• Ұлттану
  • 03 Сәуір, 2014

Н. Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігін басқарады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Нұрлан Нығматулин бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып қызмет атқарды.


1962 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды.

1990-1993 жылдары — Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жылдары — «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынының президенті.

1995-1999 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі.

2004-2006 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдар аралығында — Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 жылдар аралығында — «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды.

«Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

262 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз