• Заманхат
  • 06 Наурыз, 2014

ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МАҢЫЗЫ

Қазақстан Республикасының алдыңғы қа­тарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы түралы алға қойып отырған игі мақсаты – еліміз­дің әрбір азаматының, әрбір сала ма­ман­ының киелі міндеті де болып саналады. Мем­лекеттік тіл – қай халықтың болсын сол елді мекендейтін тұрғылықты халықтың тілдік коммуникация жасайтын құралы. Бү­гінгі ақпараттық қоғам жағдайының өрке­ниетті бағытына сай, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, терең білімді, бәсе­келестік жағ­дайда өресі биік, азаматтық-тұлға­лық бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, қазақ тілін еркін меңгерген тілдік тұлғаны тәр­биелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды.


ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғы­лымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміт­тің басты нышаны.Сондықтан еліміздің болашағы – жастарды ұлттық  негізде ұлт­жанды, адамгершілігі жоғары етіп тәр­бие­леуге  мемлекеттік тұрғыда  назар аударып, қазақ тілінің сөз мәдениетін меңгертуімізбен бай­ланысты. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру ба­ғы­ты мен көпшiлiктiң қолдануына қол жет­кiзу және оның қолданылу аясын кеңейту бағыттары бойынша елімізде мемлекеттiк тiл­дiң беделiн арттыру мен қолданылу аясын кеңейту мәселелері бірнеше жылдың көлемінде үздіксіз талқыланып келеді. 
Білім берудің инновациялық технологиялары оқытушыдан терең теориялық, психо­логиялық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, студенттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Ин­но­вациялық технологиялар оқытудың ин­те­­рактивті әдістерін ұтымды қолданумен бай­ланысты. Интерактивтілік (ағыл­шынша interact – өзара әрекет ету) өзара әрекет етуге қабі­леттілігі немесе диалогтық қатынаста болу дегенді білдіреді. Ақпаратты оқыту технологиясы тіл үйренуші мен оқытушы, тіл үйренуші мен тіл үйренуші арасындағы тілдік қарым-қатынастың интерактивті қатысым сатысында ұйымдастырылуын негіздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында айқандай: «Болашақта өрке­ниетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезе­сін тең ететін – білім». 
Білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орныға­тындықтан  студенттерге кәсібіне байланыс­ты терминдерді игерту қазақ тілін сапалы оқытудағы маңызды мәселелердің бірі.Сонымен қатар мұғалім қазіргі ақпараттық құрал­дарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту, оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Дегенмен, қазір жоғары оқу орны студенттерін  қазақ тілі сабақтарына ынта­ландыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн? Қазақ тілін  оқыту оны өз дең­гейін­де қажеттілікке айналдыру, сапасын  арттыруда, өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алатындай  деңгейге жеткізу үшін қан­дай технологияларды қолдану керек?
Ол үшін оқытушы өз пәнін терең білумен бірге ақпараттық жағынан өте сауатты, өткі­зетін сабағының түрін дұрыс таңдай білетін, шығарма­шылықпен жұмыс істейтін тұлға болуы тиіс. 
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жү­зе­ге асырады. 
Студенттер ақпарат жинаудың жаңа тәсіл­дерімен танысып дүниетанымы кеңейіп, өздік жұмысының тиімділігі артады. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны сабақта қолдану барысында оқуға деген қызығушылығы қалыптасып көзқарасы кеңейеді. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мен бір­ге білім саласында, оқу әрекетінде және шығар­машылық жұмыста жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы тұлғаның-танымдық, адамгершілік-құлықтылық, шығар­ма­­шы­лық және эстетикалық потенцияларды жүзеге асыруға тырысады. Бұл потенциалды  жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін педаго­гикалық құзыреттілікпен қамтамасыз ету қажет. 
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсіл­дер, педагогикалық технологиялар, бағдар­­ламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) болып табылады. Видеосабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Сабаққа арналған қарапайым слайдтарды тез жасауға мүмкіндік береді. Бұл өте ыңғайлы. Мұғалім сабаққа керекті суреттерді сызудан босатылады, бұл уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар экрандағы сурет, тақтадағы суретпен салыстырғанда бас­қаша болады. Бұл үлкен, тура, боялған, жа­рық. Жаңа тақырыпты мұндай суретпен түсіндірудің өзі рахат. Әр сабақтың басында тұсау кесер өткізу,  презентациялық  материалдарды  (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету  сабақты меңгерту процесін же­ңіл­детеді. Әсіресе, қазақ тілі сабағына ақпа­рат­тық технологияны енгізу сабақтың бел­сен­ділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жү­зеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндігі зор. 
Жаңа ақпараттық технологиямен сабақ берудің негізгі ерекшелігі – бұл тұлға­ға  өз бетімен немесе бірлескен түрде шығарма­шылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Осы  тұрғыда оқыту­дың жаңа технологияларын жете мең­геріп, оны студенттердің психологиялық ерек­ше­ліктеріне орай көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпа­раттық-коммуникативтік технология арқылы қазақ тілінен сабақ берудегі әдіс-тәсілдерді қалай қолданғаным  жайлы жинақтаған іс-тәжірибеммен бөліспекшімін. Сонымен, кәсіби қазақ тілі сабағындағы жүргізілген ақпараттық білім беру технологияларын педа­­го­гикалық технологиялармен кіріктіре қол­дану негізінде студенттердің ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруда қолайлы жағдай туғызатындығы айқындалып, дәлел­денді.
Лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы сөздік қорларын байыту; сөйлеу қабілетін дамыту; көріп-қабылдау қабілетін меңгерту; қате берілген дыбыстарды дұрыс қою(түзету), сөз бен сөздің байланысын, сөйлем құрату, сөйлемнің құрылысын меңгерту, синтаксистік лексикадан мәлімет беру, студенттердің ойын жазбаша дұрыс, сауатты жазуға, сөйлей білуге үйрету – сабағымдағы  табысты  оқытудың негізгі бағыттары болып табылады.  Сонымен қатар интернет желісіне қосылған компьютер арқылы сабақ өткізу, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болады. 
Оқу материалын игеруде әр студент өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен  бірге топқа бөлудің жаңа тәсілдерін пай­­­далана отырып, сабақты топтастыру әдісі  арқылы жүргізген қызықты болады. Са­­бақта бірігіп жұмыс жасау үшін топты құ­ру студенттердің танымдылық деңгейлеріне қарай емес, олардың өз қалаулары мен қызығу­шы­лықтары бойынша жинақтау жүзеге асырылды. 
Топтық жұмыста Жигсо стратегиясы бойын­ша мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Менталды картамен жұмыс істейді. Кері байланыс парағын толтырады. Әр топтың оқушылары интерактивті тақтада берілген тапсырмаларды жұппен, топпен талқылап, сәйкестендіреді. Сұрақ төңірегінде берілген суреттерге қарап, жаңа тақырыптың мазмұнын таниды. Қазақ тілі сабағында топтық ойындар кезеңін қаты­сым­дық оқытудың қарапайым деңгейін жиі қол­данып, интерактивті әдістер арқылы сту­денттерді екі немесе төрт топқа бөліп, әр топтың белгілі бір тілдік жағдаятына байланысты дискурс жүргізуге талпындыруға болады. Екі студенттің өзара сұхбатына үшін­ші немесе төртінші студент қатысып, сұх­баттың мазмұнды, қызықты әрі көңілді ұйым­дастырылуына мынандай мән беріледі:
- өзінің шеберлігін ақпараттық-компью­терлік технология бойынша дамытуға талпынуы; 
- ақпараттық және компьютерлік технология бойынша инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы;
- таңдап алған мамандығына деген сүйіспен­шіліктің қалыптасуы; 
- ақпараттық технология негізін­де білім­дік әрекет жасай алуы; - АКТ арқылы өзіндік дамуды игеруі.
Технологиялық білім беруде ақпараттық технологияны қолдану – бұл ғылыми негізде түрлендіруші іс-әрекетке дайындықты көр­се­­тетін технологиялық білім беруді қа­лып­тастырудағы үдеріске қажетті заман талабы болып табылады. Осындай интерактивті қа­ты­­сым жасау арқылы тіл үйренуші студент қазақ тілі сабағында өзінің тілдік жағдаятта қаншалықты деңгейде тілдесім жасай алатын­дығын аңғарып, өз білімін деңгейін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді.
Студенттердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық және сөз­жасам жүйесін жақсы меңгеру, морфо­логия­лық,  синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пай­далана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдалану­мен қатар тілдің қатысымдағы стильдік, эмо­циялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп қолдана алады. Бірігіп оқыту тұлғалық және топтық дағдыларды қажетсінеді. Топ­тық жұмыстың нәтижесінде: оқу үрдісін қара­пайымдыландыруға бағыттау, кәсіби емес іс-әрекеттерден арылу, студенттердің командада жұмыс істеу дағдыларын тұрақты жетілдіру, топ мүшелеріне өз табыстарын атап өтуге мүмкіндік беру орын алады. 
Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалып­тастыру үшін қолданылады. Әсіресе, қазақ тілі сабағында студенттермен Аквариум тәсілімен «Әр елдің ақшалары» жайлы өткі­зілген сабағымды айтуға болады.  Бұл сабақ технологиясының мәнісі сонда, бірнеше студент  шеңбер ішінде тақырып бойынша ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды. Топтық ойындардың негізгі ерек­шелігі, сөйлесім дағдылары қалыптасып, бел­сенділіктері арта түседі. Осындай  сабақтың материалдарын  өмірмен байланыстыра өткізу әсіресе, сұқбаттасып оқыту барасында ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.
Ақпараттық-компьютерлік технология – объектінің, үдерістің немесе құбылыстың жай-күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құрал­дарының жиынтығын пайдаланатын үдеріс болғандықтан еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, бі­лім­ді шебер маманы екенін көрсете білу.
2. Студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру. 
3.Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қа­тысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4. Студенттің кәсіби білікті, білімді ше­­бер тұлға қасиеттерін санасына құйып дү­ние­­танымын кеңейту.
Осындай міндеттерді орындаумен қазақ тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жету үшін жаңа сөздерді таныстырып, танысқан сөздерді жыбырлаған сурет арқылы көрсетіп түсіндіруде ақпараттық-коммуникациялық технологияның ат­қаратын рөлі зор. Себебі, рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді мең­геруге деген ынты­­зарлықты оята отырып, орын­даушылық қа­бі­летке де жетелейді. 

Ұлжан Тұрбекова,
Алматы технологиялық университеті
«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы, 
филология ғылымдарының  
                                           кандидаты, доцент

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлем­дегі бәсекеге барынша қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясы». (Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы). Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар  Мұғалімге арналған нұқаулық. Екінші  деңгей. WWW.cpm.kz
Абсаттаров Р.Б., Байлярова Б.К. Идейно-политическое воспитание в студенческом коллективе. – Алма-Ата: КазГУ, 1989. – 32 с.
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика,  1989 г.
Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004
Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М., 1996, 268 стр.
Нағымжанова Қ.М «Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психология-педагогикалық негіздері» Өскемен 1999.
Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.:Педагогика, 1990 г.
Мырзабаев А. Оқушылар шығармашы­лығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2013 ж.
«Қазақстан  мектебі» Ғылыми әдістемелік  журнал, 2004 ж. № 3.  7- бет.
12 жылдық көшуге арналған білімді дамыту бағдарламасы. 2011ж «Қазақстан мұғалімі» газеті.
Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учеб.пособие для студ. пед. вузов и системы повыш. квалиф. пед. кадров / под ред. Е.С. Полат. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 272 с. Қазақстан Республикасының «Ақпарат­тандыру туралы» Заңы. 2007. 11 қаңт. // Егемен Қазақстан. – 2007. – 2 ақп. – № 28, 29. 

402 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз