• Ұлттану
  • 09 Тамыз, 2014

Бүгін Астанада хоккейден Президент Кубогы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Қазақстан» спорт сарайында бүгін хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» V халықаралық турнирі өтеді. Турнир аясында «Барыс» пен «Авангард»(Омбы) және «Нефтехимик» (Нижнекамск) пен «Металлург» (Новокузнецк) командалары мұз айдынында сынасады, деп хабарлады astana.kz.

Бүгін бірінші кезең матчтары, ал 10 -11 тамызда ойын екінші және үшінші кезең бойнша өтеді. Тамыздың 12-сі - турнир жеңімпаздары анықталатын шешуші күн.

Хоккейден Қазақстан Республикасы Президенті кубогы жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін отандық «Барыс» командасы үш мәрте жеңімпаз атанған.

Осы күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда футболдан ҚР Чемпионаты аясында алғашқы лигада «Астана - 1964» пен «Каспий» ерлер командалары жарысқа түседі.

242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз