• Келелі кеңес
  • 09 Сәуір, 2014

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП – ТІРЕГІМІЗ

Әр мемлекеттің даму деңгейі қоғамдық тәртіптің тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етумен айқындалатыны сөзсіз. Осы бағытта Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментімен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды. 2013 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы өңірдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті дәрежеде қамтамасыз етілгенін, бірқатар бағыттарда жақсы көрсеткіштерге, есепке алу-тіркеу тәртібін күшейту барысында, ІІО-на түсетін қылмыстар туралы арыздар мен өтініштердің толық және сапалы түрде тіркелуіне қол жеткізгенімізді көрсетеді. Соңғы жылдары азаматтардан түсетін өтініш пен хабарламалардың саны бірнеше есе өсті. Мысалы: 2011 жылы 15 мың арыз қаралған болса, 2012 жылы 21 мың 500, ал, 2013 жылы 34 мың 500-ден астам арыз қаралған. Алайда, соған қарамастан арыздар бойынша процессуальдық шешім қабылдау жұмысы жандандырылды. Бүгінгі таңда ІІО-на келіп түскен арыздардың 93 пайызы бойынша 3 тәулік ішінде процессуальдық шешім қабылданып отыр. 2013 жылдың 12 айында облыс көлемінде тіркелген қылмыстар саны 4368-ден 6380-ге немесе 46,1 пайызға өскен. Аталған қылмыстардың 88,3 пайызы немесе 5638 онша ауыр емес және ауырлығы орташа санаттағы қылмыстар. Сонымен қатар, жалпы Республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда  196 қылмыс тіркелсе, Маңғыстау облысы бойынша 10 мың тұрғынға 108 қылмыстан тіркеліп, қылмыстың төмен деңгейі бізде сақталып отырғандығын ескере кеткен жөн.
Облыс көлемінде қылмыстың өсуіне бірін­ші кезекте есепке алу-тіркеу тәртібінің күшейтіліп, азаматтардан келіп түскен арыздар мен хабарламалардың 100 пайыз тіркелуі, сонымен қатар, шұғыл-іздестіру шарасы барысында өз күшімізбен 500-ден астам латенттік қылмыстардың анықталуы әсер еткен. 2013 жылы облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Мигрант», «Іздеу», «Қару», «Учаске» сияқты т.б. 60-тан астам жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілген. Ұйымдастырылған алдын алу іс-шараларының нәтижесінде 2013 жылы аса ауыр санаттағы қылмыстардың – 25,3 пайызға (83-тен 62-ге), кісі өлтіру қылмысының 5,4 пайызға, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 16,7 пайызға, тонау 3,6 пайызға төмендеуіне қол жеткізілді. Көше қылмыстары 1,7 пайызға (1010-нан – 993-ке), бұрын сотталған тұлғалармен жасалған қылмыстар саны 26,2 пайызға (122-ден – 90-ға) және мас күйінде жасалған қылмыстар 11,1 пайызға (198-ден – 176-ға) төмендеген. Ауыр қылмыстардың ашылуы 7,7 пайызға (44,7 пайыздан 52,4 пайызға), аса ауыр қылмыстардың ашылуы 12,0 пайызға (65,9 пайыздан 77,9 пайызға) жақсарған. Сонымен қатар, келесідей қылмыстардың ашылу көрсеткіштері жақсарған: кісі өлтіру 6,4 пайызға (76,2 пайыздан 82,6 пайызға);денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 9,7 пайызға (69,0 пайыздан 87,7 пайызға); қарақшылық шабуылы 9,8 пайызға (65,2 пайыздан 75,0 пайызға);тонау 2,9 пайызға (40,6 пайыздан 43,5 пайызға);алаяқтық 12,9 пайызға (18,1 пайыздан 31,0 пайызға). Жалпы 2013 жылы 2659 қылмыс ашылған, оның ішінде 390 ауыр,  60 аса ауыр қылмыстар.


Сонымен қатар, ІІД-нің тергеу және анықтау бөліністерімен сотқа 2007 (2012ж. – 1418)қылмыстық іс жолданған. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 589 қылмыстық іске немесе  41,5 пайызға көп. 
2013 жылдың 12 айында 998 жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіліп, (2012ж. – 718), нәтижесінде 899 бұрын жасалған қылмыстар және 99 «өткен жылдардан» қалған қылмыстар ашылған. Оның ішінде 3 қасақана кісі өлтіру қылмысы. Іздеуде жүрген 63 қылмыскер ұсталған (2012ж. – 81) және 47 (2012ж. – 37) із-түзсіз жоғалған тұлғалардың жүрген жері анықталған. Қабылданған алдын алу іс-шараларына қарамастан, облыс бойынша пәтерден болған ұрлық қылмыстарының саны 51,9 пайызға немесе 309 дерекке(595-тен 904-ке) өскен. Алайда, оның ашылу көр­сеткіші өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға(47,1 пайыздан 57,9 пайызға) жоғарлаған.
2013 жылы есірткіге қатысты 336 құқық бұзушылық дерегі анықталған. 83 қылмыстық іс қозғалған (2012ж – 94), оның ішінде 63 есірткі сату дерегі бойынша, 19 сақтау және 1 құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым са­лынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша.
Жыл қорытындысымен заңсыз айналымнан тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 116,2 пайызға (206-дан 445 келіге)өскен, оның ішінде: героин137,5 пайызға(74,2 гр. 176,2 гр.) және марихуана115,1 пайызға(206кг. 021гр. 443 кг. 240 гр.)өскен.
Қайрат Дәлбеков,
Маңғыстау облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі

440 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз