• Заманхат
  • 09 Сәуір, 2014

Киімді шығармашылық жобалаудың оқушы санасына әсері

Қоғамның нарықтық экономика жағдайында жас ұрпаққа этикалық, психологиялық тәрбие беру ең басты мәселелердің бірінен саналады. Өйткені ХХІ ғасырдың сындарлы мүшесі болуы үшін бәсекеге қабілеттілік қасиетіне тән бірнеше алғышарт факторлар болуы тиіс. Олар:
Білім мен білік;
Өзіне деген сенімділік;
Кез-келген жағдаятқа ерекше көз­қарас.


Ал, бұл қасиеттер бір мезетте пайда болмайды. Оларды бала кезінен қалыптастырып, тұлға бойына терең тамыр жоюына ықпал ету керек. Адам жан-дүниесі, даму психологиясы жайлы ғасырлар бойы педагогтар, философ, психологтармен зерттеп келуде. Барлығы да соңында бір ортақ пікірге келді: толыққанды, әлеу­меттік өмірге қабілеттілік, этикалық және психологиялық тәрбиені қалыптастыру шығармашылық еңбек арқылы келеді. Ал, шығармашылық еңбек өз алдына мектеп ке­зеңінен бастау алады. Шығар­машылық еңбекке баулу технология сабақтарында, оқушыларға еңбек сүйгіштікті дарытады. 
Бүгінгі таңда, 12 жылдық білім беруге өт­кендіктен технология сабағын жүргізу әдісте­месіне аса көңіл аударылды. Себебі Елбасының алға қойған талаптарына сәйкес кәсіптік білім жүйесін дамыту талабы маңызды іс болып табылады. Мұнда басты талап ретінде бейіндік оқытудың енгізілуін айта аламыз. Бейіндік оқыту міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылық, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту және кәсіптік нышандарын анықтау және қабілеттерін дамыту жатады. Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу, яғни болашақ таңдаған кәсібіне салалас базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес жүзеге асырылады.
Мектеп технология сабақтарында киімді конструкциялау, модельдеуге көңіл бөлінсе, ал, шығармашылық киімді жобалау шетте қа­лып отыр. Қоғамда «тұлға» мен «қоғам» түсініктеріне анықтама берілгендіктен, әлеу­меттік ортада тіршілік қарекеті формаларын айқындау, яғни шығармашылық іс-әрекетті табу қажеттілігі туындады. Сондықтан да, киімді жобалаудың шығармашылық әдістерін үйрету арқылы қоғамда өз орнын табуға, өзінің ішкі жан дүниесімен келісімге келуге, сенімділікке ие болуға көмектеседі.
Киімді шығармашылық жобалау кезінде оқушылар өз қиялын іске қосып, ізденіс жасауы қажет. Қиял арқылы қоршаған ортадағы барлық заттарды ерекше бұрыштан көру қабілеті дамиды, адам «көруге» үйренеді, ал қоршаған орта, табиғат сұлулығын сезіне білген адам өзі мен өзгені, әлемді сүюге, құрметтеуге, қа­дір-қасиетін бағалауға үйренеді. Жаңа заман талабына сай келетін бұйымды – ескіні білмей жатып жасау мүмкін емес, сондықтан да жобалау процесі кезінде адам көзқарастары ізденіс нәтижесінен өзгереді, көзі ашық тұлғаға айналады. 
Киімді жобалаған кезде шығармашылық объектісі болып кез келген табиғат құбылыс­тары, қоғамдағы төңкерістер, іс-әрекет объек­тілері, бізді қоршаған кез келген нәрсе болуы мүмкін. Кристиан Диор айтқандай: «Менің барлық білетінім, көріп, еститінімнің барлығы көйлекке айналады» [1].
Шығармашылық бұлағы ретінде: архитектура туындысы, инженерлі құрылыстар, тұрмыс-құрал жабдықтары, декоративті қолөнер шығармашылығы, бионика, өсімдік формалары, яғни кез келген элементтер – шабыт көзі болуы мүмкін.
Эвристика бұл – игілікті, баянды шығарма­шылық ойды зерттейтін ғылым. Эвристика әдістері ол – шығармашылық қиялдың үдеуі, күшеюі. Шығармашылық үрдіс – өте күрделі және көп сатылы. Шығармашылық қиялды дамыту, жобалаудың алға қойылған тапсырманы тревиалды емес жолдармен шешу, психологиялық тосқауылды жою – осының барлығы эвристикалық әдіс мүмкіндіктері болып табылады [2].
Шығармашылық үрдіс ақыр соңында бұл-ортақ бірлік  форма мен мазмұнды табу іс-әрекеті. Кейде жобалаудың дәстүрлі әдістерімен шығармашылыққа шешім іздеген кезде ешқандай жаңашыл, қызықты шешімдер пайда болмайды, сондықтан да жобалауда дизайнердің шығар­машылық жобалық ойын, жобалау үрдісін кү­шейтетін шығармашылық ізденісті іске қосу өте маңызды.
Осылайша киімді шығармашылық жобалау кезінде өсіп келе жатқан ұрпақтың да­муы жан-жақты өтеді. Шығармашылық жоба нәти­желілігі тек қана екі фактормен бел­гі­ленеді: оқушы қызығушылығы және әлеуметтік маңыз­дылығы. Киімді жобалау еңбектік тәрбиемен қатар оқушылардың политехникалық білімділігін жоғарлатады.
Айман Дарменова, 
Алматы технологиялық университетінің студенті

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Рачинская Е.И, Сидаренко В.И «Моделирование и художественое оформление одежды»/ Серия «Учебники и учебное пособия».- Ростов н/Д. Издательство «Феникс», 2002.Стр-546 /2 абз/
2. Рачинская Е.И, Сидаренко В.И «Моделирование и художественое оформление одежды»/ Серия «Учебники и учебное пособия».- Ростов н/Д. Издательство «Феникс», 2002.Стр-567/1 абз/

Summary: Тhe Article is sanctified to education of rising generation, students of general schools on facilities of the creative planning on the lessons of technologies that facilitate for individual to disembogue in society, and remove problems with communication. Main dignity of use of the creative planning on the lessons of technology is an openness of studying for a dialogue, communicability and independent choice of course of life. 

258 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз