• Ұлттану
  • 15 Сәуір, 2014

Жас қаламгерлердің республикалық байқауы өтті

Табиғаты әсем, санаңды сергiтер сарғалдағы, бұдан өзге де саналуан гүлдердiң Отаны Түлкiбас өңірінде үшінші жыл қатарымен өткізіліп келе жатқан «Шырайлым -Шұбайқызылым» жас қаламгерлер республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Жас жазба ақындар байқауына республикадан 15 үмiткер қатысты.

Жиын Т.Рысқұлов ауылындағы М.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында жалғасын тауып, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма бастығының орынбасары Жанарбек Әшімжан, ақын, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегері Мархабат Байғұт, ОҚО жазушылар одағы филиалы басқармасының басшысы Әбілда Аймақ, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ө.Маткеримов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жиынға аудан тұрғындары қатысты. Республикалық «Шырайлым - Шұбайқызылым!» атты жас қаламгерлер байқауына жабық түрде өткен байқау қазылар алқасының шешімі бойынша Отырар ауданынан келген Жансая Құттыбекова І орын, Қытай халық республикасынан келген Бақбер Алтайұлы мен Түркістан қаласынан Сәрсенхан Батырхан ІІ орын, ІІІ орынды Шымкент қаласынан келген Дәурен Айманбетов, Алматы қаласынан келген Әріби Дауыл және Оңтүстік Қазақстан облысынан Әлімжан Әлішер иеленді. Жеңімпаз болған жас жазба ақындарымыз жүлделі арнайы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысушылар қызғалдық мекені саналатын Шұбайқызылым шоқысана барып, табиғаттың әсем көркін тамашалады.

Түлкібас аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі

490 рет

көрсетілді

92

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз