді болуының салдарынан, евроның шұғыл айналымға түсуіне, Азия және Тынықмұхиттық елдерде ортақ волютаның (Сингапурлық доллар) енуінің себебі сонда. Өз уақытында жеке валю­таның бақылаусыз қамтамасыз эмиссиясы айтар­лықтай бағаланған, мемлекет тақырға отырып қалуы мүмкін. Және бұл жағдайға Қа­зақстан халқы да  ұшырауы ғажап емес.
 Осыған байланысты Қазақстан өзінің мол байлығымен, энергия қуатымен араб елдерімен, Жапония сияқты  кез келген елмен одақтаса алады. Мысалы, Жапон мемлекеті кең көлемді инвестицияға мүмкіндігі бар, ал Қазақстан энергоресурстары иенге энергоинвариант ар­қылы тұрақтылық бере алатын еді. Біз бірле­сетін аймақ біздің энергоресурстар арқылы өз валютасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады. 
Адал табыс пен жетістікке жетудің бір­ден-бір жолы ретінде, өнеркәсіпті дамыту, оған барлық қаражатты бағыттау, тонап-азғын­даушылық пен ақшаны пайызға беруге қарсы заңды кедергінің жалғыз жолы. Дәл осы үнсіздік жағдайы Жапон ғажайыптарының негізі. Жапонияда соңғы жылдары еркін пайызға ақша жалдау жойылған, ал пайыздық мөлшері 0,5-1,5% жылдық көрсеткіштен аспаған. 1999 жылы АҚШ-пен бәсекелестік сатысының қарқындау барысында, Жапония пайыздық жалға беру көрсеткіштерін жылына 0,25%-дан 0,15%-ға дейін төмендету шешімін қабылдады. 2003 жылдың ортасында үстеме пайыз мүлдем жойыла бастады. Жапония қабылдаған бас­қару концепциясында банктер пайыз ақша жинау мекемелері болып табылмайды, тек инвестициялық компания ретінде ғана қарас­тырылады. Олар кәсіпкерлермен бір ағыста ағып келе жатқан кемеге бірге отырып, тек өндірісте табыстың бір бөлігі, яғни бірлесе атқар­ған жұмыс нәтижесінде келіп түскен нақты пайданың белгілі бір пайызына иеленеді. 
Мемлекеттік жүйені екі блоктан тұратын модель ретінде алып көрейік: біріншісі, Өндірістік-Тұтынушы Жүйесі (ӨТЖ) және Несие-Қаржылық Жүйесі (НҚЖ). Тұтыну­шылардың қолданысына кажетті заттың барлығы (тұтынушылар құны) ӨТЖ жүйесінде жасалынады. Сатып алу қабілеттілігі, ақыл­ға қонымды жүйеде, толық қамтылуы, тек осы жүйеде өндіріліп шығарған өнімге пропор­ционалды болуы тиіс. Несие-Қаржылық Жүйе­нің (НҚЖ) қоғамға пайдалы әрекеті, тиімді тауар айналымды қамтамасыз етіп, ӨТЖ-сін қаржылай қамтамасыз етуі болып табылады. Бірақ, бұл жағдайдың барлығы Ұлттық Банк (ҰБ) арқылы ұйымдастырылып отырады. ҰБ өзінің тікелей қызметтерін орындаудың орнына, өндіріс аясынан тыс сатып алу қабілеттілігінің қамтамасыз етіп, өндірілген өнімдермен еш байланыссыз, үстеме пайыз арқылы НҚЖ-ң өз ішінде жұмыс істеуде. ҰБ істі осылай жүргізсе инфляцияға әкеліп соқтыруына себеп болады. Егер үстеме пайызға тиым салып, дұрыс ақша саясатын ұстана отырып, өндірісті арттырса, инфляция жойлып, мемлекет гүлденер еді. 
Егер заң шығару органдары үстеме пайыз туралы үнсіз қала берсе онда мемлекеттің экономиканы қадағалауы бос әңгіме. Ондай жағдайда әрқашан мемлекеті банк қадағалау арқылы, экономиканы да қадағалайды. Батыстың капитализмінде, КСРО-ның социализмінде нақты осы жүйелер (үстеме пайызға деген заңның, айтып өткендегідей, қатынасы және банк жүйесінің несие ресурстарын толтыру көздері) КСРО социализмін АҚШ-тың капи­тализмінен еш айырмады. Мемлекеттегі үстеме пайыз жайлы түсініксіздік, мемлекетті мемлекет үстінен басқаруға, халықаралық банк жүйесіне бағынышты бір аймақ қылып қалыптастырады. 
Пайыздық ақша алуды тонаушылық екенін түсініп,  дұрыс көзқарас орнату өте маңызды және шет елдерден пайызға ақша алуды, қарыз болған пайыз төлемді өтеуден бас тарту керек. Қазақстанда шетелдік ресурстардың жұмыс атқаруына шексіз мүмкіндіктер барынша кең болуы керек, бірақ оларға келетін пайда, олардың қатысумен атқарылған  жұмыстың бір бөлігі ғана болуы қажет. Біз ұрлықпен келген, ойдан құралған табыстан емес, нақты өндірілген нәрсемен бөлісуге дайынбыз. 
Дүниежүзілік шаруашылықта, факт бойынша, валютаның қамтамасыздандырылуы  алтын стандарттан энергетикалық жүйеге өтті. Дәл осы тауар құнының баламасына жатады. Сіз бір кірпіш пен нанның құнын теңестіре аласыз ба? Тек оларға жұмсалған  энергия құнымен есептелінеді. Энергоинвариант – бізбен қабыл­данған немесе қабылдамағанымызға  қарамастан ол объективті  енген нәрсе.
Заң шығарушы орган энергоресурс стандарттарына ауыстыру сұрақтарын шешетін  уақыт  келген сияқты. Килловат-сағатты инвариант ретінде прейскурант тізіміне қосуға болады.  ҰБ ешқандай міндетіне алмайтын сурет салынған қағаздардың орнына, мемлекеттік ақша айналымына жергілікті энергиямен, белгілі жанармай тоннасымен қамтамасыз етілген таза ақшалар жіберу қажет. Бұл «ақша белгілерін» қарызға алудың орнына, халықаралық деңгейде, тауар алмасудың тең  құқығына ие болуына  мүмкіндік береді. Тек сол жағдайда ғана біз  жасыл қағаздар үшін ұлттық байлығымызды таратуды доғарып, мемлекетіміздің үстіндегі биліктен құтыла аламыз. Тең дәрежелі тауар алмасуына өту үшін, біз кез келген  энергия көзінің  және қарапайым Қазақстан өнімдерін шет мемле­кеттерге тек қазақстандық энергетикалық теңгеге сату тәжірибесін тағайындау керек. Біз әлемдік нарыққа мөлшермен айтсам,  20% астам газ, 30% астам мұнай, 10% орман өнім­дерін  шығарамыз. Есесіне, тонаушылық пайыздан басқа, кепілденген, құнды, тұрақты төлем құралы ретінде бізде не бар. 
Сөзімізді аяқтай келе, еліміздегі 30 бен 60 жас аралығындағы аға буын жаңа дүние­таным қалыптастырып, адамзаттың жарқын болашағы үшін алдағы кез келген ғаламдық катастрофаның алдын алу міндеті тұр. Себебі, нақты осы ұрпақ, адам сенгісіз, жылына  200% үстемемен жалаңаштандырылып, ойран­далудың шегіне жеткен. Дәл осы ұрпаққа екі ақымақтық әлеуметтік таңдау мұрсаты берілген - социализм әлде капитализм. 1986 жылдан бері мемлекет уақыт заңына сай бүтін бір тарихи белесті бастан кешірді. Бұрындары оған жүздеген жылдар кететін.  Бұқаралық ақпарат құралдары бұл кезеңді қалай жеткізсе де, ол  қоғам жадында  өзінше кері ұғымда болды. 
Соңғы мыңжылдық барысында, інжілдік догманың құлдырау сәтінде қазақ халқы, терең, бір сәттік генетика талабына жауап беретін, мың өліп, мың тірілсе де жойылмаған ұлы ұлттың жадында сақтаулы ежелгі бабаларымыз берік ұстанған, жаңа дүниетаным (идеология) қалыптастыруға даяр.
Берік Кудинов, 
ЖШС «Қазақтың МШМАӨ» ғылыми-зерттеу институтының 
кіші ғылыми қызметкері

 

352 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз