• Ұлттану
  • 15 Сәуір, 2014

«Қазақстан-2050» Стратегиясының интерактивті терминологиялық анықтамалығының таныстырылымы өтті

Бүгін «Қазконтент» АҚ-да «Қазақстан-2050» Стратегиясының интерактивті терминологиялық анықтамалығының тұсауы кесілді.

Анықтамалық Strategy2050.kz сайтына орналастырылған. Онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы әртүрлі ғылыми терминдерге толық түсініктемелер беріледі. Анықтамада 90-нан астам сөз қамтылған. Олар бес бөлікке бөлінеді: «Жүйелік ұғым», «Экономика», «Әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару», «Дін, тарих, заман», «Геосаясат және қауіпсіздік».

«Бұл анықтамалық «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған мәселелерді толық түсіну үшін біздің жастарымызға: мектеп оқушыларына, университет студенттеріне, сондай-ақ қарапайым халыққа қажет. Сондықтан бұл құжат өте уақтылы жарық көрді деп айта аламыз. Сол себепті «Қазақстан-2050» стратегиясының орындалуына осы құжат елеулі үлесін қосады», - деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов.

Айта кетейік, Жолдау мәтінінде Елбасы ойлап тауып, қолданысқа енгізген бірқатар жаңа саяси терминдер кездеседі. Мәселен, мұндай топтарға «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «жаңа қазақстандық патриотизм», «экономикалық прагматизм», «жалпықазақстандық бірегейлік» сияқты тіркестер жатқызылады.

ҚазАқпарат

249 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз